Берекелі,Алтын күз!

Қалсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

«Алтын күз» бізге нұр төгіп.

Сәлеметсіздерма,қадірлі қонақтар! Біздің «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келіңіздер!

Ал,балалар «Күз» әнін бірге айтайық

Орманға барамыз,

Табиғатқа қараймыз.

Бар әлем әдемі,

Түрлі- түсті әлемі.

Ағаштары әсем-ай,

Күз келді ,алақай!

Сонымен балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: «Күз»

Күзде қандай жемістер піседі?

Алма,алмұрт,алша

Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі.Күн суытады,аспанды бұлт  торлайды,жаңбыр жауады.

Ал енді балалар «Жапырақтар» әнін бірге айтайық

Жапырақтар сарғайып,

Жерге топ ,топ түседі.

Ля-ля-ля  ля-ля-ля

Жерге топ,топ түседі.

Ағаш толы жемістер,

Алма,алмұрт,алшалар.

Ля-ля-ля  ля-ля-ля,

Күз мезгілі тамаша.

 

Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің  желбіреп.

Ал балалар қонақтарға «Тамшылар» биін билеп берейік.

«Тамшылар » әні қосылады.

Балалар «Атын күздің» сендерге әкелген сыйлығы бар екен(алма).Балаларға таратылады.

Ал қонақтар, балалар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі алтын күз » атты ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі кездескенше  қош сауболыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *