Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Нөсерлеу сөз табы

  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)

  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді

  • «Құстарға қыста қамқор бол»

  • Бала өміріндегі ең басты әрекет

  • «Жарқын елдің шамшырағы”

  • Дала жануары

  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”

  • тьт ьб б

  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек

  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа

  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар

  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»

  • Вариатив көңілді бояулар

  • Көркем әдебиет “Біздің балабақшада»”

  • Циклограмма Жаңартылған білім мазмұны бойынша

  • Рза Қунақова “Жемістер жыры”

  • Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар

Балабақша
Home›Балабақша›Достық неден басталады?

Достық неден басталады?

By admin
11 августа, 2020
700
0
Share:

Білім беру саласы: “Әлеуметтік орта”
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Өзін – өзі тану.

Тақырыбы: “Достық неден басталады?”
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым – қатынасқа үйрету.
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу..
Әдіс – тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ – жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым!
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Балалар: Сәлеметсіз бе.
Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын.
Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.

Әңгімелесу
Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін – өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады.
Балалар: Бұл суреттен бір – біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз.
Біз осы «Өзін – өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір – бірімізбен достасуды үйренеміз.

Тәрбиеші: Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір – бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір – бірімізбен доспыз.

Әңгімелеу
В. Осееваның «Үш жолдас» әңгімесі.

Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: Үшінші бала нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма қолымдағы асымды берер едім. Бөліп беремін.

Ойын: «Менің досым»
Тәрбиеші: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.

Дәптермен жұмыс:
Тәрбиеші: Балалар барлығымыздың достарымыз бар. Олар сүйкімді, мейірімді, қайырымды.. Өз достарыңды естеріңе түсіріп, суретін салып көреміз. Содан кейін суретке қарап, достарың жайлы әңгімелеп береміз.

Сергіту сәті
(Қимыл – қозғалыспен көрсету.)
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір.
Бұрыламыз оңға бір
Біз мейірімді баламыз.
Біздер тату боламыз
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.

Ғажайып сөздер:
Тәрбиеші: Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Достар тату, мейірімді болады.
Достар бір-біріне көмектеседі.

Қорытындылау:
Тәрбиеші: Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымыз үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір – біріне көмектеседі. Достарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір – бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.
Тәрбиеші; Балалар достар қандай болу керек?
Балалар: Адал, тату, мейірімді, қамқор.
Балабақшада бір – бірімізбен доспыз. Ренжітпейміз. Бірге ойнаймыз.

Previous Article

Ұстаз ұлағаты – әлеумет әлеуеті

Next Article

Жылдық жоспар

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Бірлігіміз жарасқан

    7 сентября, 2017
    By admin
  • БалабақшаТехнологиялық карта

    Бақыт гүлін терген күн!

    22 июня, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі – көктем

    25 июня, 2019
    By admin
  • Балабақша

    1 ден 5 ке дейінгі сандарды тура және кері санау

    10 августа, 2017
    By admin
  • БалабақшаБалабақша әдістемесі

    Сквозные темы

    6 сентября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Тіл – ел тірегі

    17 июля, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Қазақ әдебиеті

    эсселер жинагы

  • Ашық сабақтар

    Сиқырлы әуендер

  • Балабақша

    “Менің үйім” ересек топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Біздің Инстаграм каналымызға тіркеліңіз

Жаңа жарияланымдар

  • Нөсерлеу сөз табы
  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)
  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді
  • «Құстарға қыста қамқор бол»
  • Бала өміріндегі ең басты әрекет
  • «Жарқын елдің шамшырағы”
  • Дала жануары
  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”
  • тьт ьб б
  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым
  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек
  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа
  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар
  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»
  • Вариатив көңілді бояулар

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика