Мектепке дейінгі жаңа іс — тәжрибе мен әдістеме
«Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы
бойынша білім бөлімі»ММ №4 балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі Байшағарова Назым Мұратқызы
Тел: 8708 365 95 15
Эл.пошта: baishagarovanazym@mail.ru
Мектепке дейінгі білім берудегі тәжрибемен мен әдістеме
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартында мектепке дейінгі ұйымдарда зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуымен тұлға қалыптастыру басты міндет болып берілуде. Жалпы мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқыту процесінде педагогикалық білімі бар тәрбиешілер қызмет атқарады, десек те осы педагогтарға бағыт беріп, жаңашыл әдістерді таныстырып, білім сапасын арттыруда тәжірибенің алатын орны зор.
Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет. Осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет.
Қазіргі педагогикада инновация –білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады.
ХХІ ғасыр – ақпарат заманы, технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Соңғы жылдары SMART технологиясы ұғымы, яғни ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз. Қазақстандағы жаңашыл педагогтің бірден бір бірегейі Құмаш Нұрғалиұлының, болашақ еліміздің іргетасын қалаушы өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үрдісінде креативті білімпаздарды тәрбиелеу мен оқытуды көздегені бәрімізге мәлім.
Білімнің баспалдағы болған балабақшадан бастап жас ұрпаққа, ойын арқылы бастаушы білімді меңгерте отырып, негізгі қажетті құндылықтарды баланың бойына сіңіре отырып жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі ретінде өз іс- тәжрибемде түрлі жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, дәстүрлі білім беруді жаңашыл білім берумен алмастырып, балалардың оқуға деген қызығушылықтарының артуына азда болса да өз үлесімді қосудамын.
Әдістің мақсаты:
Педагогтің дербес және кәсіби іс-әрекетіндегі ең жоғарғы деңгейдегі жеке нәтижесін көтеру.
Коучингтің негізгі процедурасы-диалог,тиімді сұрақтар қою және мұқият жауаптарды тыңдау. Осы диалог кезінде педагогтың әлеуетін толық ашуға болады, мотивациясы жоғарылайды және өзіне маңызды шешімдер қабылдайды. Мастер класс немесе шеберлік сыныбын ұйымдастыру бүгінгі жаңашыл жұмыстардың бірі. Бұл білім беру жүйесіндегі педагогтардың біліктілігін арттыратын маңызды шаралардың бірі. Балабақшадағы әдістемелік жұмыстар тәрбиеші-педагогтардың шығармашылық, әдістемелік, зерттеушілік қасиеттерін дамытуға зор әсерін тигізетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 137 қаулысымен бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінің
1 – тарауындағы 4- тармақшасын негізге алып отырмын.
«Дамытушы орта – заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта»
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Әлеумет» білім беру саласының мақсатын анықтап, балалардың қоғам да өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін дербес болуын, өзінің ылықтарына жауап беруін, өзінің мылдарының мақсаттылығы мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; қарастырады .
«Әлеумет» білім беру саласы әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын қоғамдағы мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруді; баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасай алуын; дербестікке тәрбиелеуді; айналадағы адамдарға құрметпен қарауды, өз отбасына тиесілік сезімін, эмоциялық жауаптылықты, эмпатияны қалыптастыруды; қазақ халқының, сондай-ақ басқа да халықтардың тарихы мен мәдениетін білу мен құрметтеуді, туған жер туралы түсініктерді; әр түрлі еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандықтағы адамдарға қызығушылықты қалыптастыру бойынша топ жасақталып, ұлттық негізді тәрбие беретін функцияны атқару бағытында толықтырылды.
Мен өз тобымның заттық кеңістікті дамыту ортасындағы бар заттарға диагностикалық құралдарды қолдану арқылы алынған зерттеу нәтижелерін талдау және түсіндіру ECERS-R шкалаларын қолдана отырып, зерделеу ұйымдастырдым. Зерделеу нысанына барлық заттар тізімін жасап, аналитикалық талдау жасадым. Заттық кеңістікте орналастырылған заттар білім беру мақсаттарын жүзеге асыруға барлық бағытты қамтамасыз етеді. Дегенімен, робототехника бағытындағы заттар қарастырылмаған болғандықтан, мен лего конструкторлар, планшеттер мен біздің балабақшаға жаңадан алынған мультстудияны, құрылымдалған ойындарды енгіздім. Балалардың қызығушылығын арттыру мен танымдық дамуын қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламалары мазмұны мен стандарт талаптары негізінде лего, виду робо робо балаларға арналған бағдарламаларын жүктеп, балалардың планшеттік программалауына таным білім беру саласының мазмұнаны сәйкес ойындар ұйымдастырдым. Ұйымдастырылған жаңа заттық-кеңістіктің балалардың дамуына әсерін бақылау мақсатында бақылау диагностикасы жүргізілді балалар бастапқыда робототехника арқылы білімді меңгеруі бойынша қызығушылығы жоғары болғанымен сапасы төмен болды. Бүгінгі көрсеткіш бойынша сапа артып келеді деп сеніммен айта аламыз. Робототехника заман талабы. Оны меңгерту баланың болашақта білім алуға құштарлығын арттырып, білім алудың сапасын арттыруға әсері мол екені айқын. Тек педагогтар шамадан тыс баланы жүктеуден аулақ болуымыз керек.
Балалардың коммуникативтік-тілдік дағдыларын дамыту үшін оның сапасын бағалау негізінде заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын жобалау
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуында балалардың сауаттылығына тікелей әсер ететін кітаптарға қызығушылық бәсең десек қателеспеген болармыз. Балалардың визуалды қабылдауы, ой елегінен өткізу, бейнелі қабылдау үрдістері кітаптардың көмегіменжүзеге асырылып отырса, біздің дәстүрлі және мәдіни мұрамыз, тіздің ерекшелігіміз. Сондықтанда мен дәрістерден алған тәжірибемді өз тобымда заттық кеңістік дамытушы ортасын құруды коммуникативті-тілдік қарым қатынасты дамытуға арнадым. Осы ағытта мен өзімнің тобымда бұрындары үйлестірілмеген кітапханасын үйлестірдім. Мұнда балаларға арналған түрлі әдібиеттер, халық ауыз ертегілері, электронды оқулықтар қойылды. Балалар бұл аймақты еркін әрекеттеде қол жетімділікпен қолдануына жағдай жасалды. Мектепке дейінгі жаста баланың коммуникативті дамуындағы маңызды «әдеттенуінің» бірі орын алады. Сондықтан, Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік дағдылары көбіне сөйлеуді дамыту қажет етіледі өйткені , Сөйлеу – бұл ең маңызды психикалық функциялардың бірі, ақыл-ой операцияларының, эмоционалды күйлердің «айнасы», ол баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеуде үлкен рөл атқарады. Осындай ұйымдастырылған мен ұсынған жобада Балалардың өзіндік жұмысы барысында білім алуға қызығушылығы артады.
Сапаны бағалау негізінде балалардың танымдық дағдыларын дамытуға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын жобалау.
Жобаның идеясы -балалардың танымдық дағдыларын дамыту үшін жаңа буынның ойын жабдықтарын мақсатты таңдау және ұтымды пайдалану.
Бұл ретте Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Таным» білім беру саласының мақсатын анықтайды.
Мақсаты: табиғат құбылыстары, адамдардың өмірі туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға арналған жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке тұлғасын қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл жасаудағы қажетті танымдық іс –әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеруі үшін дамыту болып табылады. Жоба аясында қалдық материалдармен дайындалған қосымша дамыту құралдары орналастырылды. Танымдық іс-әрекет ерте балалық шақта заттық-манипулятивті іс-әрекеттің тереңдігінде туындайды, қарапайым, мысалы, заттармен «мақсатсыз» (процедуралық) эксперимент ұсынылады, сол кезде қабылдау дифференциалданады, заттарды түсі, формасы, мақсаты бойынша қарапайым категориялау, сенсорлық стандарттар, қарапайым құралдар әрекеттері игерілген.Мектепке дейінгі балалық шақта танымдық іс-әрекеттің «аралдары» ойынға, өнімді іс-әрекетке, кез-келген жаңа материалдың мүмкіндіктерін тексеріп, бағыт-бағдар беру іс-әрекеті түрінде «тоғысу» жүреді.Іс-әрекетке қосылатын бейнелі-символикалық және сөз балаға заттармен сыртқы «тиімді» эксперименттен ауызша ізденімпаздыққа, заттардың мүмкін (елестетілген) байланыстары мен қатынастары туралы ой қорытуға ауысуға мүмкіндік береді.
«Сапасын бағалау негізінде балалардың шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын жобалау.
Шығармашылық» білім беру саласы сурет салуды, мүсіндеуді, қолдануды, өнер туындыларын қабылдау мен түсіну қабілеттері мен дағдыларын, командада жұмыс істей білу, қоршаған әлемге деген эстетикалық қатынасты; өнер түрлері, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық әрекеттерін жүзеге асыру туралы түсініктерді қалыптастыру.
Ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін (жеңіл және орташа дәрежеде ақыл-ойдың артта қалуы) тәрбие мен оқыту шығармашылық қызмет процесінде нақты әлем бейнелерін қалыптастыруды, пәндік түсініктерді нақтылауды, айқындауды және жалпылауды қамтиды. Әсіресе бүгінгі таңда балабақшаларда мүмкіндігі шектеулі балалар ортақ топта тәрбиеленеді. Осыған орай, мен балалардың шығармашалық саласында ұсақ қол моторикасын, эстетикалық талғамы мен сұлулыққа құмарлығын арттыруға тырысып отырамын. Бұл ретте бізге тиімділік беретін ермексазды көптеп қолданып, балалардың әртүрлі әрекетінде мүсіндеп ой-қиялдарын дамыту үшін жағдай жасаймын. Мысалы балалар өздерінің қалауы бойынша түрлі мүсіндерді жасап, онымен ойындар ұйымдастырады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлықтарына жағымды әсер ету мен өзге балалармен қарым-қатынасын реттеуде кинетикалық құмның әсері мол . Бұл құралды мен өзімнің заттық-кеңістік ортасын құруда қолданамын. Сонымен қатар зерттеу әдістерін ұйымдастыруға болады. Құмның қозғалысы, суды сіңіруі т.б. Балалардың балабақшадағы шығармашылық іс-әрекеті дегеніміз – нәтижесінде жаңа нәрсе жасалатын, мейлі ол сыртқы әлемнің объектісі болсын немесе әлем туралы жаңа білімге жетелейтін ойлау құрылымы болсын немесе болмысқа деген жаңа көзқарасты бейнелейтін сезімі жасалатын адамның осындай әрекеті деп түсініледі. Шығармашылық қызметтің нәтижесі оның тәжірибесіндегі бұрынғы әсерлерді немесе іс-әрекеттерді жаңғырту емес, жаңа бейнелер немесе іс-әрекеттер жасау болып табылады.
Сапасын бағалау негізінде балалардың денсаулық дағдыларын дамытуға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы орта.
Топтағы денсаулық саласы бойынша балалардың білім мен дағдыларын дамытып, сапалы білім беру үшін заттық-кеңістікті «дене шынықтыру жабдықтары, қозғалыс / сауықтыру орталығы, дене шынықтыру алаңы. Денсаулық- адам өмірінің ең маңыздысы. Бүгінгі таңда денсаулыққа қатысты баланың дамуын салматтылыққа бағыттап отыру тәрбиешілер үшін жауапкершілікті іс. Баланы өз денсаулығына саналы көзқараспен қарауға тәрбиелеу. Баланың бойында қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық қасиеттерін қалыптастыру. Диагностикалық құралдарды қолдану арқылы алынған зерттеу нәтижелерін талдау және түсіндіру шкалаларын қолдана отырып, зерделеу ұйымдастырдым. Зерделеу нысанына ата—аналар, курс оқығанға дейінгі жабдықталған ортаға сарапшы ретінде педагог-әріптестеріміз шақырылып, пікірлері мен кеңестері тыңдалды. Балалардың қаншалықты денсаулық сақтау құралдарын қолданып қызығушылығын анықтау бойынша ойын әрекетін бақылау жүргізілді. Сыртқы және ішкі талдауда дамытушы ортадағы заттардың
Бағдарламалық мазмұнға сәйкес :
- Қауіпсіздікке
- Психологиялық сәйкестілік;
- Жүктемелік ауырлығы;
- Жас ерекшелік сипатының сәйкестігі.
Жабдықтардың мөлшері барлық балалардың физикалық белсенділіктің әртүрлі формалары үдерісіне белсенді қатысуы негізінде анықталады.
Балалардың сапасын көтеру мақсатымда дамытушы ортаның бала дамуына орасан зор ұлесін қосарын түсіндім.
Назарларыңызға рақмет!