ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

«Қарлығаш» балабақшасы балаларды ертегілерді пайдалана отырып тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен дәстүрді құрметтеу, ата-аналарды білім беру процесіне тарту және отбасында кітап оқу дәстүрін ынталандыру мақсатында «Анамның ертегісі» жобасын бастады.
Балабақша педагогтерінің пікірінше, мектеп жасына дейінгі балалар үшін ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ертегі арқылы олар әлем, қоршаған орта туралы ақпарат алады, сөздік қорын кеңейтеді, логикалық сөйлеуді дамытады. Бала ертегі тыңдағанда бейнелерді елестете отырып, кейіпкерлерді түсінуге, оларға жанашырлық танытуға және мейірімділікке үйренеді. Сондай-ақ, ертегі баланың бойындағы мазасыздықты жою тәсілдерінің бірі әрі қалыптасып келе жатқан тұлғаның жағымсыз тұстарын жеңуге көмектеседі.
– Ата-аналар «Анамның ертегі» жобасын жылы қабылдады. Жоба орта топтағы балаларға арналған, өйткені 3-4 жасында олар өте ізденімпаз, жігерлі және белсенді келеді. Жоба бойынша аналар баласы тәрбиеленетін топқа педагогпен бірге алдын-ала таңдалған ертегіні оқиды, балалармен сөйлеседі, сұрақтар қояды, кейіпкерлерді талқылап пікір алмасады, – дейді №3 «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Асель Садвакасова.
Ата-анаға күнделікті күйбең тіршілікте уақыт тауып, балаға ертегі оқудың маңызы зор. Себебі, бірге кітап оқу ата-ана мен баланың арасын жақындастырып қана қоймай, рухани қарым-қатынастың сирек және қуанышты сәттерін толтырады.
Возможно, это изображение 15 человек, ребенок, люди стоят, люди сидят и в помещении

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *