» Алтын күз келді.»

«Алтын күз келді! »

« Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.

8 сентябрь 2020ж.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі : Жаратылыстану.
Тақырыбы: Алтын күз келді!
Мақсаты: табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы, жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білімділік: Табиғаттағы ауа райының жайын бақылауды жəне бақылау
нəтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілей білуді үйрету.
Дамытушылық : Қарапайым дербес тəжірибе əрекетін ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Құрдастарына достық қарым-қатынасты тəрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттерді қарау; күз құбылыстарын бақылау, жұмбақ шешу, қарапайым тəжірибе жұмысы, зерттеу серуені, тақпақ жаттау.
Жабдықтар мен материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материал, əліппе-дəптер, бояу қарындаштар, «Күз» тақырыбында кеспеқағаздар,
Сөздік жұмыс: күз, жыл мезгілі, өнім, киім.
Қостілділік компонент: күз – осень
Мотивациялық қозғаушылық.
Өлең оқып, оқу қызметіне жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Балалардан жыл мезгілдерін естеріне түсіріп, оларды атауды сұрау.
Бұдан соң жұмбақ жасырып, оны шешуді ұсынамыз, табиғатта қандай өзгерістер болғанын сұрау.
М. Əлімбаев
Күз келді
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы əнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Ұйымдастырушылық — ізденістік.
Жыл мезгілдерін атайды.
Жұмбақ шешеді:
Өрік, алма, шие, алма,
Жидек, жүзім піседі,
Қауын, қарбыз, қияр, сəбіз
Дүкендерге түседі,
Астық пісіп, орақ орып,
Қырман дəнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Күз)
Ізденістік- ұйымдастырушылық
Балаларды əліппе — дəптердегі ауа райы күнтізбесімен
жұмыс істеуге дайындау (бұл жұмыс əр сабақ сайын жүргізіледі ).
Балаларды əліппе — дəптердегі
Бүгінгі ауа райы қандай екенін белгілеу.
Күз туралы не білетінін еркін түрде əңгімелейді: Күз келді. Күннің жылуы суретті қарауға шақыру:
Суретші қай жыл мезгілін суреттеген?
Ол неден байқалады?
Жанды жəне жансыз табиғаттағы өзгерістерді атауды ұсынамыз.
Қорытынды жасалады.
« Күз бен қысты салыстыр » ойынын ұйымдастырады.
( Педагог сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды ).
Мыршай балаларға əліппе — дəптердегі мнемокестеге сүйеніп,
Күз туралы əңгіме құрастыруды ұсынады.
Əліпе — дəптерде бейнеленген жəндіктердің суреттеріне назар
аударады.
Балаларға оларды атап шығуды ұсыну.
Аспанды бұлт қаптады. Жаңбыр жиі жауады.
Адамдар қолшатырмен жүреді. Ағаштарда жапырақ жоқ.
Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп қалды.
Жыл құстары оңтүстікке ұшып кетті.
Бау — бақшада өнім жиналды.
– Жазда күннің жарығы мол, күзде…
– Жазда адамдар жеңіл киінеді, ал күзде…
– Жазда ағаштар жап — жасыл болып жайнап тұрады, ал күзде…
– Жазда аспан көкпеңбек, ал күзде…
– Жазда адамдар өнімді өсіреді, ал күзде…………
– Жазда балалар демалады, ал күзде……………….
Сергіту сəті
Алтын, сары, қызыл, көк. ( Балалар қолдарын біртіндеп санайды ).
Алуан-алуан жапырақ ( Қолдарын жоғары көтеріп, жапырақтардың
желмен қозғалғанын бейнелейді ).
Күзгі бақта күлімдеп ( Балалардың жүзінде қуаныш пен күлкі. )
Көз тартады атырап. ( Екі қолын маңдайына кезек тақап, көздерін
көлегейлеп, алысқа қарайды. )
Ой, алақай, тамаша! ( Орындарынан тұрып, секіріп,алақандарын
Шапалақтайды. )
Шашу шашты жапырақ. ( Шашу шашқандай қолдарын екі жаққа
құлаштай сермейді. )
Əңгіме құрастырады, күн, аспан, құстар, жануарлар, адам тіршілігіне тоқталады.
Жəндіктерді атайды, олар күз келгенде көбейгенін əлде азайғанын айтады.
Олардың қайда паналайтынын айтады, жəндіктердің дене температурасы тұрақты емес деген қорытынды жасайды. Ол қоршаған ортадағы
температураның өзгеруіне қарай өзгеріп отырады. суық
түскенде жəндіктердің көбі қуыс- қуыстарды паналайды, кейбіреулері
дернəсіл немесе қуыршақ кезеңінде қыстайды.
Жағдаят. Күз келді. Ауа райы өзгерді. Біз таңертең балабақшаға жиналып жатырмыз. Қандай киімді таңдаймыз? Киімді дұрыс
таңдау үшін, даладағы ауа райы қандай екенін анықтап алуымыз қажет.
Балаларға олардың балабақшаға қандай киіммен келгені туралы
əңгімелеуді ұсыну.
Əліппе — дəптердегі киім түрлерін қоршау қажет. Суреттерден күзгі
ауа райына сай киінген балаларды табады, сол суретті белгілейді.
Келесі нұсқа ретінде:
Құстардың тіршілігі жəндіктермен тығыз байланысты, себебі көптеген құстар жəндіктермен қоректенеді.
Жаңбыр жауып тұрғанда, күзде ауа райы қандай деп айтылатынын еске түсіреді? ( Жауын-шашынды немесе жаңбырлы ).
Мұндай ауа райында біз қандай киім мен аяқкиімді таңдаймыз?
Жел соғып тұрса ше?
Мұндайда ауа райын қандай дейміз? (Желді).
Мұндай ауа райында қандай киім мен аяқкиімді таңдайтынын анықтайды.
– Егер далада күн суық болса – ауа райы…(суық) деп айтылады.
Мұндай ауа райында қалай киінеміз?
– Егер далада ылғалды, дымқыл болса, ауа райы да… (ылғалды, дымқыл) деп аталады.
Қандай киім мен аяқкиімді таңдаймыз?
– Егер аспан түнеріп, бұлт басып тұрса… (бұлтты).
Мұндайда адамдар қалай киінеді?
– Күн сəулесін шашып тұрса, ауа райы (ашық).
Қандай киім киеміз?
Күзде табиғатта қандай дыбыстар болуы мүмкін екенін талқылайды: жапырақтар сыбдыры, қақпаның сықыры, желдің уілі, құстардың, жаңбырдың т.б. дыбыстары.
Рефлексиялық — түзетушілік
Балаларға өзінің көңіл күйін қандай да бір жануардың (өсімдіктің, гүлдің) бейнесімен салыстырып, оның суретін салуды немесе сөзбен түсіндіріп, сипаттап беруді ұсынуға болады
Күтілетін нəтиже:
біледі: табиғаттағы маусымдық өзгерістерді, жыл мезгілдерін атайды;
игереді: табиғаттағы өзгерістерді не үшін бақылау қажеттігін; күзде қалай киіну керектігін;
меңгереді: бақылау, еңбек, тəжірибе арқылы себеп-салдарлық байланыстарды өзі анықтайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.