Ұстаз — ұлағатты есім!

Ұстаз ұлағатты есім!                                                                                                                             Ұстаз болу-жүректің батырлығы,                                                                                               Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы.                                                                                                         Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,                                                                                                                                                         Ұстаз болу-адамның асылдығы.

Адам бір жылын ойласа –дән себеді,бар ғұмырын ойласа-ағаш отырғызады,ал ғасырлық болашағын ойласа-ұрпақ тәрбиелейді.Иә, расымен ақылдың кені болған бабалар сөзі тегін айтылмаған болса керек.                                                                                Өзімнің отбасымда атам,әжем,әпкелерім,жеңгелерім бәрі ұстаздар болып еңбек еткен.«Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті,қадірлі болған әсіресе мен үшін.Бала кезімде ес білгеннен ойындарымның бәрі ұстаздықпен байланысты болатын. Өзімнен  кіші бауырларымды  және көршілердің балаларын жинап алып, оларға сабақ өтетінмін.Қолыма борды ұстап алып,көзіме тақтаға ұқсас заттар болса соған жазып бар баланы  үйрететінмін.Себебі,ол кездегі біздің сәби көңіліміз үшін мұғалімнен артық мамандық болмайтын.Менің ойымша,кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды.Себебі,ұстаздық ол тағылымы терең өнер.Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді.Шын ұстаз-ұстаз болуды балалық шағынан армандайды.Сондықтан балғын балалық менің арманым ұстаз болу.                                Көшеде мұғалім келе жатса ешқашан жолын кесіп өткен емеспін.Кейін өзім мектепке барған кезімнен бастап, ұстаздарға жақын болдым.Мектепте сыныбымда староста болып,сабақты жақсы оқып,оқу озаты болдым.                        Мектептегі барлық іс-шараларға қатысып жүрдім.Ән айтып, өлең жолдарын оқып,кейіпкерлердің рөльдерін сомдап өте зерек бала болдым.Ең алғашқы емтиханды сегізінші сыныпта тапсырдым.Өзімнің ауылдағы ең алғашқы ұстазым өте байсалды,сабырлы, ең керемет ер адам болатын.Ең алғашқы ұстаз бейнесі-оң-солын танып үлгермеген баланың алдағы бүкіл өміріндегі ой дәрежесіне әсер ететін ерекше бейне ғой.Сол парасатты ұстазымның бейнесі осы күнге дейін есімде сақталып қалды. Гүл өсіруші бағбан секілді бар білген ғибратын жас бүлдіршіндердің санасына сіңіру үшін өзінің бойындағы энергиясын жұмсайды.Әр отбасының «алтын қазынасы» боп жүрген балалардың бойындағы рухани байлықтың бағасын арттырады.                                                                                                                     «Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен  ұға білу болып табылады.Бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты,шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу»деп орыстың ұлы педагогы                  К.Д, Ушинский айтқандай,қаншама қаршадай баланың жан дүниесін танып білу,оның бойынан ерекшілікті көру бұл әркімнің қолынан келмейді деп ойлаймын.Мен өзімді өте бақытты адаммын деп санаймын, өйткені, менің бала кезімдегі арманым  орындалды.Менің  қазіргі  мамандығым-мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі.Өз мамандығым өзіме қатты ұнайды.Өйткені өте қызықты мамандық,сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді ал мен болсам олардың өмірімен бірге өмір сүремін,табыстарына қоса бала сияқты қуанамын.Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын.Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері ,тәуелсіз татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін құстың қанатындай су болса да көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді.Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтім мен үшін  қызықты.Бала- ел байлығы,қоғам бақыты.Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын,сол үшін өзім аянбай 20-жылдан аса еңбек етіп келемін.Еңбегімнің жемісінде көріп жатырмын.Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына,судың тұнығына,жаңбырдың мөлдір тамшысына,айдың нұрына,желдің самал лебіне,жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін,шын ниетім,жетер жетістігімде осы балалардың,тап-таза періштелердің арқасы.Баламен арамыздағы сыйластық сезімді қалыпты ұстанамын және осы  жаһандану дәуірінде,жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы-тәрбиеші болғаныма мақтанамын.Әрбір оқу қызметіне үлкен жауапкершілікпен,дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.                                                 Ал балалармен сырласу,мерекелік шаралар ұйымдастыру,табиғат аясында саяхатқа шығу,көңілді кезеңдерін бірге бөлісу,бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар.Осы 20- жылдың ішінде  қаншама түлектерді мектепке дайындап, шығарып салдым.Сол алғашқы түлектерім қазір жоғары оқу орындарында оқып жатыр,кездескенде кейде танымай қаламын.Бірақ балаларым мені көшеде көріп қалса ,көлікте болсада терезесінің шынысын ашып Гульмира Муслимовна деп айқайлап тұрып амандасқанда менің төбем көкке жетеді бұл деген шын бақыт деп ойлаймын.                                                                                                      Мен үшін күнделікті балабақшадағы балалардың алаңсыз күміс күлкілерін, шаттыққа толы көңіл күйлерін көріп,балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір мәртебе деп білемін.Мен өзім осы тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтамын және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді.Соңғы сөзімді өзімнің өлең жолдарыммен қорытындылап аяқтаймын.

 

Ұстаз болу бала күнгі арманым,                                                                                                Биіктерге құстай самғап барамын.                                                                                  Шәкірттерім балапан ғой кішкентай,                                                                                        Дән сеуіп мен өсіремін шаршамай.                                                                                        Ізденемін,үйретемін әрқашан,                                                                                           Қанаттары қатайғанша құламай.                                                                    Періштелер бұл балапан балғын шақ,                                                                         Жақсы көрсең жылу шашар шуақтап.                                                                                  Жан жылуын көріп өскен балапан,                                                                                Көк аспанда ұшып жүрер қалықтап.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.