Тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға үйрету; Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру.
Білімділік: Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде көмек беруге, бір-біріне қамқор болуға үйрету.
Дамытушылық: Ертегі мазмұны бойынша ертегіні сахналай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ – жауап, триз элементері,ойын,әңгімелеу,сергіту сәті, сахналау.
Оқу іс – әрекетінің көрнекілігі: Қарлығаш, дәуіт, көкек, қарға, жыланның суреттері.бет перделер
Қажетті құрал жабдықтар:тақта,аудио видео ,мультимедиа,қиылған ертегі суреттері.
Билингвальды компонент: Қарлығаш- ласточка,Қарға- ворона,Көкек-
кукушка,Жылан- змея,дәуіт-богомол .
I.Кіріспе
Жылулық шеңбері
Армысың көк аспан
Армысың асыл жер
Армысың алтын күн
Армысыңдар достарым
Тосын сый. Есік қағылады.
Ішке ертегілер елінен келген Тазша бала кіреді. Балалармен сәлемдеседі.Тазша бала өзімен бірге жұмбақ, ертегі ала келгенін айтады.
Тазша баланың жұмбағы:
Қонып алып жарға, қарқылдайды… (қарға)
Өзі жасыл, әрі батыр, ол не? (дәуіт)
Өзі қара, бауыры ақ, ол не? (қарлығаш)
II.Негізгі бөлім
Балалар қай құстың шырылдаған дауысы? ( Қарлығаш)
«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі
Ал балалар осы ертегі желісін Бейне-ролик арқылы көріп алайық.
Ой бәрекелді ертегіні көріп алдық енді бұл ертегіні көргенде қандай әсер алдыңдар?
1.Осы ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
- Ертегі кейіпкерлерінің дауысын салайық?
3.Ал біз ертегімен таныстық, енді осы ертегіні сахыналайықшы? Кім қандай кейіпкер болғысы келеді?
1.Топтастыру сурет бойынша
Қарлығаш – адамға дос, баласын жақсы көреді, бауырмал, досына мейірімді.
Дәуіт –адал дос, батыр адал ерлік көрсетті.
Жылан– улы болады, бауырмен жорғалайды, өрмелейді, уынан дәрі жасайды, жылан жыл аты.
Көкек – ай аты.
Шығармашылық: «Қарлығашты құрастыр»
Шарты:Балаларға қарлығаштың бөліктері беріледі.Балалар бөліктерден қарлығаштың бейнесін құрастыру керек.
Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,
ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,
Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.
(Қимылмен көрсетеді).
Автор-Рысты:Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен..
Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.
Қарлығаш-Айсұлтан.Т: «Көкек, маған көмек берегөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.
Көкек- Ислам:— Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.
Автор:Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.
Қарлығаш:Айсұлтан – Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып.
— Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:
Қарға-Санжар: Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.
Автор:Рысты Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді.
Қарлығаш дәуітті көріп .
Қарлығаш:Айсұлтан Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.
Дәуіт-Алмат:–Олай болса, мені тезірек жеткіз,-дейді дәуіт.
Автор:Рысты Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді.
Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.
Жылан-Али
Балапандар— Шернияз,Ақтолқын,Мунира,Ақниет
Ойын: «Кім шапшаң»
Қарлығаш бейнесіне қағаз бөліктерін жапсыру арқылы әсемдеу.
III.Рефлексия«Достық үйі»
Шарты: балалар берілген қағаз киындыларынан достық үйін құрауы қажет
бүгінгі сабақтан алған әсерін анықтау мақтау, мадақтау.
Ал,балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Кездескенше күн жақсы,
Сау,саламат болайық.