Дос іздеген бота

Торғаева Айнур Жаңабаевна

Мақсаты:

Білімділігі: Сөйлеу  тілінде  біріңғай  мүшелерді  қолдана  білуге  уйрету. Шағын  тақпақтар мен  мақал – мәтелдерді жатқа айтуға үйрету. Дыбыстарды  дұрыс  айтуды қалыптастыру. Дидактикалық  ойын  арқылы  өткен сабақты  еске  түсіруді  үйрету.

Дамытушылық: Сөздік қорын байытып, тілдің  грамматикасын  дұрыс  сақтауды  дамыту. Өздеріне  таныс  ертегілерді  жетектеуші  сұрақтар  арқылы, өз  беттерінше әңгімелеу, қабілеттерін  дамыту. Ертегілерді  кейіптендіре  отырып, қызығушылығын  арттыру.

Тәрбиелеу: Ертедегі  кейіпкерлердің  жағымды әсерлерімен, балалар  бойында  достық, мейірімділік  қабілеттерін  дамыта  отырып, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Сөздік  жұмыс:үлбіреп, адалдық.

Көрнекілік: Уй  жануарларының суреттері, ертегі  кейіперлерінің  киімдері.

Әдіс – тәсілі: Әңімелеу, рөлге бөліп ойнау, ән, тақпақ, мақал – мәтелдерді  айту. Кубизім тәсілі, слайд, жетелеуші, сұрақ – жауап  мадақтау.

Балалар  шеңбер  болып тұрады  да  келген  қонақтармен  амандасайық.

Шаттық шеңбері:  Қайырлы  таң  ұстазым!

Қайырлы  таң  достарым!

Шеңберге  тұрайық.

Жылулықты  сыйлайық.

Балалар  бүгін  бізде  сөйлеуді  дамыту  оқу қызметі  ерекше  болғалы  тұр. Бізге көп  қонақтар  келіпті, ал  әдеттегідей  жыл  мезгілдерін  қайталап  кетейік.

-Өткен  сөйлеуді  дамыту оқу  қызметінде қандай  тақырыппен таныстық?

Балалар жауабы: « Үй  жануарларымен».

-Енді  осы тақырыпты есімізге  түсіру  үшін, дидактиалық  ойын  ойнаймыз:

« Ненің төлі?» деп  аталады.

-Ал енді, осы  түйенің төлі  бота  туралы  қандай  ертегі  оқып  бердім?

Балалар  жауабы: « Дос  іздеген  бота» дұрыс  балалар.

Осы  ботаның  барған  достарын  есімізге  түсірейік.

Ал  енді  осы  «Дос  іздеген  бота» ертегімізді  қонақтарымызға киіптендіріп берейік.

Ал  енді  барлығымыз  орындарымызға тұрайық.

Автор: Ерте ,ерте,ертеде боталы түйе болыпты.

Нұртас. Түйе:   Түйе,түйе,түйемін

Жануармын иелі.

Жан – жағыма қараймын,

Күн  мен түнді  санаймын.

Автор: Түйе  өзінің  жібек  жүнді, сүйкімді  баласына  мейірімділікті, адалдықты  үйретіп, мөлдір  көзді  бота өте ақылды  болып  өседі.

Нұртас.Түйе:    Қара  көзің  мөлдіреп,

Қызықтырмай  қоймайды.

Жібек  жүнін  үлбіреп,

Қарасам  көз  тоймайды.- Боташым, мен  саған  жақсы  достан  басқаның  бәрін  бердім.

Енді  тура  өзің  сияқты  дос  тап. Доссыз  өмір  қиын, әрі қызық емес. ( ботасы  басын  изеп  тұрады.)

Автор: Бота  өзіне  ұқсайтын жалт  жұлт  еткен  жүні  бар,  жағымды  үні  бар  дос  іздеп  шығады.

Адиля. Бота:    Бота, бота, ботамын,

Ақылды  боп  атандым.

Тостағандай  көзім,

Әдемімін  өзім.

Автор:  Бота  жайылып  жүрген  қозы  мен  лаққа  келеді. Қозы  мен  лақ  жинап  жүреді.

Адиля. Бота: Бө-ө-ө, мен  дос  іздеп  жүрмін.

Қозы: Мә-ә-ә, мен  қошақан қозымын  момақанның  өзімін.

Әмина. Лақ:   Мен  лақпын, қандаймын,

Аппақ  болған  таңдаймын.

Кел  бәріміз  дос  болайық. (айналып  секіреді)

Адиля. Бота: Жоқ…..жоқ, сендер  сияқты  дос  емес.

Қозы  мен лақ:  Мүмкін  күшік  болар.

Автор: Бота  күшікке келеді.

Еркебұлан. Күшік:  Гаф-гаф  мен  күшікпін саңқұлақ,

Үй  күзетем  шапқылап.

Дыбыс шықса маңайдан,

Гаф-гаф! Деймін  қаттырақ.

Кел,  екеуміз  дос  болайық. ( айналып  секіреді)

Адиля. Бота: Жоқ-жоқ, сендер  сияқты дос  емес.

Еркебұлан. Күшік:  Мүмкін  мысық болар.

Автор: Бота  мысыққа келеді.

Адиля. Бота: Бө-ө-ө, мен дос  іздеп  жүрмін.

Азима. Мысық: Мяу-мяу, мен  кәдімгі  мысықпын,

Өзім  тым  пысықпын.

Бәрімен  дос  болып,

Пырылдаған  пысықпын, пыр-р,пыр-р. (айналып секіреді)

Адиля.Бота: Жоқ-жоқ, сендер  сияқты  дос  емес.

Азима. Мысық: Мүмкін әтеш  болар.

Автор: Бота  әтешке  келеді.

Адиля. Бота: Бө-ө-ө, мен дос  іздеп  жүрмін.

Али. Әтеш:  Ку-ка-ре-ку! Бұрап  қойған  сағаттай.

Айқайлаймын  таң  атпай.

Таңмен  ерте тұрамын,

Бәріңді  оятамын. Ку-ка-ре-ку!

Кел  екеуміз  дос  болайық. (айналып  секіреді)

Адиля. Бота: Жоқ-жоқ, сендер  сияқты дос  емес.

Али. Әтеш:  Мүмкін  балапан  болар.

Автор: Бота  балапанға  келеді.

Дильназ. Балапан:  Мен  әдемі  балапан,

Біліп  қой  сен, ботақан.

Достарым  бар  менің  көп,

Кел  екеуміз  дос  болайық.

Жем  шоқиық, бір  ойнайық.

Адиля. Бота: Жоқ-жоқ, сендер  сияқты  дос  емес.

Дильназ. Балапан:  Мүмкін  ара  болар.

Автор: Бота  араға  келеді. Ара  ызылдап  гүлге  қонып  жүреді.

Адиля.Бота: Бө-ө-ө, мен  дос  іздеп  жүрмін.

Мәди. Ара: З-з-з, ұшып келсем  қасыңа,

Менен, сен  шошыма.

Сен  тимесең  тимеймін,

Қастығым  жоқ, досыма, з-з-з.

Кел  екеуміз  дос  болайық,

Гүл  терейік, бал  жинайық. (айналып секіреді)

Адиля. Бота: Жоқ-жоқ, сендер  сияқты  дос  емес.

Автор: Ара  ызылдап  қуа жөнеледі. Бота  арадан  зорға  қашып  құтылады. Басы  салбырап, дос таба  алмай, өз  анасына  келеді.

Нұртас. Түйе: Дос  таптың ба, ботам?

Адиля. Бота: Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі  күннен  сұраңыз, тура  мен  сияқты,  ешкім  жоқ  екен.

Нұртас. Түйе: Өзің  сияқты  дегенім, адалдығыңды айтқанмын, боташым. Досты  жан  тазалығымен  таңдау  керек.

Автор: Бота  қуанып,  адал  достары  қозыны, лақты, күшікті, мысықты, әтешті, балапанды, араны ертіп барлығы  бірге « Дос болайық» орындайды.

 

Балдырған  баламыз,

Досты  көп  табамыз.

Қашан  да, қайда да!

Сенімді  боламыз!

Жарайсыңдар  балалар.

Ал  енді  шаршаған  боларсыңдар, біраз  сергіп  алайық:

Ботақаным  нардың, жарға  неге бардың?

Тіресегің  дірілдеп, секіре  алмай қалдың.

Ертегідегі  бота  өзіне  көп  достар  тапты, ал  сендер  осы  достық  туралы  не білесіңдер?

 Нұршат: Балдырған  баламыз

Досты  көп  табамыз

Қашан да, қайда  да.

Сенімді боламыз.

 

Санжар:   Ортақ  мекен  жер  шар

Төбемізде  бір  аспан.

Барлық  ұлттың  баласы

Достығымыз  жарасқан.

Абдрахман: Досы  жоқпен  сырлас

Досы  көппен  сыйлас.

 Мәди:           Дұшпан  күлдіріп  айтады.

Дос  жылатып  айтады.

Мадина:       Аққуды  атпа, досыңды  сатпа.

Алмас:         Ақылы  көпті  дау  алмас.

Досы  көпті  жау  алмас.

Жарайсыңдар  балалар.

Мен  енді  сендермен  «Кубизм» тәсілімен, бүгінгі  ертегіні  қаншалықты  есте  сақтағандарыңды  тексеремін. Ол  үшін  мына кубикті  ортаға  лақтырып, өздеріңе  қарап  түскен ботаның  мойнындағы  лента түсін  айтасыңдар, сол  түске  байланысты  сұрақтар  қоямын.

-Бота  өзіне  қандай дос  іздеді?  (қызыл  түс)

-Бота  бірінші  қандай төлдермен  кездесті?

-Бота  неден  қашты?

Өте жақсы, сендер  ертегіні  жақсы есте  сақтапсыңдар.

Бүгінгі  ертегі  сендерге ұнадыма?

Мен  оқу қызметін  қорытындылай  отырып, «Не  қалай  дыбыстайды?» деген  сұрақ  қойғым келеді.

-Мысық

-Мяу-мяу

-Күшік

-Гаф-гаф

-Әтеш

-Ку-ка-ре-ку

-Ара

-Ззз-ззз

 

Дос  дегенің  өмірдегі – тірегің

Дос  дегенің  кеудедегі – жүрегің.

Егер  досың  адал  ниеті  жан болса,

Орындалар  армандаған  тілегің.

Осымен  бүгінгі  оқу қызметімізді  аяқтаймыз  сау  болыңыздар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *