Білім саласына реформа емес революция қажет (соңы)

  Білім саласына реформа емес революция қажет (соңы)
Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар: ҚР-ның тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы; экономиканың нарықтық моделін ұстанып меншіктің түрлі пішімдерін; дамыту ұлттық ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.Әрине, білім саласын реформалауға бүкіл әлем елдері назар аударып, әркім өз бетінше жаңалықтар енгізіп жатқан қазіргі жағдайда Қазақстан үшін білім саласын реформалаудың дайын нұсқасы жоқ екендігі түсінікті. Дегенмен басқаларға қарап, белгілі бір тұжырым жасаудың мүмкіндігі бар. Мәселен білім сапасы жөнінде әлем көшінің алдыңғы легінде келе жатқан Финляндия қазірдің өзінде білімді пәндерге бөліп оқытудың дәстүрлі жүйесінен бас тартты. Енді олар оқушылар бойындағы қабілет-қарымды ерте ояту бағытында сыни ойлауға, креативтілікке, коллаборативтілікке машықтандыруға назар аударуда. Әлемнің басқа елдерінде де осындай өзгерістер бар. Енді адамдар білім алу мәселесімен өмір бойы айналысатын болса, оқушыларға қажетсіз дүниелерді тықпалап, басын қатырудың қанша қажеті бар?!
Шет мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, біздің халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жоғары білімді қол жетімді ету үшін студенттердің үлгерімін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық факторларды да ескеру керек («need-based system»).Айталық, несие беру – бұл тәсіл бүкіл әлемде мойындалған, бұл табысы әртүрлі отбасылар үшін жоғары білім алуға мүмкіндік беретін құралдардың бірі. Мысалы, Ұлыбританияда білім беру несиесі бойынша мөлшерлеме 2% -дан аспайды, сәйкесінше 100 студенттің 94-і оқу үшін мемлекеттік несие немесе мемлекет кепілдік берген несие алады. Олар оны, әдетте, оқу аяқталғаннан кейін қайтарады, ал әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттер несиенің бір бөлігін ғана қайтарады Қазақстанда 100 студенттің 1-еуі ғана студенттерге арналған несие алады. Қазақстанда мемлекеттік білім беру несиесін Қаржы орталығының кепілдемесі бойынша екінші деңгейлі 4 банкке 10-20%-дан және одан да жоғары мөлшерлемемен береді. Осыған қарамастан, қаржыландырудың бұл тетігінің шарттары тартымды болмағандықтан бұл несие түрі сұранысқа ие емес. Нәтижесінде, жоғары оқу орындарына түсе алмаған әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар қалаларда қалып қояды, тұрақты жұмыс орындарына ие бола алмай, біліктілігін арттыруға мүмкіндігі болмай қалады. Бұл қалаларда наразылық білдіруші әлеуметтік топтың қалыптасуына негіз болады.Сондықтан халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған гранттардың санын ұлғайту үшін гранттарды бөлу жүйесін өзгерту керекДәлірек айтқанда, ҰБТ-ның шекті балын еңсерген жағдайда, отбасының табысы төмен барлық талапкерлерге гранттар берілуі керек (мысалы, Ұлыбританияның жетекші университеттері, соның ішінде University of Oxford және University of Cambridge, 2020 жылдан бастап алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттердің үлесін 7% -ға дейін көбейтуді жоспарлап отыр ).Әңгімеміздің ауаны жоғары білімді кадр дайындауға жалпылай пікір білдіру емес келешек педагог мамандарды арнаулы тапсырыспен дайындау туралы болғандықтан соған ауысалық.
Қазақ халқы — мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие,әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ халқы жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірімі мол халық. Ұрпақ тәрбиесіне деген немқұрайлылық табиғатына жат халықпыз, өйткені қазақтың ел алдындағы абырой,беделі, қадір-қасиеті, тек жеке басының жақсылығымен немесе бай-дәулетімен емес, ұрпағының білімімен, адамгершілігімен, тәрбиелілігімен өлшенген Әр ұрпақты тарихи шыққан тегін, өскен ортасын,рухани түбін санасына жеткізіп, ұлттық тәрбиенің уызымен сусындатып тәрбиелеу жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматтың парызы.
Қашанда тектілігін жоғары бағалаған ата –бабамыздың жолы,ізі,көші ұлағатты. Ата-баба дәстүрін сақтап, ана сүтін ақтап, халқының тілін,тарихын біліп,ата-баба парасаттылығын таныған ерекше қабілетті, Елім. Жерім, Халқым -дейтін намысы ояу, арлы ұл-қыз өсіру еліміздің елдігі. Құдайға шүкір, тексіз емеспіз, тамырсыз емеспіз, бүгінгі ұрпақтың адамшылық ілімінен құмарын қандыра сусындатар өзіміздің тұнық тұмалы бастау-бұлағымыз да, телегей дариямыз да бар.
Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының дайындап ұрпақтарына аманаттаған тәлім-тағылымдық трактат та,педагогикалық дастан-толғау жыр да,педагогикалық оқулықтар , Қазақтің ізгілік педагогикасының,кісілік педагогикасының,иманипедагогиканың қағидалары мен ұстанымдарын өнбойына сіңіре білген роман,очерктер де жеткілікті. сондай –ақ,адами қасиетті игертудің тезистері.кодекстері изгілікке баулудың манифесі де өзімізде қалауыңша керектенерлік асыл мұралар тұнып тұрғанын көрмедік. Зере,Дінасыл,Айғаным аналар мен ұлт ұстазы атанған Дана Ұстаз Аналардың,Аталардың ұлағаты,асыл өсиетін ысырып тастап, Тереза . Махатма Ганди. Януш Корчак Ш.А.Амонашвилидің өсиет тағылымын алға шығардық.Осы негізде бүгінгі тәрбиеміз ұлттық тамырынан ұзап сала берді.Ұлттық құндылығымыз,жалпыадамзаттық құндылықтың құрамдас бөлігі екенін ескермедік.Көзімізді шелбасып,өзімізді өзіміз тани алмай,ұлтсызданудың дүрмегіне ілесе бердік.Әлемпедагогикасында этнопедагогика деген ғылым жоқ.Неміс,ағылшын,француз этноаедагогикасы деген кездеспейді.Тіпті көрші өзбек,тәжік.түрікпен этнопедагогикасы жоқ. Ал.казак этнопедагогикасы бар.Ыбырай атамыз іргесін қалаған,Мағжан кәкім ғылыми негіэін айқындаған тәрбиелеу қазақ ілімін осы этнопедагогикаға жабыстырып қойғанымыз тіптен масқара болды.әл-Фараби бабамыз негізін салған,Абай дана толықтырған қазақтың ізгілік педагогикасының бір бұтағы болушы иманипедагогика ,кісілік педагогика,дамыту педагогикасы, кемелдендіру педагогикасы білім жүйесінен тысқары қалып, «діни ұғымға байланысты» деумен шеттетілген.Мұндағы айтпағымыз тұлға қалыптастыру туралы әлем-дік ойлардан ( Э.Эриксон, А.Маслоу, Зигмунд Фрейд , Роджерс, Г.Юнг , т.б.) бас тарту емес,солармен иық тіресер ұлттық ілім-білімдерді келешек педагогтарға оқытып үйрет демекпіз.Себебі,недагог кадрларды дайындап жатқан арнаулы және ЖОО-ың оқытушы-профессорлардың педагогткалық-психологиялық дәріс мазмүнында, бағдарламасында жоғарыда аталған педагогикалық-психологиялық білімдер кездесе бермейді. Ал,қоғам бүгінгі педагогтан мынаны қалайды. «Конвергентті мұғалім» сабақ мазмұнын да әртүрлі формада,мәселен, оқулықтардың қосбеттері, аудио және видео сабақтар, лонгридтер, презентация, анимация, инфографика және т.б. түрлерінде жасай алғаны абзал.Конвергенцияға әртүрлі рөлдерде жұмыс істеу қабілеті кіреді: мұғалім, лектор, тәлімгер, көшбасшы, үйренуші студент, тыңдаушы, менеджер, зерттеуші.Әрине мұғалімге деген қоғам тарапынан қойылып жатқан осындай жаңа талаптар білім беру бағдарламаларының жаңа архитектурасы мен мазмұнын, жаңа форматтағы кәсіби мұғалімнің қалыптасуындағы жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізуді анықтайды. Бұл барлық қолданыстағы бағдарламаларды 100% қайта қарауды талап етеді: тиімсіз немесе тиімділігі төмен пәндерден бас тарту, бұрынғыларын жаңарту және жаңаларын қосу!» Бұл пікір көтерілгелі біршама уақыт өтседе құлшына кірісіп реформалап жатқан ЖОО-ны көп емес.Бәрі де түбегейлі өзгерісті күтіп,мәселенің шымбайлы мәніне бара алмай әліптің соңын күтуде.Дәл кәзір орта білім жүйесінің басы он екі жылдық.соңы оңбір жылдық қалыпқа қатарласып мінгесіп түр.Індеттің кесірінен
он-лайн оқыту,алыстан білім беруді амалсыздан енгізіп,ептеп күн кешкеннен басқа жол жоқ болып қалды. Бұл уақытша қиындық.Одан үйренетінімізді,жаңадан игеретінімізді тырмысып ұғып,тәжірибе жинап жатырмыз. Мәселенің өзегі тарихи дәуірде әлемдік білім жүйесіне ене отырып,ұлттық білім беру және тәрбиелей алатын мектептерді жаңадан құру мен қалыптастыруда тұр.Тәрбие іс әрекетінің жалпы қоғамдық деңгейі ортайып, отбасында,мектепте,әлеуметтік ортада жалаң айқай,үмітсіз уайым,әрекетсіз байбалам белең алып барады.Мәселен,отбасында бала тәрбиелеу міндетін атқара алмай,баласының тамағы мен киімін қамтамасыз етуге шамасы жетпейтін отбасылар саны үнемі өсіп барады.Ал,мектептегі тәрбие ісі,тек сабақ мазмұны арқылы жүзеге асырылып келе жатыр еді оданда ажырадық.Мектепте тәрбие ісін арнайы жүргізуге уақыт та,жағдай да қалмады.
Бес күндік оқу бір бүйірден қыспақтаса, көптеген мектептердің екінші,үшінші ауысымды болуы уақыттан тынысты тарылтып жіберді.Тәрбиелік сағаттар,ертеңгілік,кештік ,кезде-сулер ,отырыстар онда-мұнда көшіп-қонып өткізідуде.Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыратын арнайы мектептер жоғарыда аталған озат елдердің бәрінде бар.Біз де болғандары жойылып біткен.Оны жоқтайтын,ие болатын,басқаратын бір де бір ұйым,мекеме,билік бұтағы жоқ.Бәрін де ұстаздардың арына тіреп міндеттей салған.
Қазақтың мәдениеті,өнері, әдебиеті,діні тамаша тәрбие құралы болғандығы қашаннан белгілі болғанымен дәл осы кезеңде олардың өзі заманға сай орнықпай,барлық ата-аналар,қадың бұқара,ұстаз-тәрбиешілер алты миллионнан астам қызбен ұлдың аддында ұятты болудамыз.Оларға текті атаның ұрпағы екенін ұқтыра алмай,әлемдік ұрпақтармен иық тіресіп заманауиқазақ ұлтының шымбайлы өкілі болуға тиіс екенін,ондай мүмкіндік.қарым қабылет оларда жеткілікті екенін жеріне жеткізін ұғындыра алмай,қалдық. Себебі бүгінгі қазақ атанушы өзіміздің тіл,дін,діліміздегі бұтарланған көп бағыттың болуы,рухани әлеміміздің жадағайлануы,сол қазақтарды тани отырып,басын бірік тіріп іргесін нықтауға танымдық өреміз тарлық етуде.Сондықтан да, «Бала тәрбиелеуге жайлы мемлекеттер рейтингінде 73 елдің ішінде 73-орындамыз» (U.S. News & World Report and the Wharton School of the University of Pennsylvania, 2019);Мектептердегі тәрбие ісінің таяздығы ауылдан бастап,астанаға дейін сезіліп,жалпының назарына іліккенімен,екпінді іс-қимыл,жалпыға қозғау салған жалынды жүйелі іс-қимыл жоқ,тіптен сол жас жеткіншердің өздерінің ынта-жігеріне қозғау салған қоғамдық бастамадар ауызға алынбайтын болған. Ұландар,өрендер, жасөспірімдердің өз ұйымдары үнсіздік танытып жүр.Мектептегі ұлттық тәрбиеге мұрындық болған бір кездері қаулай көтерңлген жаңа бағдармалардың сағы сынып,үні бәсеңсіп,бастамашы мектептердің аумағынан аспай қалған.
Сөз соңында оқулық дайындау туралы ұсынысымызды білдірейік.Оқулық дайындау оңай емес.Кәзір тіптен қиындап кетті.Білім беру жағынан баршаға үлгі болған Финляндия, Корея,Эстония,Сингапур,Япония мемлекеттерінде сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың оқулығын жазып дайындау өте күрделеніп барады.Себебі сенің жазған оқулығын оқушы-ның оқу сауатын оқытып,жазу сауатын жаздырып,сөйлеу сауатын сөйлетіп,ойлау сауатын ойлатып аштыруға тиіс болған.Тіпті есептей алатын сауатты,есептете алатын оқулық қана аштыра алады.Сондықтан олар бастауыш сынып оқулығын тез жаңалап,жетілдіруге мәжбүр.Мұндай оқулықтар әр жыл сайын өндіріледі,басылады.Ал,орта буын,жоғарғы сынып оушыларына арнлған оқулытарды әуелі электрондық нұсқада (ааудио және видое) дайындап ,барлық талқылаулар мен сараптамалардан өткізіп ,белгілі мерзіммен сынақтан өткізген соң басылып шығуда.Әлектрон форматындағы оқулықты түзеү, редақторлау, қосымша жасау,көп еселеу жеңіл болғандықтан бұл жол бізге де тиімді.
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.