Тәрбиеші болу бір – бақыт!
Тәрбиеші болу бір – бақыт!
(Эссе)
Картаева Таншолпан Сериковна тәрбиеші
ЖСШ «Ақ ерке» балабақшасы
«Еңбегіннің ел кәдесіне жарағанын өзі – үлкен бір бақыт». Адам өмірінде болашағына жол сілтейтін маңызды шешім – кәсіп таңдау. Көп жас мамандар кәсіби бағыт беретін саланы тандайды, ал мен тандаған мамандық – тәрбиеші. Мен өзімнің шешімімнің дұрыстығын, мамандық таңдауда қателеспегенімді білемін. Балалардың жарқын жүзі мен күлкісі, ата – аналардың ықыласы мен ризашылығы, алғысы – соның белгісі десем де болады. Біздің мамандық басқа мамандық иелерімен салыстыратын емес, жауапкершілікке, қомқорлыққа, сүйіспеншілікке толы.
Мен тәрбиеші мамандығы бойынша 2018 жылдың жартысынан өз жұмыс өтілімімді бастадым.Жұмыс барысында маған қиындықтар болды, бірақ көп ұзамай өз тобымның балаларына бауыр басып кеттім. Әр күні олардың сүйкімді қылықтары мен жүздерін көріп, былдрлаған тілдерін естігенде, еріксіз жүзіме күлкі үйіріліп, жас балаша бірге ойнап, солардың күйіне енмін. Мен балалардың анасындай болуға тырсамын, оларды жақсы көріп, сөздері мен істеріне түсінушілік танытып, мейірімділікпен қараймын. Қазақ атамыз айтқандай “бес саусақ – бірдей емес”- деп топтағы әр баланың мінезі де көңіл күйі де әр түрлі.Солардың жан дүниесін түсіну, көңілін табу менің міндетім деп білемін. Әр балам мен үшін баға жетпес маржанға тең. Маржан тастардың асыл болса мен үшінде әр балам жеке дара, көзімнің қарашығындай десем де болады. Әр бала балабақшаға келгенде, өзін еркін ұстай білсе, балабақшадан жылулықты сезінсе, өз үйіндей санаса, ол тәрбиешінің зор еңбегімен ықыласы, балаларға деген махаббаты.Француз ағартушысы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды,оның үсітнен шымай қалай салсан қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» — деген осы нақыл сөз біздің жұмысқа арналғандай. Балабақшадағы әр бала бүгінгі ұрпақ, ертеңгі келешек . Сондықтан біз оларды үлгіліде тәрбиелі болуға, Келешекте өздеріне мақсат пен арман жолын қалыптастыруға жол көрсетіп, бағдар береміз. Бауыржан атамыз:«Ешкім іштен батыр болып тумайды, батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» — деп айтқандай біздің маман иелерінің еңбегінің зор екенің осыдан да көруге болады.Тәрбиеші бала зейінің дамыта отыра жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті.
Тәрбиеші өзінің әрбір өткізген сабағын баланың ақыл- ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас шамасына қарай, қабілет ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта- жігері артып,құлшынысы оянатыны сөзсіз. Мен өзімнің еңбек жолы мен сабақ барысында балалардың ой өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ойындар видеороликтер мен ертегілерден көрініс ұйымдастырамын. Себебі бала рольде өзі ойнаса сол кейіпкердің жақсы қасиеттерін алып, жаман қасиеттерінен жиіркеніп, өзінің бойын сіңіреді
Абай атамыз айтқандай қазақ баласының бойында «ыстық қайрат, нұрлы ақыл,жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты міндеті мен заңдылығы болса, онда осы үш қасиетті балалардың бойыны мен санасына сіңіре білу – ол менің міндетім. Қорыта келгенде өз мамандығымды терең меңгеріп үздік тәрбиеші болып қалыптасып, жоғары нәтижелі жетістіктерге қол жеткізетініме сенімдімін. Еңбек жолымда балаларға мейірім төге отырып,өмірге деген кызығушылығын оятуға, адамгершілікке, бірбіріне деген сүйіспеншілікке және олардың биік белестерге жетуіне, жауапты екенімді еш уақытта да естен шығармаймын.