Математика ашық сабақ 1 сынып Сабақтың тақырыбы: Жазық фигуралар
Сабақтың тақырыбы: Жазық фигуралар | Ортақ тақырып: Менің мектебім тақырыптар аясында Бөлім: Геометриялық фигуралар Бөлімше: Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі | |||
Күні: | Мұғалім: Бекбосынова Салтанат | |||
Сынып: 1 | Қатысқан: | Қатыспағандар: | ||
Оқу мақсаттары | 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш)/ кеңістіктегіфигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру | |||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білуге тиісті: Жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш)/ кеңістіктегіфигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстырады | |||
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Фигураларды ортақ белгілері бойынша топтастыра алады | ||||
Кейбір оқушылар білуге тиіс: Геометриялық фигураларды ортақ белгілері бойынша жиындарға жіктейді | ||||
Бағалау критерийлері
| Жазық фигуралар мен кеңістіктегі фигураларды ажырата біледі Фигураларды ортақ белгілері бойынша топтастыра алады Геометриялық фигураларды ортақ белгілері бойынша жиындарға жіктейді | |||
Тілдік мақсаттар
| Кеңістіктік фигуралар:цилиндр, пирамида, текше,параллелепипед жазық геометриялық фигуралар: үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш | |||
Құндылықтарды дарыту
| Жауапкершілік Өмір бойы білім алуға дайын болу | |||
Пәнаралық байланыстар | Бейнелеу өнері ,еңбекке баулу | |||
Бұрыннан бар білімдері | Дөңгелек, текше,үшбұрыш,төртбұрыш | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыттар | Жоспарланған уақыт (жаттығулар) | Ресурстар | ||
Басталуы | Ұйымдастыру кезеңі «Болжау» стратегиясы Ойын: Мен қандай фигурамын? Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру Жазық фигуралар Сабақтың мақсаттары: Жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш)/ кеңістіктегіфигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстырады Жазық фигураларды белгілері бойынша анықтайды Фигуралардың ортақ белгілері бойынша топтастыра алады | Сұрақтар ға жауап береді
| ||
Ортасы
| Зерттеу жұмысы Әр топқа геометриялық фигураларды беру Геометриялық фигураларды салыстыру Критерийлері: Геометриялық фигураларды салыстырады, Дескриптор — жазық фигураларды анықтайды; — кеңістіктік денелерді анықтайды. Геометриялық фигураларды салыстырып, қорытынды шығарады Жеке жұмыс 1. Осы фигуралардың ұқсастығы қандай ? 2. Қоршаған ортада қандай заттармен теңей аласыздар
Жұптық жұмыс Фигураларды ортақ белгілері бойынша топтастыр. Бағалау критерийлері: Көлемді фигураларды қызыл түспен, ал жазық фигураларды жасыл түспен қоршап сызады Дескриптор — Көлемді фигураларды қызыл түспен қоршап сызады -Жазық фигураларды жасыл түспен қоршап сызады Сергіту сәті Менің үш бұрышым бар? Менің қарама- қарсы қабырғаларым тең Менің үйімнің барлық қабырғалары тең? Менің үйімнің бұрышы жоқ? Топтық жұмыс Берілген геометриялық фигураларды пайдаланып, көлік немесе зымыран құрастыр. Дескриптор — көлік немесе зымыран қандай фигуралардан құралғанын айтады; — геометриялық фигуралардан ұсынылған композицияны құрастырады. Қалыптастырушы бағалау Геометриялық фигураларды ортақ белгілері бойынша жиындарға жіктейді. Дескриптор — фигураларды ортақ белгілері (түсі, пішіні, көлемі) бойынша топтастырады.
|
Топ тапсырма сын орындай ды.
| ||
Аяқталуы | Кері байланыс. «Көңілді шарлар» — Бүгінгі сабақта не білдіңдер ? Бағалау
| Кері байланыс | ||
Үйге тапсырма: | ||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
| ||||