« Жыл мезгілдеріне саяхат »

Білім беру саласы:  « Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: « Жаратылыстану»

Тақырыбы: « Жыл мезгілдеріне саяхат »

Мақсаты: Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат бейнеленген сурет, жыл мезгілдері мен ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер, ақ қағаз, қайшы, желім, түрлі — түсті қағаз, майлық.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пән аралық байланыс
Сөздік жұмысы: Времена года, зима, весна, лето, осень, сезонные изменения

Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

I Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар баяу музыка әуенімен залға кіріп, шеңберге тұрады.

 

Шаттық шеңбері.

Арайланып ата берсін таңымыз.

Бәріміздің жана берсін бағымыз.

Шаттық сыйлап бірімізге біріміз.

Қуанышты өтсін бүгінгі біздің күніміз!

 

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы, бір жылда неше мезгіл бар?

Неше ай бар?

Ендеше, мезгіл айларға арналған тақпақтарымызды айтайықшы.

 

           Көктем:

Көп оқыған, көп көрген

Күнін мәнді өткерген,

Басталады жыл басы

Нұр сипатты көктемнен

 

Наурыз келді. Жыл кірді,

Күй шалқыды, күмбірлі.

Келер біздің жаңа жыл,

Кім білмеді кім білді?

 

Сәуір келді. Көк шықты.

Жердің тоңы көпсіпті

Ботақандар тайраңдап,

Қошақандар оттықты.

 

Мамыр келді. Майдай нұр.

Жайнайды қыз, жайнайды ұл,

Қаптап кетті бақшада

Күндей гүл мен айдай гүл

 

                  Жаз

Көктемнен соң жаз келер,

Жер құлпырып, сәнденер

Қыс қысымын көргендер,

Есін жиып әлденер.

 

Маусым келді. Мап- маңғаз.

Жан –жануар болған мәз.

Жасыл әлем, көк аспан,

Осы екен ғой арман жаз!

 

Шілде келді, шіліңгір.

Аспан болмас бұлыңғыр,

Шөлдеді ғой шөптер де,

Күн жаусайшы бүгін бір!

 

Тамыз келді таң нұрлы

Жер қайтадан жаңғырды

Бір күні бар шуақты

Бір күні бар жаңбырлы

 

           Күз

Жаздан кейін күз келер,

Күз қадірін білген ел.

Жазғы жасыл жапырақ

Қызыл, сары түрге енер.

 

Қыркүйек пе? Ғажап бұл.

Балапанды санап тұр.

Бара жатқан бақшаға

Бізге мәз боп қарап тұр.

 

Қазан келді. Қара жел.

Қара желім, соға бер

Қазан- қазан толған кез,

Еліме құт бола көр!

 

Қараша ма? Қараша.

Тамаша емес ол аса

Жаурап, тоңып талшыбық,

Жылар жетім балаша.

 

            Қыс

Күзден кейін қыс келер.

Қызыл аяз тістенер.

Сурет салар қыраумен.

Жасай алмас еш шебер

 

Келген мынау- Желтоқсан.

Қар бораған, жел соққан,

Жылым бітіп қалыпты-ау

Он екі рет толғатқан!

 

Қаңтар келді. Қар қалың.

Әппақ әлем бар маңым.

Күн суытып кетсе де

Мен бақшадан қалмадым.

 

Ақпан келді. Ақ боран.

Ақ боранға шат болам

«Тоңбаймын, -деп –аязда!»

-Достарыма мақтанам.

 

Тәрбиеші: балалар, сендер білесіңдер ме, әр жыл мезгілінің өзіне сәйкес түсі бар. Ақ- қыс мезгілі. Жасыл- көктем мезгілі. Қызыл –жаз мезгілі. Сары- күз мезгілі. Осы түстерге байланысты мына қораптың ішіндегі жыл мезгілдеріне байланысты фишкаларды алып, үстелдерге жайғасыңдар.

 

 

 

 

 

Балалар шаттық шеңберін қимылмен көрсетті.

 

 

 

Бір жылда 4 мезгіл бар.

 

12 ай бар.

 

 

 

Амина

 

 

 

 

 

Назик

 

 

 

 

Аймерім

 

 

 

 

Сабира

 

 

 

 

 

Нұрсила

 

 

 

 

Ө.Амина

 

 

 

 

Диана

 

 

 

 

Даяна

 

 

 

 

 

Айсұлу

 

 

 

 

Мирас

 

 

 

 

Ерасыл

 

 

 

 

Мұхаметжан

 

 

 

 

Диас

 

 

 

 

 

Алихан

 

 

 

 

Уалихан

 

 

 

 

Нұржан

Ұйымдастырушылық -ізденістік Ғажайып сәт. (төбеден конверттер салынған қорап түседі)

-Балалар қараңдаршы, мынау не? Бұны кім жіберді екен? Ішін ашып көрейік. Бұл қорап бізге «жыл атайдан» келіпті.

 

Ішінде әртүрлі конвертке салынған, сендерге арналған сұрақтары және тосынсыйы бар екен. Ол қандай тосынсый екенін білу үшін сендер сұрақтарға жауап берулерің керек. Бірінші қай конверттен бастайтынымызды жұмбақ арқылы шешейік:

 

Шанамен зырлап келетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

 

(Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады.)

 

Ендеше ақ үстелге арналған сұрақтар:

 

Қазір бізде қандай жыл мезгілі?

 

Қыс мезгілінде неше ай бар?

 

 

 

Қысқы ойын түрлерін атап беріңдерші.

 

 

 

Қыста қандай мерекелер бар?

 

 

Қыс туралы өлең:

О, алақай, қыс келді,

Ауылыма, қалаға.

Бір кіршіксіз түске енді,

Тау да, орман да, дала да.

Қандай әсем, дала аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

Мұз үстінде заулаймыз,

Қуаныштан қанат сап.

 

— Жақсы, енді келесі жұмбақты тыңдаңдар.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады)

Көктем мезгілінде неше ай бар?

 

 

 

Көктемгі еңбек түрлерін атап беріңдерші.

 

 

 

 

Көктем мезгілінде алғашқы жер бетіне шығатын қандай гүл?

 

 

Көктемде қандай мерекелер бар?

 

Көктем туралы өлең:

Қар су болып жөнеледі,

Қалды дала жалаңаш.

Күн нұрына кенелді

Бүршік атып бар ағаш.

Келіп көктем құстары

Бау- бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

— Енді келесі жұмбақты тыңдаймыз.

Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады)

 

Жаз мезгілінде неше ай бар?

 

 

Жазғы еңбек түрлерін атап беріңдерші.

 

 

 

Өрік пен құлпынай қай мезгілде піседі?

 

Жазда қандай мерекелер бар?

 

 

Жаз туралы өлең:

Жадырап жаз келді,

Қаңқылдап қаз келді.

Сән кірді гүлдермен

Далама түрленген.

Қанатын қаз жайған,

Мезгілден мол үміт.

Балалар мәз-мейрам,

Өзенге шомылып.

 

Ал енді соңғы жұмбағымыз:

Жиып — теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады)

Күз мезгілінде неше ай бар?

 

 

 

Күзгі еңбек түрлерін атап беріңдерші.

 

 

 

 

Күз мезгілі неше кезеңге бөлінеді?

 

 

 

 

Күзде қандай мерекелер бар?

 

 

 

Күз туралы өлең:

Құстар қайтты ән салып,

Сап-сары ала күз келді.

Тұр, мінеки, қарсы алып,

Бақшамыз біздерді.

Солғын тартты гүл өңі,

Жердің жасыл кілемі.

Сары түске боялды,

Табиғаттың реңі.

 

Жарайсыңдар балалар! Өте тамаша! сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Енді Жыл атайдың тосынсыйын қабыл алыңдар. Бұл Жыл атайдың «төрт баласы»- атты ертегі, мұқият тыңдайық.

 

Ертегіден кейін балаларға сұрақ қою:

 

Ертегі не жайында айтылған?

Жыл атайдың қанша баласы бар екен?

Ертегіде қандай мезгілдер туралы айтылған?

 

Балалар, осы ертегіде айтылған әр жыл мезгіліне байланысты болатын өзгерістерді маусымдық өзгерістер- деп атаймыз.

Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалы зор. Көктемде жан- жануарлар мен өсімдіктер тіріліп, тіршілік басталады.

Жануарлардың кейбір түрі жаз, күз мезгілдерінде азықтарын жинап, қыста қысқы ұйқыға кетеді. Адамдар да әр маусымдық өзгерістерге байланысты киім киеді. Көктемде жерді жыртып, дәнді- дақылдар мен көкөністерді, жемістерді отырғызып, жазда күтіп- баптап, күзде жинап алады.

 

Д/ойын: «жыл мезгілдеріне саяхат»

 

Шарты: Тақтаға төрт мезгілдің суреті ілінеді, балалар сиқырлы дүрбі арқылы өздеріне ұнаған мезгілді таңдап, ерекшеліктерін айтып береді.

 

Сергіту сәті.

Көктем келді қуатты,

Қар еріді, су ақты.

Құстар келді ән салып,

Тыңдаймыз біз тамсанып.

Көрікті ғой жаз деген,

Шөптер өсіп тұрады.

Көлбеңдеген көбелек

Гүлге барып қонады.

Сары алтындай айнала

Күзім қандай тамаша!

Дала жаңбыр болса да,

Біз ойнаймыз шаттана!

Айналамыз аппақ қар.

Аппақ қарда балалар.

Ойнайды олар алыса,

Бір- бірімен жарыса.

 

Д/ойын: «Ішіне, сыртына».

Шарты:(тақтадағы берілген шеңбердің ішіне жыл мезгіліне байланысты суреттерді, ал сыртына қатысы жоқ суреттерді қыстырады).

 

Балалар, біз бүгін жыл мезгілдері, олардың ерекшеліктері туралы әңгімеледік, енді осы әр мезгілдің қайталанбас ерекшеліктерін қағаз бетіне түсірейік.

Аппликация (әр үстел жыл мезгілдеріне байланысты аппликациялайды, ақ үстел- қыс мезгілін, жасыл үстел- көктем мезгілін, қызыл үстел- жаз мезгілін, сары үстел- күз мезгілін бейнелейді)

Балалардың жұмыстарын тақтаға іліп, көрме ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілі.

 

Қыс мезгілінде үш ай бар. Олар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

 

Қысқы ойын түрлері: қармен атысу, коньки тебу, шаңғы тебу, аққала жасау, шанамен сырғанау.

Қысқы мерекелер: 1-желтоқсан- Тұңғыш Президент күні.

16- желтоқсан- тәуелсіздік күні.

1-қаңтар- жаңа жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктем мезгілі

 

 

 

Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр.

 

Көктемгі еңбек түрлері: жер жырту, егін егу, ағаш отырғызу, ағаштарды ақтау, гүл отырғызу.

 

Көктемде алғаш жер бетіне шығатын бәйшешек гүлі

 

Көктемгі мерекелер: 8-наурыз- аналар мерекесі.

22- наурыз- Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі. 12-сәуір –ғарышкерлер күні.

1-мамыр- бірлік ынтымақ күні.

7-мамыр –ұландар күні.

9- мамыр- жеңіс күні.

 

 

 

 

Жаз мезгілі.

 

 

 

 

 

 

Жаз мезгілінде үш ай бар: маусым, шілде, тамыз.

Жазғы еңбек түрлері: гүлге су құю, түптерін қопсыту.

 

Өрік пен құлпынай жаз мезгілінде піседі.

 

1-маусым- балалар қорғау күні.

6-шілде- Астана күні.

30-тамыз- конституция күні.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күз мезгілі

 

 

 

 

 

Күз мезгілінде үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша.

 

Күзгі еңбек түрлері: жеміс жинау, жапырақтар сыпыру, егін ору.

 

Күз мезгілі үш кезеңге бөлінеді: қыркүйек- алтын күз; қазан- жомарт күз; қараша- қоңыр күз.

 

Күзгі мерекелер:

1-қыркүйек-білім күні.

1-қазан-қарттар күні.

5-қазан-мұғалімдер күні.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төрт баласы бар.

Ертегіде қыс, көктем, жаз, күз мезгілдері туралы айтылған

 

 

 

 

Балалар маусымдық өзгерістерге байланысты түсініктерді мұқият тыңдады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өздері таңдаған мезгілдерін суреттеп бере алды.

 

 

 

 

Балалар сөзіне байланысты қимылдар жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын шартын түсініп, қызықты ойнай білді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік Балаларды шеңберге тұрғызып мадақтау.  

 

 

 

Күтілетін  нәтиже:

Нені білу керек: Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді.

Нені игереді: Жыл мезгілдерін ажырата білуге.

Нені біледі: Жыл мезгілдеріне байланысты еңбек түрлерін, мерекелерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тірі және өлі табиғат» ойыны.
— Балалар, сендер жыл мезгілдерін таптыңдар, енді «Тірі және өлі табиғат» деген ойын ойнап жіберейік. Бұл ойында мен тір табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
— Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
— Тау.(Аяқпен топылдату)
— Ағаш. (Қол шапалақтау)
— Күн. (Аяқпен топылдату)
— Қоян. (Қол шапалақтау)
— Су. (Аяқпен топылдату)
— Ал енді балалар біз екі топқа бөлініп өзімізге ұнайтын жыл мезгілдеріне байланысты 1 топ жапсырамыз, ал 2 — ші топ сурет саламыз.
— Балалар мына жерде алдын ала боялған қағаздар бар, қыс және көктем мезгіліне көкшіл қағаз, күз мезгіліне сарғыш қағаз, ал жаз мезгіліне жасылдау қағазды таңдаймыз.
Музыка ақырындап ойнап тұрады.(Балалардың жұмыстары)
(Балалардың салған және жапсырған суреттерін тақтаға ілу)
Дидактикалық ойын «Жыл мезгілінің бөлігін тап»
Балалар шашылып жатқан бөліктерін құрау арқылы 4 жыл мезгілін
шығарады. Кім қандай жыл мезгілін құрағанын айтып береді.
— Балалар тақтада сендердің салған, жапсырған суреттеріңді ліп қойдық.
— Қане қай сурет ең әдемі шыққан, өздерің айтыңдаршы. Балаларға талдату.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *