Аяқтарды бірге, алшақ қойып секіру. Саптізбекте бағыттарын ауыстыра отырып жүру. Түрлі бағытта төрттағандап еңбектеу.
Білім беру саласы | «Денсаулық» | ||
Бөлім | Дене шынықтыру | ||
Тақырыбы | Аяқтарды бірге, алшақ қойып секіру. Саптізбекте бағыттарын ауыстыра отырып жүру.
Түрлі бағытта төрттағандап еңбектеу. |
||
Мақсаты | Секіру іскерліктерін қалыптастыру: аяқтары бірге, аяқтары алшақ. | ||
Сөздік жұмыс | Алшақ. | ||
Көптілді компонент | Еңбектеу-пользать-crawl. | ||
Ресурстар | Жалаушалар. | ||
Барысы | |||
ҰОҚ кезеңдері | Педагогтың әрекеті | Тәрбиеленушінің әрекеті | |
Кіріспе бөлім | Кіріспе бөлім:
Дене шынықтыру бөлмесіне келген балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу. -Бүгінігі көңіл күйлерің қалай? |
Көңіл күйіміз жақсы. |
|
Негізгі бөлім | ІІ.Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары: Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалау-шаларды жоғары көтеру, оларды айқас-тырып , бір-біріне соғып тықылдату, төмен түсіру.
Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалау-шаларды иыққа қойып ұстап тұру. Отыру, жалаушаларды алға созу, тұру, бастапқа қалыпқа оралу.
Б.қ.: тізерлеп отыру, жалаушалаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жо-ғары көтеру, оларды оңға және солға бұлғау, бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. III.Негізгі қимылдар: Аяқтарды бірге, алшақ қойып секіру.
Саптізбекте бағыттарын ауыстыра отырып жүру. Түрлі бағытта төрттағандап еңбектеу.
Қимылды ойын: «Бақшадағы тауықтар» III.Тыныс алу жаттығулары
|
Аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды жоғары кө-тереді, оларды айқастырып, бір-біріне соғып тықылдата-ды, төмен түсіреді.
Аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды иыққа қойып ұстап тұрады. Отырады, жалаушаларды алға созады, тұрады, бастапқы қалыпқа оралады. Тізерлеп отырады, жалауша-ларды төмен түсіріп тұрады. Жалаушаларды жоғары көтереді, оларды оңға және солға бұлғайды, бастапқы қалыпқа оралады. Аяқтарды бірге, алшақ қойып секіреді. Саптізбекте бағыттарын ауыстыра отырып жүреді. Түрлі бағытта төрттағандап еңбектейді. Ойынға белсене қатысады. Шеңбер бойымен жүріп тыныс алу жаттығуларын жасайды. |
|
Қорытынды бөлім | -Сонымен бүгін сендермен қандай жаттығуларды жасап үйрендік?
-Қандай қимылды ойын ойнадық? -Сендерге қиын болған жоқ па? -Бүгінгі сабағымыз ұнады ма сендерге? |
Орындаған жаттығуларын атап береді.
«Бақшадағы тауықтар» -Жоқ,қиын болған жоқ. -Иә,ұнады |