И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»
Білім беру саласы | «Қатынас» | ||
Бөлім | Көркем әдебиет | ||
Тақырыбы | И. Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде» | ||
Мақсаты | Әдеби шығарманың мазмұнын тыңдау және түсіну іскерлігін жетілдіру. | ||
Сөздік жұмыс | Сөре. | ||
Көптілді компонент | Ойыншық-игрушка- a toy. | ||
Ресурстар | Картон жолағы,ойыншықтар суреті. | ||
Барысы | |||
ҰОҚ кезеңдері | Педагогтың әрекеті | Тәрбиеленушінің әрекеті | |
Кіріспе бөлім | Балалар, бізде қанша ойыншық бар екенін қараңдаршы.
Сендер үйде қандай ойыншықтармен ойнағанды ұнатасыңдар? |
Назарларын ойыншықтарға аударады.
Әркім өзіне ұнайтын ойыншықтарын айтады. |
|
Негізгі бөлім | Сендер ойыншықтар сататын дүкенде болдыңдар ма? Дүкендегі ойыншықтар қай жерде тұрады екен? Тәрбиеші магниттік тақтаның ортасына картон жолағын қояды және бұл сөре дейді. Тәрбиеші:Міне,ойыншықтарға арналған сөре. Мен ойыншықтарды сөреге қоямын. Бүгін сендерге ойыншықтар туралы И. Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде» ертегісімен танысамыз. Ертегі желісін магниттік тақтада суреттер көрсету арқылы айтады Ертегінің мазмұны туралы әңгіме. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды, жауаптарды тыңдайды, нақтылайды. Сұрақтар: — Сізге аю туралы ертегі ұнады ма? — Неліктен аю дүкендегі сөреде тұрғаны өкінішті болды? — Неге бұл аю туралы ешкім сұрамады? — Аюға неге көңілсіз болды ? -Аю өзін қалай жұбатты, ол не деді? Аю дүкеннен көшеге шыққан кезде, алдымен ол аздап қатты шошынды0. Аюды не қорқытты? — Көшеде аю кімді көрді? Ойын: «Ғажайып қалта» | Дүкенге арғандарын айтады.
Сөрелерде тұрады.
Мұқият тыңдайды.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Ойынға белсене қатысады. |
|
Қорытынды бөлім | -Сонымен балалар бүгін қандай ертегімен таныстық?
-Ертегі не туралы екен? Ертегі сендерге ұнады ма? |
Сұрақтарға жауап береді. |
|