Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу
Қай-қайсысымыздың болмасын үйі¬міздегі балаларымыздың бірі үстеріне жамылғы жамылып, «Черный плащ» бо¬лып зыр жүгіріп, айғайлап жатса, бірі «Ниндзя-Черепаха» болып, қылышын сумаңдатып жатады, енді бірі «Супермен» болып, алқымыңнан алады, тағы бірі «Өрмекші адам» болып тыным таппайды. Мұның себебі де жоқ емес. Өйткені олардың сана-сезімін, бүтін психологиясын не адам бейнесіндегі емес, не құбыжық емес қалыптағы бейнелер жау¬лап алған. Ал оған тосқауыл боларлық дең¬гейдегі ұлттық өнімдеріміз жоқтың қасы.
Жаһандану үрдісі белең алған шақта Батыстан келіп жатқан анимациялық фильмдер жас ұрпағымыздың санасын улауда. Қайсыбір шетелдік мультфильмді қарасаңыз да балаларды қызықтыру үшін барлық жағдайды ойластырған. Тіпті балалар түгілі ересектердің өзін еріксіз баурап алады. Осыдан барып сана-сезімі, өзіндік ұстанымы әлі қалыптасып үлгермеген балалардың мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Күндіз-түні жағымсыз әсердегі фильмдер мен ағыл-тегіл ағылған қанды көріп, содан тәрбие алып өскен ұрпақ не болмақ?