«Көнілі көтеренкі ұстаздын еңбегі жемісті» тренинг жаттығу

Ырымжанова Аида Каршигиевна

Мақсаты: 

Ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту,қиын жағдайдан шыға білуге және өзін-өзі тануға баулу.

 

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттанхабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.Сондықтан сіздерге тренинг жаттығуларын ұсынамын.
Тренинг ережесі:

1.Белсенділікті арттыру; 2. Бірігіп жұмыс істеу; 3. Бір-біріне кедергі келтірмеу; 4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену; 5. Өзіме пайдалы нәрсені алу; 6. Әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болу; 7. Өзін еркін ұстауға үйрену.

 

Тренинг барысы:

«Жан жылуы» жаттығу

Қолдарынан ұстап бір-біріне  төмендегі сөздерді хормен айтады. Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды) . Жүрегіме саламын  (тура қарайды). Досыма сыйлаймын (оңға қарайды).Сәттілік тілеймін (тура қарайды).

 

Топқа бөліну.

1 топ. Ұжымдық; 2 топ Достық; 3 топ Әріптестік.

 

«Моншақ» жаттығуы.

3 топқа да алдын ала стол үстіне 3 ине мен жіп беріледі.

Нұсқау:  менің қолымдағы моншақтан өздерініз қалағандарыңызша алыңыздар. Енді алған моншақтың санына қарай өз есіміңізді атай отырып ,жақсы қасиеттеріңізді атаңыз. Олай болса ,мына ине жіпке жақсы қасиеттерінізді тізіп көрейік. Әр топ өздеріне моншақ жасап алады.

 

«Суреттегі ой» жаттығу

Құм терапиясын қолдана отырып «Мен және менің айналамдағылар» тақыпқа ойша сурет салу.

 

«Өзінді теңей біл» жаттығуы

Мақсаты:  мұғалімнің көңіл күйлерін көтеріп өмірге қөзқарасын қалыптастыру.

Қатысушы: Мен өзімізді бұлаққа теңеймін.

Психолог: Не үшін?

Қатысушы: Өйткені менің  мөлдір суымды өсімдіктер жан-жануарлар адамдар ішеді қоректенеді. Менің бұл өмірге пайдам көп. Өткені мен өмірге керекпін. (Барлық оқушы айтып шығады)

 

Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны

Қажетті құралдар: Доп

Барысы: Жүргізуші әр топқа әріптер береді «А», «Ә», «С». Мысалы «Ә» әріпін айтады,ойыншы бойындағы «ә» әрпінен юасталатын қасиетті айтады.

Қортындысы 

Рефлексия Стикерлерді толтыру

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *