Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта- оң жақта

Бектурлиева Айжан Сэрсенбаевна

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта- оң жақта.

Мақсаты: Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру. Сол жақ- оң жақ ұғымдарын қайталау. Есте сақтау ойлау қабілетін дамыту.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал жабдықтары: Жұмбақтар тәулік мезгілдері бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмыс: Сол жақта, оң жақта.

Билингвальды компанент: Сол жақта- слева, оң жақта –справа

 

Шаттық шеңбері.

Қол алысып қане біз,

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге

Қандай жақсы бір тұру

Достарымен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу-қызметіміз математика.Өткен тақырыпты бір қайталап.Оң жақта-справа,сол жақта-слева.Балалар бір жылда неше мезгіл бар?    Төрт мезгіл бар

Олардың атайықшы?

-Көктем.жаз,күз,қыс

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Шешуін тапсақ мына сиқырлы тақтадан жауабын көреміз.

 Жұмбақ

Біз ұйқыдан тұрамыз

Беті қолды жуамыз,

Ата-әжемізге ереміз

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай уақыт кім айтады?

—  Таңғы уақыт (жауабы)

-Дұрыс айтасыңдар таңғы уақыт.

Таңертең қайда келеміз?

-Балабақшаға

Таңертең таңғы жаттығу жасаймыз.Таңғы ас ішеміз.

Түскі асты қай кезде ішеміз?

— Күндіз ішеміз

Кешкі асты қай кезде ішеміз?

-Кешке ішеміз

Түнде не істейміз?

-Түнде ұйқтаймыз

Жұлдыздар мен ай қай кезде шығады?

-Түнде шығады

Ендеше балалар шаршадықпа бір сергіп алайық.

 

Сергіту сәті.

Ал балалар келіңдер,

Бой жазайық бәріміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Топ-топ басып аяқпен,

Орнымызды табамыз.

 

Балалар қазір мен сендермен «Кім жылдам» ойынын ойнаймын.

Қорытынды бөлім:

-Балалар бүгін мезгілдермен таныстық,ойын ойнадық.Қане мезгілдерді бір қайталайық.

Таңертең,күндіз,кеш,түн.

Ойын барысында қандай суреттер құрастырдық?

Ай,жұлдыз,күн,бұлтты.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: таң,күндіз,кеш,түн-тәулік мезгілдері,

Нені игереді: Сол жақ-оң жақ туралы ұғымдарды,мезгіл туралы ұғымдарды.

Нені білді:Дайын пішіндерді дұрыс құрастыруды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *