Халық өнерін қазақ музыка тарихын терең насихаттау жан жақты шығармашылық тұлғаны қалыптастыру

                                                         Баяндама

Халық өнерін қазақ музыка тарихын терең насихаттау жан жақты шығармашылық тұлғаны қалыптастыру

Қазақстан Республикасы этикалық мәдени білім беру тұжырымдамасында «Жан-жақты қалыптасқан тұлға, ең алдымен шығармашылық қабілетке ие болуы қажет деп, жеке тұлға шығармашылығын қалыптастыруға ерекше мән берілсе, ал Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында үздіксіз білім беру жүйесінің үш ілгері мақсаттарының ішіндегі ең негізгісі шығармашылық қабілет екені анық айтылған».

Қазіргі күні музыкалық педагогикада педагог музыканттың шығармашыл іс-әрекетін дамыту, оны тұлғаның қалыптасуына бағыттау, сезімталдық шығармашылық арқылы өзін, қазақ музыка өнерін тану сиақты мәселелердің бары айқындалды.

Көне заман философ ойшылы Пифагор музыканың акустикалық заңдарын ашса, Платон, Аристотель музыканы — адамның ізгілік және әсемдік әлеміне ықпал етудің маңызды құралы, мінез-құлықты түзету, жеке тұлғаның психологиялық көңіл-күйін жасау құралы ретінде қарастырған.

Әбу-Насыр әл-Фарабидің пікірінше: музыка – табиғаты терең, жан-жақты сыры, әсері бар құбылыс. Оның ерекше атап көрсеткен ойы музыкалық әуеннің адам бойында үлкен эмоциялық тебіреніс күш туғыза алатын құдыретті күш екендігі және оны әртүрлі мақсатта, адам баласының жанын сауықтыруда немесе адам тәрбиесінде халыққа басшылық жасап, меңгеруде үлкен  маңызды құрал бола алатындығын айтады.

Әл-Фараби «Музыканың адамға емдік қасиетін, жағымды әсерін сондай-ақ, оның адамның  жан дүниесіне әсер ететін, тәрбиелік мәні зор» деп тұжырымдаса, Абай: «Артыңа із қалдырғың келсе, кейінгі ұрпаққа білім нұрын сеп, болашағымыз өз ұлт өнері мен мәдениетінің тұнығынан сусындап, тарихын терең түсінетін болсын» деген өсиеті де болашақ ұрпақты өнер білім арқылы тәрбиелеудің қажеттігі мен маңыздылығын дәлелдейді.

. Сондықтан мұғалімнің міндеті музыканы меңгеруде сыныптағы оқушылардың нақты эмоциялық көңіл-күйін қалыптастыра отырып, арнайы оның мазмұны, сипаты жөнінде білім беруде шығармашылық ізденісті ұйымдастыра білгені жөн..

Ұлттық музыкалық мол мұраны ғылыми зерделеу тек қана сол музыка мәдениетінің парқын тануға себепші болып қана қоймайды, сонымен бірге халықтың тарихи тұлғасын тануға да мейлінше көмектеседі. Қазақ халқының тарихы болмысы әні мен күйінде тұнып тұр.

Ендеше қазақ халқының мәдени-рухани даму ерекшеліктерінен ұлттық дүниетаным мен түсініктерді ығыстырып тастамай, сан ғасырлар бойы қалыптасқан мәні терең ұлттық музыкамыздың құрылымдарын жаңғырта тану, ғылыми негізде сараптап түсіндіруіміз керек.

М.Жұмабаев музыканың адамға әсері жайында: «Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтажын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен құйқылжытып тұрғанда қандай тас көңіл болса да қандары қайнап, тіпті арқалары қызып кетеді» — дейді.

Р.Қ.Дүйсембінова музыканы оқыту үдерісінің өзіне тән функциялары бар екендігін, олар:

—   музыканы оқытудың білімділік  функциясы — бұл оқушыларды музыкалық ғылыми білім, іскерлік  дағдылар жүйесімен қаруландыру. Оның түпкілікті нәтижесі берілген білімнің іс-жүзінде  саналы түрде қолдана білуі;

— музыканы оқытудың тәрбиелік функциясы – музыканы оқытудың мазмұнымен, оқытудың формасымен, әдістерімен анықталатын және мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы  арқылы жүзеге асатын үдеріс. Музыканы оқыту үдерісінде жеке тұлғаның белгілі бір көзқарастары, қарым-қатынастары, тұлғалық сапа-қасиеттері, музыка өнеріне, музыкалық іс-әрекеттерге деген өзіндік көзқарастары, пікір-пайымдаулары, мінез-құлықтары қалыптасады;

—    музыканы оқытудың дамыту функциясы — мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады. Музыканы оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы оқушылардың сенсорлық, қозғалыстық, мотивициялық дамуына көмектеседі.

Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып отырған ең басты талап-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Адамзат ұрпағынан жинақталған  мәдени байлығын ұлттық  байлықпен ұштастыру, оның озық үлгілерімен байланыстыру жеке  тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады.

Қазір айтылып жүрген технология талаптары білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау ісі болып отыр. Оқушының «Мен» деген менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану, өмірден өз орнын таба  білуге баулу мәселелерінің музыка пәнінде маңызы ерекше.

Оқушылардың музыкалық шығармашылық қабілеті іс — әрекет үдерісінде қалыптасады. Ғалымдар пікіріне сүйенсек дарынсыз, мүлде қабілетсіз бала болмайды. Сол қабілеттің көзін ашу оны әрі қарай дамыту — әр бір музыка мұғалімінің қасиетті борышы. Жалпы музыка пәні эстетикалық сезімі жетілген, рухани бай тұлға тәрбиелеудің қайнар көзі десек қателеспейміз.

Мектептегі  музыкалық-педагогикалық жұмыстың басты мақсаты-оқушыларды музыкалық даму үдерісіне талдау жасауға үйрету. Музыкалық — есту түсініктерін өз бетінше орындату. Музыканы көпшілігі тыңдайды, бірақ азы ғана естиді, әсіресе аспапты музыканы адамдар көбінесе қойылған музыканың жеке сәттерін қабылдайды, нақтырақ айтсақ осы сәттердегі өз әсерлерін ұсынады. Ал шығарма толығымен оларға түсініксіз болып қалады.

Сонымен қатар оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін төмендегі міндеттер орындалу қажет: қазақ халық музыкасын қабылдай, талдай білуі; өзара пікірталастар мен талқылауларға белсенді қатысуы; өз бетінше жұмыс жасау;  нәтижеге, жетістікке ұмтылу; өз бетімен күрделі тапсырманы таңдауға құштарлану; іс-тәжірибелік әрекетін талдауға қызығушылық таныту;

Музыка саласында халқымыздың өткеніне терең үңіліп, сол өнер қазынамызды оқушыларға белгілібір жүйелі бағытта теориялық және іс-тәжірибеде қолдана білсек, оқушылардың шығармашылық

—         Қазақ халық музыкасының шығу тарихы, ерекшелігін тануға ұмтылу;

—         Қазақ халық музыкасының тәрбиелік мәнін, сезімталдық әсерін ашып талдауға талпыну;

—         Қазақ халық музыкасын жеткізуде нәтижеге жету сияқты қабілетін қалыптастыра аламыз.

Музыкалық дамудың логикасын білмей және оны бөлшектей талдай алмай,музыканы қабылдау, бағалау мүмкін емес.

Қазақ халық музыкасының өзіндік мәні мен маңызы, қадір-қасиеті,ерекшелігі бар. Оның негізгі мақсаты мен міндеттерін іске асыруы мен табысты  болуы мұғалімінің іскерлігіне, шеберлігіне, білімділігіне байланысты.

Шығармашылық қабілеті қалыптасқан оқушының ерекшелігі:

1-ден, педагогикалық тұрғыдан: өзгеше ойлайды, білуге талпынады, белсенділік, көп көлемде білім меңгереді де оны ұмытпайды.

2-ден, психологиялық тұрғыдан: ішкі сезім өзгеше — өте сезімтал, шыдамды, өзін-өзі бақылау, ықылас қойған нәрсесін негізгі мәселе етіп қояды.

3-ден, физиологиялық тұрғыдан: мақсатқа жетудегі табандылық, дамудағы шапшаңдық, ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы.

4-ден, әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдері дамыған, парызға берілген, моральдық қасиеттері жоғары.

Бүгінгі таңда мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халық музыкасы негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды жетілдіруде  мұғалімдерге төмендегідей ұсыныстар береміз:

—         оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда қазақ халық

музыка материалдарын  оқу-тәрбие үдерісінде  пайдаланудың жүйелі-әдістемелік кешенін жетілдіру;

—         оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда оқу-тәрбие

үдерісінде қазақ халық музыкаларын жүйелі пайдалану және сыныптан тыс әрекеттер ұйымдастыру, олардың қызығушылығын тудырып, дамыту;

—         қазақ халық музыка шығармашылығын оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға

байланысты үлгілі ұстаздардың озат тәжірибелерін кеңінен насихаттау үшін, бастауыш сынып мұғалімдерімен семинар, тренингтер өткізіп, әдістемелік кеңестер ұйымдастырып, дәстүрлі емес ашық сабақтар өткізу.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі біздің болашағымыз. Қазақстан келешегі – жастардың еншісінде. «Еліміздің 2030-шы жылы барысқа айналдыратын күші бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар», -деп Елбасымыз тегіннен-тегін айтқан жоқ.

Бүгінгі қоғам талабына сай мектепте мұғалім ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние тану  мәдениеті жоғары ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, танымпаз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болатын өнерлі, рухани-бай, шеберліктің шыңына  шыққан ұстаз болуы қажет.

Қорыта айтқанда, музыка мұғалімдері қазақ халық музыкасын оқушыларға тереңдете меңгертіп білім беру, оның ерекшеліктерін музыкалық тәрбиенің дағдыларын қалыптастырудың нәтижелі болуында. Бүгінгі таңда жас ұрпақты тәрбиелеп, шығармашылық Қабілеттерін  қалыптастыруда оқушыларға музыкалық білім берудің барлық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеуге тиістіміз.

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан еліне жолдауы. 29 қаңтар 2010.
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030, — Алматы: Білім, 1997.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әлауқатының артуы атты Қазақстан 2030  стратегиялық бағыты. –А. Егемен Қазақстан, 1997, 11 қазан.

 

 

Алматы облысы. Көксу ауданы. Мәмбет ауылы.  Ж. Егінбаев атындағы интернаты барорта мектептің  музыка пәні мұғалімі Халелова Раушан  Даукеновна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.