Тіл байлығы- сөз байлығы
Молдашова Бибифатма Асановна
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным».
Оқу іс- әрекет: Ағылшын тілі, орыс тілі, тіл дамыту, музыка, құрастыру.
Мақсаты: Балалардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана тілінің мән- маңызын түсіндіру, шет тілдеріне қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыта отырып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Ән арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Ойын-конструкторды сюжет бойынша біріктіру, жұмысын аяғына дейін жеткізуге баулу. Балалардың өзара сыйластыққа , адамгершілікке және достыққа тәрбиелеу.
Билингвалдық топтама: Саяхат-путешествие-travel, мемлекет- страна -country, Астана- Астана-Аstana, Ұлыбритания-Великобритания-Great Britain, Ресей-Россия- Russia, кітап-книга-book, ту-флаг-flag.
Мотивациялық қозғаушы кезең:
Тәрбиеші:-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: -Сәлеметсіз бе!
Тарбиеші:-Балалар бүгін біздің оқу-іс әрекетіміз ерекше болмақ, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қане балалар қонақтармен сәлемдесейік.
Балалар : Үлкенге де-Сіз
Кішіге де-Сіз
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты
Күн шуағын таратты
Менің елім оянды
Қыран сынды қанатты.
Ұйымдастыру-ізденушілік кезең:
Тәрбиеші:- Балалар бүгінгі Ұ.О.І.Ә. өте көңілді өтеді деген ойдамын. Біз сендермен «Үш тілдің патшалығына» саяхатқа шығамыз, балалар саяхатқа шықпас бұрын өз еліміз тұралы әңгімелесейік.
Тәрбиеші — Біз қандай Республикада тұрамыз?
Балалар: -Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: -Елордамыздың аты не деп аталады?
Балалар: -Елордамыздың аты-Астана деп аталады.
Тәрбиеші -Ал біздің мемлекеттік ана тіліміз қай тіл?
Балалар: -Біздің мемлекеттік ана тіліміз-қазақ тілі.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар. Балалар әр елдің өз тілі, өз салты болады. Барлық уақытта тілімізді біліп, құрметтеуміз керек.
Ана тілің арың бол
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте-деп тіл тұралы тақпақ пен дана сөздерімізді еске алайық.
Балалардың тақпақ, мақал-мәтелдері.
1 бала:Сәлем бердім саған елім,
Тал бесігім туған жерім
Сәлем бердім бәріңізге,
«Қазақ тілі» дегендердің.
2 бала:Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі-тіл.
3 бала:Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы.
Тәрбиеші:-Рахмет! Өте керемет! Енді саяхатқа шықсақ болады. Саяхатымызды бірінші Ұлыбритания елінен бастаймыз. Ол елге сиқырлы кілемшемен ұшып барамыз.
(Балалар кілемшеге отырады, релаксация).
Қазір біз көзімізді жұмып биік-биік аспанда, аппақ бұлттардың арасында ұшып бара жатқанымызды елестетейік. Міне балалар бізде Ұлыбританияға ұшып келіп жеттік.
( Мисc Мэри балалармен бірге Қазақстаннан келген қонақтарды күтіп алады).
Мисс Мэри:Hello my friends!
Балалар:Good morning, good morning
Good morning too you
Good morning, good morning
We are glad to see you
Мисс Мэри: -I am glad to see you too! My name is Marry. I am from Great Britain (Мэри балалардың жанына келіп диалог жүргізеді).
Мисс Мэри: -What is your name?
Балалар: — My name is…
Мисс Мэри: -Where are you from?
Балалар: -I am from Kazakhstan
Мисс Мэри: -How old are you?
Балалар: -I am five
Мисс Мэри: -How are you?
Балалар: -Thanks, I am OK
Мисс Мэри: The travel London. Now you see o Big-Ben. Big-Ben: It is the biggest clock bell on the tower. They called Big-Ben after sir Benjamin Hall. Сендер ұзақ жолдан шаршаған боларсыңдар, отырып дем алыңдар. Біздің балалар қазақ тілін жақсы біледі, яғни сіздерге дайындаған тақпақтарын тыңдаңыздар.
1бала:Ақыл ойы дананың 2 бала:Әркім тілін сүйеді
Ана тілден аламын Қадірлейміз мұны біз
Ана тілім ардақты Қазақ тілі киелі
Ақ сүтіндей анамның. Мемлекеттік тіліміз.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар! Біздің де балалар өзге тілде тақпақ айтады.
(Қазақстаннан келген балалар ағылшын тілінде тақпақтарды орындайды).
1ch: I am a mouse 3ch: I am a fox
I am in a house I am a red
A have stamp teeth I come to you
Best of all I like a cheese. I hope you are glad.
2ch: I am a hare 4ch: I am a teddy bear
I run every where I am big and brown
I like cabbage I’ve got yellow boots
And a carrot sandwich And a golden crown
Тәрбиеші: -Біздің балалар тақпақтармен қатар мақал- мәтелдерді біледі.
1бала: -Тіл тиексіз. 4бала:-Піл көтермейді
2бала: -Өнер алды қызыл тіл. Тіл көтереді.
3бала: -Шешеннің тілі артық 5бала:-Өнерлінің қолы алтын
Шебердің қолы артық Өлеңшінің сөзі алтын.
Мисс Мэри: Ал балалар, енді бірігіп ойын ойнайық.
Дамытушы ойын: Ойын –конструкторы арқылы ертегі суретін жинау. Қай ертегі және оның кейіпкерлерін ағылшын тілінде атау.
«Red Riding Hood»-mother, wolf, grandmother.
«Cinderella»-father, stepmother, stepsister, fairy, prince, king, queen.т.б.
Тәрбиеші: -Рахмет балалар. Мисс Мери сіздерді көрдік,таныстық бірге ойын ойнадық енді Ресей патшалығына саяхатқа барайық, бізбен бірге жүріңіздер.
Мисс Мэри: OK I am go to Russia children look at o bus, lets sit down and go.
(Балалар автобусқа отырып өлең айтады).
Мы едим ,едим,едим
В далекие края
В страну Россию едим
Со мною все друзья.
(Ресей еліндегі ертегі кейіпкері қарсы алады)
Маша:-Здраствуйте дорогие гости! Меня зовут Маша. Я очень рада,что вы приехали к нам в Россию. Это наша столица- город Москва. В нашем городе на Красной Площади расположен Кремль (показывает). Есть много памятников и скульптур . Мои сказочные герои сейчас вам покажут инсценировку сказки «Теремок».
Сказка «Теремок».
Тәрбиеші:Рахмет сіздерге, ертегілеріңіз бізге өте қатты ұнады. Біз енді өз елімізге ораламыз. Сіздерде біздің елге қонақ болып қайтыңыздар.
Маша:-Ребята я вручаю вам на память книгу «Сборник русских народных сказок», счастливой дороги!
Тәрбиеші: Өз елімізге оралатын уақыт келді.
(Балалар автобусқа отырып өлең айтады).
Мы едим ,едим,едим
В далекие края
В страну Россию едим
Со мною все друзья.
Рефлексивті -коррекциялаушы кезең:
Тәрбиеші: -Балалар біз қайда шықтық?
Балалар: -Біз саяхатқа шықтық.Саяхат-путешествие-travel
Тарбиеші: -Бірінші қай елге бардық?
Балалар: -Ұлыбритания еліне. Ұлыбритания-Великобритания-Great Britain
Тәрбиеші:-Екінші біз қай елге бардық?
Балалар: -Екінші болып біз Ресей еліне бардық.Ресей-Россия-Russia
Тәрбиеші:-Ресей елі бізге не сыйлады?
Балалар: -Ресей елі бізге кітап сыйлады.Кітап- книга-book.
Тәрбиеші:-Дұрыс балалар.Өз елімізді мақтан тұта отырып
-Өмірімізді, өнерімізді көріп
Балалар: Бұл «қазақ» дейді
Тәрбиеші: Әнімізді,жырымызды тыңдап
Балалар: Бұл «қазақ» дейді
Тәрбиеші: Ерлігімізді,тірлігімізді көріп
Балалар: Бұл «қазақ» дейді
Тәрбиеші: Дархандығымызды, дастарханымызды көріп
Балалар: Бұл «қазақ» дейді
Тәрбиеші: Әдет-ғұрпымызды көріп
Балалар: Бұл «қазақ» дейді,
Қазақ деген ғажап дейді.
Сол үшін қазақ болғаныма мақтанамын, шаттанамын.
Тәрбиеші:«Татулық- табылмас бақыт» демекші, татулықтарымыз тәтті, достығымыз берік болсын дей отыра, күн шуағы нұрын төге берсін.
Мәртебесі тілімнің
Биік болсын халайық
Достығымыз жарасып
Қосылып ән салайық
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырту: Саяхат, ел,Астана,Ұлыбритания,Ресей,кітап,Ту.
Түсінуі:Ана тілімен басқа тілдердің қажеттілігі.
Қолдануы:Тақпақ,өлең,мақал-мәтелдер,ертегі,диалог.