Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «2022-2023 оқу жылына» Әдістемелік нұсқау хаттың жобасы

  • «Шынықсақ шымыр боламыз!»

  • «Жөргектегі вундеркинд»

  • «Жөргектегі вундеркинд»

  • «Пішіндер мен түстер»

  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары

  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына

  • 412 бұйрық. Балабақша

  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»

  • «Білімділер әлемі»

  • «Бағдаршам»

  • «Бағдаршам»

  • Ұлттық тағамдар

  • «Астана-туған елдің жүрегі!»

  • Көктем келді

  • «Балабақшадағы болашақ азаматтарды қалыптастыру «

  • Күзгі баққа саяхат

  • МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  • Мен қазіргі заман мұғалімімін

  • «Сиқырлы бояу патшалығы»

Қазақстан тарихы
Home›Қазақстан тарихы›Менің елімнің тарихы

Менің елімнің тарихы

By admin
25 сентября, 2020
2047
0
Share:

Менің елімнің тарихы
Абикенова ГүлшатАхметовна
Қарағанды облысы
Балхаш қаласы
С.Сейфуллин атындағы №7 мекткп-гимназиясы
Аbikenova1981@bk.ru
87754484489
Әрбір адам өз елінің тарихын білуге міндетті.Менің елім -Қазақстан. Қазақстан Республикасының тарихын білу оны жадымда ұстау ,тарихқа құрметпен қарау — менің негізгі міндетім. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алмастан бұрын басынан қаншама қиындықты өткізді. Қазақ халқы тәуелсіздікке дейін басынан соғыс зардаптарын , ашаршылық , зорлық -зомбылық сияқты ауыр кезеңдерден өтті. Бұл қиындықтан өтуге оларға күш қуат пен сабырлылық төзімдлік қажет еді. Қазақ халқының болашаққа деген үміті , төзімділігі оларды армандаған мақсаттарына жетуге септігін тигізді. Қазақ халқы қаншама жыл жарқын болашақты , тәуелсіздікті, бостандықты, егемен мемлекетті аңсады, қаншама батырларымыз өскелең ұрпақтың жақсы өмір сүруі үшін, олардың болашағы жарқын болуы үшін аянбай тер төкті. Олар өздерінің өмірлері жарқын болмаса да болашақта өсіп келе жатқан ұрпақтың тәуелсіз мемлекетте , ашық аспан астында өмір сүргендерін қалады. Сондай батырларымыздың бірегейі ретінде Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова , Бауыржан Момышұлы сияқты біз білетін батыр ұл ,қыздармызды айта аламыз. Сонымен қатар біз білетін қаншама батыр ұл ,қыздарымыз қазақ халқы үшін аянбай еңбек етіп, артына өшпестей мұра қалдырған. Осы ауыртпалықтың жемісі ретінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды .Бұл тәуелсіздік бүкіл қазақ халқының үлкен қуанышы , бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы болды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы ынтымақтастықпен, татулықпен, ұйымшылдықпен, бірлікпен өмір сүруге талпынып келеді. Бүгінде Қазақстан мемлекетін бүкіл әлем таниды. Тағы да айта кететін басты жағдай бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан мемлекетінің президенті болып сайлануы. Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. Осы сәттен бастап Қазақстанның дамуына халықтың жағдайының жақсаруына үлкен еңбектер атқарып келеді .Ол бұл жолда қаншама еңбектер атқарып ғана қоймай Қазақстан Республикасын әлемге танытып , жаңа реформалар енгізуде. Қаншама ұлттың бір шаңырақ астында тату -тәтті болып тұруы, бірлікпен өмір сүруі президентіміздің арқасында. Сондай үлкен еңбектердің жемісі ретінде 2017 жылы өткен EXPO-2017 көрмесі. Бұл қаншама елдің назарында болған, қызығушылықпен қараған ерекше көрме болды . Сондай-ақ, бұған дейін де Қазақстанды дамыту жолында еңбектер атқарылды. Осындай еңбектердің арқасында Қазақстанда көрікті жерлер көбейе бастады. Мақтана алатын қалаларымыздың бірі -Астана қаласы. Жылдан -жылға құрылысы қарқынды дамыған қала көрікті жерлерге толы. Соңғы жылдары қалаға туристік сапарлармен келетін шетелдіктер көбейген . Оған еліміздің өткен EXPO көрмесінің де ықпалы көп . Келесі ең керемет қалалардың бірі- Алматы. Әдемі көркімен ,жанға жайлы ғимараттарымен есте қалатын Алматы,бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар.Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Бұл қалалар ғана емес Қазақстанда өте көрікті қалалар өте көп .Бұл қалалардың көріктілігі күннен күнге артып келеді. Қазақстан дамыған мемлекеттер қатарында болғандықтан әр түрлі салаларда дамыған. Сол салалардың бірі — ғылым мен білім және мәдениеттің дамуы. Тәуелсіздік алмастан бұрын қазақ балаларының басым көпшілігі әрі дегенде тек ауыл медрессесінде ғана оқи алды, оқу балаларға аяттарды жаттатумен ғана шектелді. Ол уақыттарда қазақ жерінде небәрі бірнеше орыс және орыс-қазақ мектебі ғана болды делінеді. Сонымен қатар, қазақ балаларына қазақ мектептерін салу ,оларды қазақ тілінде оқытуды қазақ халқының көптеген ақын- жазушылары , ағартушылар қолға алып, көп еңбектер атқарған .Қазақ қоғамындағы білім беру ісі „қазақтың тұңғыш ұстазы” ретінде танылған Ыбырай Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Ол кезеңдерде оқыту орындары жеткіліксіз, білім беру жүйесі жетілмеген болды. Ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жеткілікті дәрежеде мектептер салынған. Жас ұрпақтың жақсы жоғары дәрежеде білім алуы үшін барлық жағдай жасалған . Ендігі кезекте қазақ мәдениетіне тоқталар болсақ . Жалпы мәдениет дегеніміз – адамның қолымен , ақыл – ойымен жасалғандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Қазіргі уақытта қазақ халқының рухани мәдениеті де, материалдық мәдениеті де өте жоғары дамыған деп айта аламыз. Ал қазір XXI ғасырдағы Қазақстанның материалдық мәдениеті өте жоғары дәрежеде дамыған. Зәулім үйлер, биік-биік ғимараттар салынып күннен – күнге дамып келеді. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін нарықтық экономикаға өтті. Бұл жүйеде тиімді қызметтер атқару үшін ұлттық экономикаға пайдалы , жан-жақты бағдарланған экономикалық саясат ,реформалар, жоспарларын даярлап,оны іске қосу қажеттігі туындады. Осының нәтижесінде Қазақстанның экономикасы қарқынды түрде дамып жатыр. Елбасының қазақ жері туралы мейлінше сүйіспеншілікпен айтқан мынадай сөздері бар:
«Жер -ата-бабамыздың бізге мирас болып қалған ең басты қазынамыз , ұлтымыздың ұлы байлығы. Қазақтың даласы — халықтың меншігі» -деген.
Қазақ елі- өте бай ел . Өйткені бір шаңырақ астында әр түрлі ұлт өкілі бір ел болып тату тәтті тұру елдіктің, ұйымшылдықтың, татулықтың , бірліктің белгісі. Қазақстан тәуелсіз , жері кең, ұлан байтақ, егеменді ел .Мен осындай елімнің барына мақтана аламын.
Мен тәуелсіз Қазақстанның ұланымын. Сондықтан елімді көркейтуге болашақта менің де тигізер пайдам мол. Сол себепті жақсы білім алып Қазақстанды шет елдерге танытып, елімнің дамуына үлес қосуға мен әрқашан дайынмын

Previous Article

Менің елімнің тарихы

Next Article

«Бағдаршам – біздің досымыз!»

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Қазақстан тарихы

    ҚАЗАҚ СӨЗІ ТУРАЛЫ ТЫҢ ОЙЛАР

    29 апреля, 2020
    By admin
  • Қазақстан тарихы

    БІР ОТБАСЫ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАШ РУХЫ

    10 марта, 2020
    By admin
  • Қазақстан тарихы

    Білім алушыларға тəрбие беруде Елбасының «Мəңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру

    2 августа, 2020
    By admin
  • Қазақстан тарихы

    Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері

    5 сентября, 2020
    By admin
  • Қазақстан тарихы

    Ғылым саласын дамытудағы сапалы білім

    11 сентября, 2020
    By admin
  • Қазақстан тарихы

    Елбасы еңбектері елге үлгі

    1 июня, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Дөңгелек

  • Баяндамалар

    Қазақстандағы елжандылық бағытындағы жұмыстың барысы

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Менің сүйікті анам

Жаңа жарияланымдар

  • «2022-2023 оқу жылына» Әдістемелік нұсқау хаттың жобасы
  • «Шынықсақ шымыр боламыз!»
  • «Жөргектегі вундеркинд»
  • «Жөргектегі вундеркинд»
  • «Пішіндер мен түстер»
  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары
  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына
  • 412 бұйрық. Балабақша
  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»
  • «Білімділер әлемі»
  • «Бағдаршам»
  • «Бағдаршам»
  • Ұлттық тағамдар
  • «Астана-туған елдің жүрегі!»
  • Көктем келді

Күнтізбе

Август 2022
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
« Июл    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика