Таным саласы «Геометриялық пішіндер»
Геометриялық пішіндер. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.»»
Шоханова Айсауле
«Қызғалдақ»бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Мақсаты:Балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету, кеңістікті бағдарлау қабілетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың сөйлеу және талдау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:түсіндіру, үйрету, көрсету, сұрақ – жауап, сергіту сәті қорытындылау.
Көрнекілік – құрал: пішіндер туралы видео, сурет, сандар, үлестірмелі пішіндер.
Жаңа сөз: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы.
Сөздік жұмыс: Үшбұрыш – треугольник, Төрбұрыш – четерый угольник, дөңгелек – круг.
Тәрбиешінің іс – әрекеті
– Балалар бүгін бізде ерекше күн.
– Ең алдымен келген қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы,
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Тәрбиеші:
– Бүгін біздің ұйымдастырылған
Оқу іс – әрекетінің қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру деп аталады.
– Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілі неше айдан тұрады?
– Қане, күз мезгілінің ай аттары қалай аталады?
– Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
– Өте жақсы.
Ғажайып сәт «Сиқырлы күн»
– Балалар бүгінгі тақырыбымызды ашу үшін «сиқырлы күнге» келіп пішіндерге саяхат деп айтайықшы
Пішіндер тақпағын айтады.
Жарайсыңдар!
Ендеше балалар,пішіндердің тапсырмасы бар екен.
1 – тапсырма.
Пішіндер туралы жұмбақтар.
Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?
– Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарындағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз.
(Балалар көрсетеді түсін айтады)
– Үшбұрыш неге ұқсайды екен?
– Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.
– Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бар.
Бұл қай пішін?
– Ия, дұрыс. Төрт бұрыш неге ұқсайды екен?
– Алдарындағы пішіндерден төртбұрышты көрсетіңдерші, түстерін айтыңдар.
– Тағы бір жұмбақты жасырайын
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар?
– Өте жақсы
– Дөңгелек неге ұқсайды?
– Өте жақсы балалар.
Ал, енді алдарындағы пішіндердің, ішінен дөңгелекті көрсетіңдерші, түстерін айтамыз.
– Өте жақсы, жарайсыңдар!
2– тапсырма: Қай пішінге не барады? Көрсет.
3 – тапсырма:Суреттер қандай пішіндерге ұқсайды?
(Алма мен уйдің суреті.)
Сергітусәті:
Ал, балалар тұрайық
Қолдан шеңбер құрайық.
Түзу болып тұрайық
Бір – біріне қосқанда
Үшбұрышты құрайық.
«Ойлан тап» дидактикалық ойын.
Мақсаты: Әртүрлі пішіндерден заттар құрастыру. Қандай пішіндерден жасағанын және түстерін ажыратуға үйрету.
4- тапсырма: Адасқан фигураларды тап?Жоқ пішіндерді қою, атын атау, түстерін ажырату.
5 – тапсырма: Геометриялық пішіндерді үлкен үйдің терезелеріне қатар бойынша орналастыр.
Телефон дауысы естіледі.
– Иә, сәлеметсізбе?
– Бұл «Ақ бұлақ» тобы.
– Иә, Дымбілмес бізбен бірге Қазір шұғыл түрде Дымбілместі сіздің патшалығыңызға тапсырмалармен бірге жеткіземіз.
Қимылды ойын: «Өз пікіріңді тап»
«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш – пыш, пыш – пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу – гу, гу – гу гуілдет.
Балалармен сұрақ – жауап.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Геометриялық пішіндерді біледі.
Нені игерді: Геометриялық пішіндерден заттарды жасап құрауды.
Нені біледі: Жұмбақтардың шешуін, тапсырманы орындауды.