Ғажайып математика

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Ғажайып математика
Мақсаты:1.1-ден 5-ке дейінгі сандарды үйрету кеңістіктегі қарым қатынастар (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде) туралы түсінік қалыптастыру;
2.Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру,тапқырлыққа үйрету,баланың зейінін дамыту,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:1-5сандар, слайдтар,сюжетті суреттер, фигуралар, жолақшамен жұмыс.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық шеңбері.
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, апайлар!
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық.

Доброе утро, друзья!
Доброе утро, учитель!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра.
Балалар: -Тәрбиешімен бірге жылулық шеңберін іс-қимылдар арқылы жасап шығады.
Слайд жыл мезгілдері
Тәрбиеші: — Бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: — Төрт мезгіл бар.
Тәрбиеші: — Балалар қай мезгілді көріп тұрсыңдар? Күзді неге Алтын күз дейміз?
Қ. Алихан:- Егін піседі, күн суытады бастайды, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Көкөніс жемістер піседі.
Тәрбиеші: — Күзден кейін қай мезгіл?
Балалар: — Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: — Ал қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
Е.Асылхан:- Қыста қар жауады, күн суық, аяз болады, боран соғады. Біз қалың киінеміз. Қармен ойнап, аққала жасаймыз.
Тәрбиеші: — Ал балалар қыс несімен жақсы?
Балалар: — Қар көп жауады, шана шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз
Тәрбиеші: — Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл?
Балалар: — көктем мезгілі.
Тәрбиеші: — Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?
Эльмира:- Күн жылына бастайды, қар мұз ериді, егін егіледі, ағаш бүршік жарады, құстар ұшып келе бастайды.
Тәрбиеші: — Келесі қандай мезгілді көріп тұрсыңдар?
Балалар: — Жаз мезгілі.
Тәрбиеші: — Жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Айзере:- Күн ыстық болады, біз далада көп ойнаймыз, жер беті гүлге толады. Жазда суға түсіп шомыламыз.
Тәрбиеші: — Ал, балалар айтыңдаршы осы төрт мезгілдің ішінде қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: — Көктем мезгілі. Тәрбиеші: — Көктем мезгілінде неше ай бар? Балалар: — үш ай бар. Тәрбиеші: — Қандай айлар? Балалар: — Наурыз, сәуір, мамыр. Тәрбиеші: — Осы көктем мезгіліне байланысты кім тақпақтар біледі? 1-бала:-Көктем келді алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
2-бала:-Күн шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.
3-бала:- Бақшалар гүл егіп,
Жемістер тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар балалар сендер көктем туралы тақпақтарды өте жақсы біледі екенсіңдер.
Тосын сый: Тәрбиеші:-Балалар біздің электрондық поштамызға хат келіпті. — Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз «Үйшік» ертегісі кейіпкерлері сендерге әртүрлі тапсырмалар жібердік, сол тапсырмаларды орындасаңдар, біз сендерге қонаққа келеміз. Тәрбиеші:- Ал балалар тапсырмаларды орындаймыз ба? Балалар: — Иә Слайд көрсету. Тапсырмалар бойынша сұрақтар қою. 1.Тышқанның тапсырмасы 1 – ден 5- ке дейін тура және кері санаңдар 1 2 3 4 5
Санамақ айту.
Тәрбиеші:- Сандар туралы кім санамақ біледі?
1-бала:- Бір дегенім бірлік,
Бірге ойнап күлдік.
Бір үйдегі көп бала,
Бір көлікке міндік.
2-бала:- Екі дегенім елім,
Ата мекен жерім.
3-бала:- Үш дегенің үй,
Үйсіз оңбас күй.
Үй туған ел бөлшегі,
Соны еске түй.
4-бала:- Төрт атақты төрт түлік,
Төрт түлікте тоқшылық.
Жылқы сиыр қой ешкі,
Өсір бәрін көп қылып.
5-бала:- Бес қолында бес саусақ,
Іске даяр тұр самсап.
Тас қамалды бұзамыз,
Жұдырықтай бір болсақ.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар балалар сендер санамақ туралы тақпақтарды өте жақсы біледі екенсіңдер. Келесі тапсырманы көрейік.
2.Бақаның тапсырмасы
Пішіндерді атаңдар және түстерін ажыратыңдар.
Тәрбиеші:- Мынау қандай пішін Неліктен дөңгелек деп аталады
Балалар:-Дөңгелек өйткені дөңгелектің бұрыштары болмайды
Тәрбиеші:- Ал мынау қандай пішін Үшбұрыштың неше бұрышы бар
Балалар:-Ұшбұрыш ,ұшбұрыштың ұшбұрышы бар
Тәрбиеші:- Мынау қандай пішін
Балалар:-Төртбұрыш төртбұрыштың неше қабырғасы неше бұрышы бар
Тәрбиеші:- Төртбұрыштың неше қабырғасы неше бұрышы бар
Балалар:-Төрт қабырғасы төрт бұрышы бар
Тәрбиеші:- Балалар пішіндер туралы көп біледі екенсіңдер енді осы пішіндерді пайдаланып алдымыздағы жолақшамен жұмыс жасайық
Жолақшамен жұмыс.

Тәрбиеші:- Балалар жолақшаның жоғарғы сол жақ шетінен бастап, бір қызыл ұшбүрышты орналастырамыз, ал жолақшаның төменгі оң жақ шетінен бастап, екі төртбұрышты орналастырамыз. Балалар сендер жолақшаның жоғарғы сол жақ шетіне неше ұшбұрыш орналастырдыңдар. Ал жолақшаның төменгі оң жақ шетіне неше төртбұрыш салдыңдар. (Содан соң екі үш баланың қасына келіп олар салған ұшбұрыштарды санайды) 3.Қоянның тапсырмасы. « Сұрақ жауап » : 1.Бағдаршамның неше көзі бар ? 2.Қолғапта неше саусақ бар ? 3.Бір аптада неше күн бар?
4.Бүгін аптаның қай күні?
5.Кеше аптаның қай күні
4.Түлкінің тапсырмасы
Логикалық тапсырмалар 1. Үйге кірді Алдияр, Оған қоса Мадияр. Кейін келді Айдана, Қанша болды бар бала?
Балалар:- Үш бала болды. 2. Тәрелкеде төрт алма,
Жеді Әсет екі алма.
Сонда қалды неше алма?
Балалар:- Екі алма қалды.
Сергіту сәті:
Балалар:- Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды
Тәрбиеші:- Ал балалар келесі тапсырманы орындайқ
5.Қасқырдың тапсырмасы: Сандарды сурет бойынша салыстыр Доп — 1, алма — 2, сәбіз — 3, саңырауқұлақ -4 пирамида -5
Балалар:- Тапсырманы орындайды

Қорытынды: Тәрбиеші: -Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Балалар:- Иә
Тәрбиеші: -Біз бүгін қандай тапсырмаларды орындадық?
Балалар:- Сандарды, пішіндерді. Жолақшамен жұмыс жасадық .
Тәрбиеші: -Бүгін бізге қонаққа кім келді ?
Балалар:- Қоян келді
-Балаларды мадақтау. Меңгереді: — Сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, ой өрісі дамиды;
Біледі: -1- ден 5 – ке дейін тура және кері санай білу. Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырату.
Игереді: — Кеңістікте бағдарлай білуді (солға, оңға);

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.