Рза Қунақова «Жемістер жыры»
Білім беру саласы Қатынас
ҰОҚ Көркем әдебиет
Тақырыбы Рза Қунақова «Жемістер жыры» өлеңі
ҰОҚ Мақсаты Тәрбиелілік: Топта жұмыс жасауға, өзара қарым-қатынасқа түсуге дағдыланады.
Білімділік: Жемістер жайлы түсініктері қалыптасады.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қоры молаяды, есте сақтауы, тіл байлығы дамиды.
Күтілетін нәтиже Жаңғыртады:Жемістерді атай отырып, бірін-бірінен ерекшеліктерін ажырата алады.
Түсінеді:Жемістерді танып, түстерінің, дәмінің әр түрлі болатынын түсінді.
Қолданады:Жемістерді ағаштарымен бірге біріктірді.
Ресурстар АКТ, Алма мен алмұрт муляждары, Суреттер.
«Триз» әдісі, «Воскобович» әдісі, Жемістер, Жеміс ағаштары
Пазл Себет Қожын Жемістер
Ойлау деңгейі Білу, Түсіну, Қолдану
ҰОҚ түрі Интеграция
Жоспарланған уақыт
2мин
Ашық сұрақтар
1 мин
2 мин
6 мин
Бекіту
2мин
Рефлексия
1мин
Бағалау
1мин
ҰОҚ соңы
15мин -Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар қазір жылдың қай мегілі?
-Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер піседі?
(Жемістердің пайдасы мен маңызы)
-Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақ: Аспай піскен,
Қайнамай түскен
-Ол не?
-Жемістерге нелер жатады?
-Жемістер қайда өседі?
Кері байланыс
Ашық сұрақтар. Бала үні. Тікелей бақылау.
-Балалар, мына себеттен өзімізге ұнаған жемісті алайық.
«Топтастыру» Саралау
І топ Алма,
ІІтоп Алмұрт болып топтасамыз.
-Жемістерді піспей жұлуға болады ма?
-Жемістер мол өнім беру үшін не істеуіміз керек?
Рза Қунақованың «Жемістер жыры» өлеңін оқып беремін.
Нардай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар.
Тілді балдай үйірем,
Өз көркіме сүйінем.
Бұрын пісем бəрінен,
Аялдауды білмеймін.
Өйткені алтын өрікпін,
Бақшаларға көрікпін.
Менің атым – алмұрт,
Ұнатып жер бар жұрт.
Мені өсіре алмайды,
Қарағандар салғырт.
І топ Алма
Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Жемістерді ағаштарына орналастыр»
Мақсаты: Балалар жемістердің түрлерін біледі, ағаштарына орналастыра отырып жемістердің атауларын айтып үйренеді.
Воскобович әдісі.
Саралау:Оқу процесі арқылы, мазмұнды.
Бақылау: Тікелей, Жаппай
4К, Бала үні
ІІ топ Алмұрт
Құрылымдалған ойын «Жемістерді құрастыр»
Мақсаты: Жемістерді құрастыру барысында зейін қойып ойланады, тиянақтылыққа қалыптасады.
Саралау: Оқу ортасы, өнім арқылы
Бақылау: Құрылымдалған, жаппай
4К, Бала үні.
ІІІ топ Өрік
Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын «Жемісті ретте»
Мақсаты: Бірізділікпенен жүйелі сөйлеуге дағдыланады.
Саралау: Оқу ортасы, өнім арқылы
Бақылау: Құрылымдалған, жаппай
4К, Бала үні.
Сергіту сәті:
Алма, өрік, шие, алша
Жидек, жүзім піседі.
Теріп, теріп алайық,
Себетке біз салайық.
Күзгі ағаштың айналасындағы жемістерді теріп себетке салады.
Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын.
«Ғажайып қоржын»
Мақсаты: Қоржыннан шыққан жемістерді түсін, пішінін, исін ажырата білуге үйренеді.
Саралау: Мазмұнды саралау.
Бақылау: Тікелей, құрылымдалған.
Сыни ойлау, Бала үні.
-Жарайсыңдар балалар ойынды жақсы ойнадыңдар!
Ашық сұрақтар. Бала үні.
-Ал балалар, жемістер қайда өседі екен?
-Қане, «Жемістер жыры» өлеңін тағы бір айтып жіберейікші.
-Жарайсыңдар, бұл өлеңде қандай жемістер айтылған?
-Дұрыс. Енді осы жемістерге күтім жасап тұрайық.
-Балалар, Басбармақпен бүгінгі сабақты бағалайық
Слайд суреттер
Күз мезгілі, жемістер
Алма мен алмұрт муляждары.
Жемістердің суреттері.
Күз мезгіліндегі бақтың суреті.
«Триз» әдісі
Интербелсенді тақтадан жемістердің суреті шығып тұрады.
Алма
Өрік
Алмұрт
«Воскобович» әдісі
Жемістер,
Жеміс ағаштары
Жемістер суреттерінің кеспелері
Ағаш
Жеміс муляждары
Себет
Қожын
Жемістер