Болашақ-білімді жастардың қолында!

Болашақ-білімді жастардың қолында!

 

Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың қолында!» . Яғни, біздің болашағымыз, келешегіміздің нұрлы бола түсуі өз қолымызда. Ал, осы нұрлы болашақты құру жолында әркез жастарға жол көрсетіп, көмек қолын созатын, үлгі бола алатын бірден бір тұлға-ұстаз.

 

Мектепті — білімнің тірегі десек, ал тәрбиеші мен мұғалім — сол мектептің жүрегі, яғни бұл мамандық иелерінің қолында адам тағдыры, болашақ ұрпақтың тәрбиесі тұр. Негізі, ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу әр адамның қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен іс.

 

Жалпы, ұлағатты ұстаз атанған жандар біздің заманымызда да, өткен ғасырларда да аз болмаған. Олар сонау Батыстағы Аристотельден бастап, шығыстағы Конфуцийге дейін жалғасып жатыр. Ал, сол батыс пен шығысты жалғастырып тұрған, Азияның кіндігінде орналасқан қасиетті қазақ жерінде дүниеге келген, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидай алыбымызбен күллі түркі xалқы мақтана алады. Кейінірек XX ғасырда ұлағатты ұстаз, әл-Фарабидай асылдың сынығы ретінде Аxмет Байтұрсынұлын айта аламыз. Ол кісі қазақ xалқының сана-сезіміне білім нұрын құю мақсатында, қазақ тілінің жалпы тіл ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты, талмай еңбек етті.

 

Енді, әңгіме өзегін өзім білім алып жатқан Ақтау қаласындағы №10 жалпы білім беретін  мектебінің ұстаздар қауымы жөнінде өрбіткім келеді. Жалпы арнаны осы тақырыпқа қарай бұратын болсақ, ауыз толтырып өте көп дүние жазуға болады. Себебі, біздің алтын ұя мектебіміздің ұстаздары- білімді, тәжірибелері мол, шәкірттеріне қандай жағдай болмасын қолдау көрсете алатын жандар. Көпшілік үшін мұғалімнің бәрі бірдей. Алайда, мен үшін олай емес. Олай дейтін себебім, менің белгілі бір мұғалімді артық я кем ұнатуымда емес. Кез келген мұғалім өз болмысымен ерекше. Бала бағбандарының ішінде өзінің қажырлы еңбегімен, талмас жігерімен, мінезімен, шәкірттеріне деген сарқылмас ыстық ықыласымен ерекше көзге түсетін, мен мақтанатын, үлгі тұтатын бір жан бар. Ол — біздің мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байжан Гүлсара Құсайынқызы.

 

Бұнымен қоса, екі баланың аяулы анасы. Кейде осы кісіні қазіргі заманның «супер-әйелі» деп қаларсын. Қосымша сабақтарына да үлгеріп, өзінің жеке басының дамуына да қарайтынына таңым бар. Ол — біздің мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Измагамбетова Аккүміс Жанабаевна. Ең бастысы,  өзіме деген сенімділікті арттыруға дәнекерші , жалғыз үміт артқан осы кісі еді. Сол үшін сізге деген шексіз ризашылығымды осы мақалам арқылы білдіргім келді.

 

Сөздің соңын ұлағатты ұстаздар жайында xалқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының сөзімен аяқтайын: «Ұстаздық-ұлы кұрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз».

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.