Көлік қозғалысы және жүргізушілермен таныстыру

Мырзабекова Нуржамал Куанышқызы

Мақсаты: Қоғамдық  көліктері туралы білімдерін тиянақтау.

Үлкендердің  еңбегі мен техникаға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Жолда жүру тәртібін білу.

Бақылау барысы:

Балаларды көліктермен таныстыру.

Сұрақтар:

  • Көліктердің қандай түрін білесіңдер?
  • Көліктерді қандай топқа бөлуге болады?(жеңіл,жүк,қоғамдық,арнайы көліктер)
  • Көліктердің қандай пайдасы бар?(адамдар жүктерді қажет жеріне тез апарады)
  • Қандай арнайы көлік түрлерін білесіңдер? («Жедел жәрдем», өрт сөндіру, қар жинайтын, су себетін,милиция машиналары.)
  • Бұл машиналар не үшін керек? (адамдарға көмектесу үшін.)
  • Өрт болғанда неге «Жедел жәрдемді» қоса шақырады?(зардап шеккендерге көмектесу үшін.)
  • Сиренасы қосулы машиналарға өзге машиналар жол беруі тиіс пе?(иә)
  • Көпшілікке арналған көлік түрлерін білесіңдер?
  • Автобустар тоқтайтын жер қалай аталады?
  • Аялдамаға автобустан басқа қандай көліктер тоқтайды?(Маршруттар,таксилер)
  • Автобусқа қай есіктен міну керек?(алдыңғы)
  • Қай есіктен шығу керек?(артқы)
  • Бағдаршамның қай түсінде өту керек?(жасыл)

     Көркем сөз:

  • Үлкен болдым десем де,
  • Ешкім маған сенбейді.
  • «Жалғыз жүрме көшеде,
  • Кікентайсың сен»-дейді,

 

 

 

Бұзба көше тәртібін,                           Көшеден өтер кезінде,

Ұрынасын аптқа.                                Абайлап қара жан жаққа,

Қызықты өтсін әр күнің,                    Келе жатқан  көлікке,

Жақын болма шатаққа                       Жол бер өтсін асықпа!

 

Зерттеу жұмысы:

  • Қар тазалайтын көлігі мен «Жедел жәрдем» арнаулы көлігін салыстыру.

Мақал:

«Сақтықта қорлық жоқ». Әрқашанда сақтанып жүрсең, қиындыққа тап болмайсың.

Қимылды ойын: «Бағдаршам»

  • Мақсаты: Белгі бойынша әрекет етуге, қимыл –қозғалыстарды дұрыс орындай білуге үйрету.

Еңбек:Тәрбиешімен бірге сынған, құлаған құрғақ бұтақтарды жинау.

  • Мақсаты: Ұқыптылыққа, еңбекті сүюуге тәрбиелеу.

Жаттығу ойындары: Секіргіш жіппен секіру жаттығулары.

  • Мақсаты: Алға, артқа айналдыра отырып секіруге жаттықтыру.

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *