Бейнелеу өнері оқу қызметінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану

Нұрқанова Б. Қ.

Мақсаты: Бейнелеу өнері оқу қызметінде дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы балалардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: 1. Балалардың бейнелеу өнеріне деген ынтасын ояту.

  1. Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
  2. Эстетикалық талғамдарын жетілдіру.

Жинақтаған іс- тәжірибенің болжамы: Егер балабақшада бейнелеу өнері оқу қызметінде дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді тиімді қолданаса, балалардың іскерліктері мен дағдылары қалыптасып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтары арта түседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан- жақты дамуы үшін бейнелеу өнерінің маңызы ерекше. Балалар бейнелеу өнері арқылы әсемдікке, сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, жаңа заттармен, өмір құбылыстарымен танысады, таным қабілеттері дамиды, саусақ бұлшық еттері жетіледі, эстетикалық талғамдары оянады, ұжымдық жұмыс арқылы өтілетін оқу қызметінде бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс- тәсілдері арқылы балалардың оқу қызметіне деген қызығушылықтары арта түседі.      Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс- тәсілдері:

  1. Бояуды үрлеп салу тәсілі.
  2. Май шаммен жұмыс.
  3. Параллон арқылы сурет салу тәсілі.
  4. Параллон оралған тампон арқылы сурет салу тәсілі.
  5. Бастырма тәсілі.
  6. Саусақпен салу тәсілі.
  7. Жұлмалап қию тәсілі.

Бейнелеу өнері оқу қызметінде дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді суретте, мүсіндеуде, аппликацияда, құрастыруда, қол еңбегінде жиі қолданамын.

Бейнелеу өнері оқу іс- әрекетінде дәстүрден тыс әдіс- тәсілдердердің мынадай түрлерін қолдануға болады:

  1. Ірі және ұсақ моншақтарды, түймелерді қолдану арқылы аквариумдағы балықтарды, судағы тастарды, шөптерді жасау.
  2. Шөптерді, мата қиындыларын пайдалану арқылы құстың ұясын жасау және салған суретті мата қиындылары арқылы киіндіру.
  3. Дәнді- дақылдардан бейнені жасау.
  4. Тастанды заттарды қолдану.
  5. Табиғи материалдардан өрнек жасау.

Дәстүрден тыс әдіс- тәсілдердерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру керек.

  1. Балаларға сия тамшысы арқылы сурет салғызғанда алдымен қағаз бетіне қыл қаламның көмегімен әр түрлі сия тамшысын тамызады. Одан кейін қағазды ауызына жақындатып үрлейді. Содан кейін қандай бейнелер пайда болғанын анықтап, ертегі құрастыруға болады.
  2. Жіппен жұмыс жасағанда қағазды бір- біріне тенестіріп, ортасына бүктеп, ашып қояды. Қылқаламды бояуға малып, бір жартысына шашырату арқылы түрлі- түсті тамшылар түседі. Жіптің екі шетін түйіп, бірінші түйіншігін қағаздың дәл ортасына салады да, екінші түйішігін қағаздың сыртыны қалдырады. Қағазды бүктеп, сол қолдың бас бармағымен ортасындағы жіптің түйіншігін үстінен басып, оң қолымен жоғары төмен жүргізеді. Осыдан кейін қағазды ашып, жіпті еппен алып тастайды.
  3. Дәстүрден тыс әдіс- тәсілдердерді пайдалана отырып паралоннан төрт бұрыш кесіп алып, гуашьқа батыра отырып көңілді вагон бейнесін шығарып кейбір бөліктерін баланың өзіне аяқтауға мүмкіндік берген, өз жемісін береді.
  4. Сондай- ақ қолдан қиылған аңдардың бейнесің бастырмасын пайдалана отырып, анның бейнесін қағаз бетіне сызып алып, үстіне жұлмалау әдісін қолдану арқылы желіммен, аңның түсіне байланысты қағаздар жапсыру.
  5. «Қысқы шыршалар» тақырыбы бойынша балалар картоптан ойып жасалынған бастырма арқылы шыршаларды бейнелеу үстінде және тіс пастасын пайдалана отырып қарларды бейнелеуде. (Ұжымдық жұмыс)
  6. «Қуыршаққа көйлек» деген тақырыпта сурет салдырғанда алдымен бір парақты екіге тігінен бүктеп алып көйлекті пішіп кесіп алады. Екінші ақ параққа түрлі- түсті бояуды ұзыннан не колденнен етіп түсіреміз. Содан кейін көйлектің шаблоның үстіне қойғанда әдемі көйлек шығады.

Сонымен қатар бейнелеу оқу қызметінде көркем сөзді, жұмбақтар, мақал- мәтелдер, шағын ертегілер, тақпақтар қолданамыз. Көркем шығармалар баланың шығармашылық қабілеттерін оята түседі. Мысалы:

Мен бақшаға барамын,

Қылқаламды аламын.

Сүйкей жағып бояуды,

Сәнді сурет саламын.

Фатима Ниязбекованың өлеңі арқылы балалардың қылқалам туралы түсініктері қалыптасып, бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншіліктері артады.

А.Бақтыгерееваның «Әдемі сурет» өлеңінде:

Дайын қағаз- қаламым,

Бояу таңдап аламын.

Ақ көгершін, көк аспан,

Суретін мен саламын.

Төсіне кең даланың,

Зәулем үйлер қаладым.

Ең биікке қадаймын,

Бейбітшілік жалауын.

Бұл шығармада балалардың Отанға деген ұлтжандылық сезімі оянып, зәулім үйлердің  суреттерін ерекше құштарлықпен салады және тілдері дамып, саусақ және қол бұлшықеттері дамиды.

Дидактикалық ойындары бейнелеу оқу қызметінде пайдалану балалардың білімдерін бекітуге қолданамыз. Мысалы: «Жылы және суық» ойынында балалар жылы және суық түстер арқылы алған білімдерін бекітеді. «Ғажайып кілемше» ойынында  түрлі сызықтар мен ою- өрнектер туралы білімдері тиянақталса, «Кемпірқосақ» ойынында түстерді сезіне біледі және бейнені түсіне қарай таңдау, ажыратуды үйренеді.

Бейнелеу оқу қызметінде сергіту сәттерін қолданудың маңызы ерекше. Себебі балалар қозғалмай бір әрекетпен айналысқан кезде тез шаршайды. Балаларды бір орында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп, оқу қызметінде ойын түрінде ұйымдастыруға болады.

Іс-тәжірибенің нәтижесі: Баланың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтары жоғары деңгейге көтерілді. Балалар бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерін меңгереді. Қол және саусақ бұлшықеттері жетіле түсті. Зейін, қабылдау, қиял, ойлау қабілеттері дамып, өздері салған суреттерін сөйлете білуге үйренді.

Баяндаманы Мағжан Жұмабаевтың «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсан, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, оны балаға алып келіп көрсет, көрсетіп қана қоймай, сол заттың суретін салғыз, әрі суретпен ғана қанаттанба, балшықтан мүсін жасауға үйрет» — сөзімен аяқтағым келеді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *