Балабақша

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Білім беру саласы : Таным, шығармашылық
Оқу іс- әрекеті: Математика, жапсыру
Тақырыбы : « Қанша? , Нешінші? ұғымдары» , « Бағдаршам»
Мақсаты : 1. Балаларға қанша? , нешінші? деген ұғымдарын қалыптастыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
2. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін арттыру.
3. Жапсыру арқылы білімдерін бекіту, ұқыптылыққа , сақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам суреті, түстер, желім .
Сөздік жұмыс: Қанаша, Нешінші, Бағдаршам, Тоқта, Сақтан, Жол ашық.
Ұйымдастырушылық – оятушылық:
Шаттық шеңбері.
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам.
Болайын мен де аман.
Тәрбиеші: — Балалар сендермен Қанша? Нешінші? деген ұғымдармен танысамыз.
(Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады)
Жұмбақ
Менің үш көзім бар .
Бір көзім: « Тоқта» дейді.
Бір көзім: « Сақтан» дейді.
Бір көзім: « Жол ашық» дейді.
(Бағдаршам) дұрыс айтасыңдар. (Тақтаға бағдаршамның суреті ілінеді.
-Бағдаршам дегеніміз не? Бағдаршам көше қозғалысын реттейтін шам. Бағдаршам жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін жеңілдетеді, ал оның белгісі көліктерге арналған.
Сұрақ – жауап: — Бағдаршамның неше көзі бар? ( Үш)
-Бірінші көзінің түсі қандай? ( Қызыл)
-Ол қандай белгіні білдіреді? ( Тоқта)
-Екінші көзінің түсі қандай? (Сары)
-Ол қандай белгіні білдіреді? (Сақтан)
-Үшінші көзінің түсі қандай? ( Жасыл)
-Ол қандай белгіні білдіреді? (Жол ашық) дұрыс айтасыңдар балалар. Біз бағдаршам көздерімен таныстық, түстерін ажыраттық. Ал енді қай түс нешінші орналасқанын табайық.
Сұрақ – жауап: — қызыл түс бағдаршамның нешінші көзінде орналасқан? ( Бірінші)
-Сары түс бағдаршамның нешінші көзінде орналасқан? ( Екінші)
-Жасыл түс бағдаршамның нешінші көзінде орналасқан? ( Үшінші) дұрыс айтасыңдар. Балалар орнымыздан тұрып сергіп алайық.
Сергіту сәті : Бас көшеде қырағы,
Үш көзді дәу тұрады.
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп біл үш сөзін
Тоқта
Сақтан
Жол ашық
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта, баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін, жасқанба
Тәрбиеші: Балалар сендерге бағдаршамның суретін беремін, сендер көздерін орналастырасыңдар. Жұмыс жасағанда қолымызды аузымызға салмаймыз.
-Алдыларыңдағы бағдаршамның нелері жоқ? ( Көздері) ( Балалар бағдаршамның көздерін естеріне түсіре отырып орналастырады. Балалар өткен сабақты, жасаған жұмыс-
тарын тақпақпен аяқтайды) . Кезекші үстелдердің үстін жинастырады.
Қорытынды: — Қандай ұғымдармен таныстыңдар?
-Қандай түстерді ажырата білдік?
-Ненің көздерімен таныстық?
-Сабақ ұнады ма?
Күтілетін нәтиже: Қанша, нешінші? Ұғымдарды білу.
Білу керек: Жолда жүру ережесін, санауды.
Болу керек: Қызығушылық, белсенділік, ұқыптылық.
Үйрену керек: Түстерді ажыратуды, қанша, нешінші ұғымдарды ажыратуды.

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. SANDUGASH:

    balabakhshanin jildik jumis josparin kalay aluga BOLADI?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *