ҰБТ кезіндегі стрессеті жою

Тақырыбы: ҰБТ кезіндегі стрессеті жою

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.

Міндеті:

  • Өзіндік сенімі болуға баулу.
  • Өзіндік бағалауын анықтау.
  • Стресті жеңуге жол көрсету
  • Оқушыларға ҰБТ-ті сенімді тапсыруға дайындау.

Сабақтың түрі:  психопрофилактикалық сабақ

Тренингтің барысы:

Психолог: Сәлеметсіздер ме? Көңіл – күйлерін қалай? Бүгінгі тақырыбымыз « ҰБТ кезінде стрессті жою » келесі жаттығуымызды бастамастан бұрын біз өзімізге ереже құрып алайық.
Ойын ережесі
– бір-бірін тыңдау
– уақыт үнемдеу
– белсенділік таныту
– достық қарым-қатынас
– жағымды эмоция тудыру
Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат,  міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айытпақшы «Талаптыға нұр жауар! » деген емес пе? Бақтарың жансын!

  1. «Ойландыратын жағдай»бейнебаяны
  2. «Мамандық таңдау»тесті
  3. «Шынымды айтсам» жаттығуы

Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.

Материал: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.

Нұсқау: Алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөзді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.

Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, тест, емтихан, туралы ойлансам….

Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда….

Шынымды айтсам, мен алдағы тест, емтиханда болатын стрессті ұмытқанда….

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде….

Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның қобалжуын ойлағанда….

Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда….

Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде….

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда….

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда….

Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде….

Талдау:

Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

Топ қатысушылары туралы жаңа бір-бір нәрсе білдіңіздер ма?

Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңызға қандай?

  1. «Ашулы қарлар»жаттығуы

Мақсаты: бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа шығару.

Нұсқау: Оқушылар қазір біз сіздермен өте бір қызықты жаттығу өткіземіз , ол үшін сіздер берілген қағазды ақырындап бумаждай бастаймыз, енді біраз тезірек бумаждаймыз, қаттырақ бумаждай бастаймыз. Енді осы қағаздан түйір жасаймыз. Ал енді оқушылар қазір біз сіздермен 2 топқа бөлінеміз, осы қағаз түйірлерін біз қазір бір- бірімізге лақтырамыз, яғни қай топта қағаз түйірлері көп болса сол топ жеңіліп қалды. Ал, кәнекей бастайқ!

Жақсы рахмет! Қай топта қағаз түйірлері көп? Қайта шеңберге турамыз.

Кері байланыс: Қағазды бумаждағанда қандай сезімде болдыңыздар? Ал қағаз түйірдерін лақтырғанда қандай сезімде болдыңыздар?

Яғни сіздердің барлық ауыртпалықтарыңыз осы қағазбен кетті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *