Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Нөсерлеу сөз табы

  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)

  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді

  • «Құстарға қыста қамқор бол»

  • Бала өміріндегі ең басты әрекет

  • «Жарқын елдің шамшырағы”

  • Дала жануары

  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”

  • тьт ьб б

  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек

  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа

  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар

  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»

  • Вариатив көңілді бояулар

  • Көркем әдебиет “Біздің балабақшада»”

  • Циклограмма Жаңартылған білім мазмұны бойынша

  • Рза Қунақова “Жемістер жыры”

  • Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар

Балабақша
Home›Балабақша›«Бірлік – бақыттың бастауы»

«Бірлік – бақыттың бастауы»

By admin
13 августа, 2020
288
0
Share:

Тәрбиеші: Балалар! Бүгінгі күн ерекше, өйткені  бүгін 1 мамыр – Ынтымақ, Бейбітшілік, Бірлік күні. Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Олай болса мерекемізді ән ұранымызбен бастайық.

Әнұран.

– Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

– Қазақстан.

– Балалар біздің ұлттымыз қандай?

– Қазақ.

– Біздің елбасымыз кім?

– Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев.

– Ал, біздің президентіміз кім?

– Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

– Біздің елімізді қандай өзге ұлттар бар?

– Орыс, татар, өзбек, кәріс, қырғыз,үнді және де т.б.

– Дұрыс айтасыңдар. Біздің ел – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда басқада ұлттар тұрады: өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады. Олар бір – бірімен тату, дос бауырлардай өмір сүріп жатыр. Қазақстанды олар өз жерім, өз елім деп мақтан тұтады. Ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері өздерінің салт – дәстүрлерін, ән – жырларын көрсетеді. Президентіміз, елімізді бірлікке, ынтымаққа, бейбітшілікке, татулыққа өмір сүруге шақырады. Сондықтан біз елімізді «Ынтымағы жарасқан ел»деп айтсақ артық айтқандық емес. Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркейіп, әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа толы.

Тәрбиеші:   Биші десе билейді

Аяқтары бір жерге тимейді.

Ортада шаттық көңілмен,

Қазақ қыздары  би билейді .

 «Қамажай» биі

– Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші:  Ендеше балалар осы мерекеге арналған өлең жолдарын айтайық.

 

Сұлтан:    Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

 

Мансұр:        Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанатты қыраны

Еркіндігі халқымның.

 

Нұрасыл:    Бұзылмасын сәніміз,

Барлық ұлттар бірлесіп.

Қазақстан жерінде,

Жасасын той мереке.

 

Нұргелді:   Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.

 

Әділ:            Достық туымыз,

Достық әніміз.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

 

Мейірімжан:   Празник дружбы и весны.

Кто живет на свете,

Мира желая,

Вместе с нами встретит.

 

– Балалар сендер достық, ынтымақ туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

Нұрислам:  Ынтымақ болмай іс оңбас,

Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.

 

Алихан: Ынтымақ түбі – игілік,

Тірлік түбі – бірлік.

 

Нұрдәулет: Бірлік болмай – тірлік болмайды.

 

Тәрбиеші:     Бүгін қызық бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Ән де салып, би билеп,

Жалғастырсын ойды – ой. – деп ендігі кезегімізді орыс ұлтынан келген биші қыздарымыздың өнерін тамашалаймыз.

– Ал, балалар күніміз ашық болсын деп елімізге тыныштық тілеп, ортадағы «Бейбітшілік тақтаға»  жүректен шыққан тілектерімізді жинайық.

Балалардың тілектері:

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарқын болсын!

Елбасымыз аман болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Достық болсын!

Бірлік болсын!

Әрқашан күн сөнбесін!

Бейбітшілік болсын!

Ынтымақ болсын!

Әлемде тыныштық болсын!

-Біздің достығымызды білдіретін «Достық» әнін айтайық.

Тәрбиеші:Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әр кез ынтымақта, достықта болайық! Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамын.

 

Previous Article

Тұлғаны дамытудағы бағытталған инновациялық орта құру

Next Article

Дені саудың – жаны сау

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    «Математика әлеміне саяхат»

    11 мая, 2020
    By admin
  • Балабақша

    «Қыс қызығы»

    27 декабря, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Әдемі торғай

    18 апреля, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Балалар білімдерін қортындылау

    26 июня, 2017
    By admin
  • Балабақша

    ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (13-17 Қараша 2017 ж.) «Балапан»2- кіші топ

    8 января, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Баланы балабакшага калай тез уйретиуге болады

    10 мая, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    “Мен тәрбиешімін”

  • Балабақша

    «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау

  • Балабақша

    Дос болайық бәріміз

Біздің Инстаграм каналымызға тіркеліңіз

Жаңа жарияланымдар

  • Нөсерлеу сөз табы
  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)
  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді
  • «Құстарға қыста қамқор бол»
  • Бала өміріндегі ең басты әрекет
  • «Жарқын елдің шамшырағы”
  • Дала жануары
  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”
  • тьт ьб б
  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым
  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек
  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа
  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар
  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»
  • Вариатив көңілді бояулар

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика