Менің отбасым және достарым

Сынып: 1 «А»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Мұғалім: Имашева Анар Ануарбековна
Сабақтың тақырыбы Нәтиже сабақ. Менің отбасым және достарым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Отбасы-семья дос-друг
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты бүгін тобымыздың қабырғалары мықты болып, бір- бірімізді сыйлап, тобымыздың шаңырағы биік болсын дегім келеді. Біз үлкен отбасын құрдық. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар?
Менің отбасым және достарым екен. Ал сабағымыздың мақсаты: Отбасы мүшелері мен достарымызды сыйлауды және сыпайы, әдепті сөздермен танысамыз.
Отбасы-семья- family дос-друг- friend

Шаттық шебері

Сабақтың ортасы

Барлығымыздың отбасымыз, достарымыз бар. Отбасы туралы қандай тақпақ пен мақал- мәтелдер білеміз?
Қазір жұппен жұмыс жасап өз отбасыларың туралы бір бірлеріңе айтыңдар. Сосын көршілеріңнің отбасы туралы айтып бересіңдер. Сіздерге 2 минут уақыт.
Ал енді назарымызды оқулықтарға аударайық.
№1 Өлеңді мәнерлеп оқы.
Атам менің әрқашан,
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам менің әрқашан
Мейірімді бол деген.
Ақыл сөзді санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
 Рақмет,ризамын,мархабат деген сөздер неге әдепті сөздер деп аталады?
 Бұларды қай кезде қолданамын?
 Тағы қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
Бармақтар отбасы әні .
Сонымен отбасымызда кімдер бар еекен? Әке, ана, аға, іні, қарындас, сіңілі.

Электронды оқулықпен жұмыс жасату.
Ал біздің достарымыз өте көп екен. Жақын дастарымыз да бар. Біз олармен сырларымызды бөлісеміз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Дәптермен жұмыс.

Қызықты тапсырма

Диалог құрғызу. Сыныптасыңнан кітабын, қаламын беруін сыпайы сөздердің көмегімен сұра.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі тапсырманы жазғызып, оқыту.

Қосымша суретті боя.

Сабағымыздың сщңында сүйікті отбасымызға тілек тілеу арқылы киіз үйді құрастырып жіберейік

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия

Кеменің суреттері
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. Желкенді қайықтың ішіне смайликтің суретін салып, көңіл- күйлерін білдіреді. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.