Біз біргеміз

Ысмағұлова Мейрамгүл Шамұнқызы
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы

Осынау қилы заманда қазақ жері, қазақ елі – небір нәубет заманның куәсі болғаны бәрімізге мәлім «Мың өліп, мың тірілген» халқының панасы, дархан көңілі мен жомарт мінездің қайнар көзі, ерлік пен елдіктің Отаны екені сөзсіз. Туған жер, туған елге деген сүйіспеншілік ұлы бабаларымызды атқа қондырса, бізді үйде ұстап, көптен оқшауландырды.Туған-туыс, ағайын-жекжат, дос-жаранды осы бір ойда жоқта пайда болған індеттен сақтау үшін халық үйде отыр, біз де үйдеміз, бірақ біз қашан да сіздермен біргеміз! Бұл індетпен күресу үшін не істеуіміз керек? – деген ой бәрінде болған шығар. Өз отбасыма келетін болсақ, карантин жарияланған күннен бастап, барлық сақтық шараларын қатаң түрде ұстанудамыз. Себебі адам баласына ең алдымен денсаулық керек, «Дені сау кедей, ауру патшадан әлде қайда бақытты» деген қағиданы үнемі жадымда ұстаймын кім болса да отбасының дені сау болғанын қалайды. Осы орайда халықтың қамын ойлаған ақ халатты абзал жандарымыз, өз өмірлерін тағдыр тәлкегіне қойып, күні-түні тынбай еңбек етуде. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деген қазазағымның дана сөздері де бекерге айтылмаса керек, қаншама халық оларға алғыстарын білдіруде, ақ баталарын беруде. Әрине алғыс алуға тұрарлық абзал жандар!
Осы карантин аясында тек абзал жандар ғана емес, басқа да мекеме ұжымдары, қаншама жомарт жандар көмекке мұқтаж жандарға берер көмектері мол сауаптарға кенеліп жатыр.
Осы тұста «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші «Біз біргеміз» акциясы аясында Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Жетібай ауылына қарасты №3жалпы білім беретін мектебінің директоры Мұқанова Гүлшат Сағынбайқызы өз ұжымын және жетібай халқын игілік іс жасауға «Қамқор болайық» тақырыбы аясында ақылдасу кеңесін ұйымдастырып, аулымыздың ауруханасын керекті дәрі- дәрмекпен және тыныс алу апаратармен қасатамасыз етті. Иә, осындай адал және еңбекқор жанға сүйсіне де, тамсана қарамау мүмкін емес! Әрбір жасалынып жатқан игі істердің барлығы да біздің елдің осындай ұйымшыл, ауызбіршіліктерін байқатты. «Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» дегендей, осындай біздің бір-бірімізге деген қамқорлығымызды, ауызбіршілігімізді, жанашырлығымызды көрсететін жақсы игі істер көбейе берсін.
Бірлігіміз жарасқан, осындай еліміз барда, жұпар иісі аңқыған байтақ жеріміз барда, біз бақыттымыз

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.