«Ауа қайда тығылды?»

Дуйсенова Н.

Мақсаты:  Тәжірибе  жұмысы  арқылы  ауаның  барлық  жерде  бар  екенін  түсіндіру.  Тіршілік  үшін  ауаның  маңызы  зор  екендігін  ұғындыру.  Өсімдіктер  ауаны  тазартатындығын  естеріне  түсіре  отырып,  табиғатты  сүюге  баулу,  оны  қорғауға  тәрбиелеу.

Барысы:

Шаттық  шеңбері:

Арайлап  бүгін  атты  күн!

Шашып бізге  шапағын.

Тілейміз  сізге  ақ  таңның,

Қуаныш, шаттығын.

Қайырлы  таң, қайырлы  күн

Қуанышты  күн  бүгін!

Тәрбиеші:

-Балалар   сендердің  алдарыңда  қалташалар  тұр.  Қалташаның  ішін  ашсаңдар,  ішінде  ең  ақылды,  ең  алғыр  балаларды  көресіңдер. Қәне  бәріміз  ашып  көрейік,  бұл  кімдер  екен?  Енді  бір-бірімізге  күлімдеп,   «Әлемдегі  ең  жақсы  балалармыз!» деп  айтайық.  Осы  көңіл-күймен  оқу  іс-әрекетімізді  бастайық.

Ғажайып  сәт:

(Есік  ашылып,  топқа  Маша  кіріп,  бір  зат  іздегендей  болады.)

Тәрбиеші:Балалар  бізге  қонаққа  кім  келді?

Балалар:     Маша

Маша:Сәлеметсіңдер  ма,  балалар?!

Балалар:Саламатсыз ба!

Маша:   Мен  ауаны  іздеп  жүрмін,  оны  ұстап,  көзіммен  көргім  келеді,  ол  туралы   барлығын  білгім  келеді.  Сендермаған  көмектесесіңдер  ме?

Тәрбиеші:Балалар  қонағымызға  көмектесеміз  бе?

Балалар:Ия,  көмектесеміз.

Тәрбиеші:Балалар  ауа  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

Балалар:Ауамен  біз  тыныс  аламыз.

Тәрбиеші:Ауаны  ұстап  көрейікші,  ауаны  ұстауға  бола ма?

Балалар:Жоқ

Тәрбиеші:Көзімізбен  көре  аламыз  ба?

Балалар:Жоқ

Тәрбиеші:   Ауа-адам,  жануар,  өсімдіктер  тіршілігіне  керек  зат.  Ауаны  өсімдіктер,  талдар  бізге  тазартып  береді.  Ендеше  ауаның  бар  екеніне  көз  жеткізу  үшін  біз  Маша  екеуміз  сендермен  бірнеше  тәжірибе  жасап  көруді  ұсынамыз.

Тәрбиеші:Балалар,   мынау   қалташа. Қараңдаршы, ол  өте  жұқа.  Енді  біз  оның  ішіне  ауа  толтырамыз,  ауызын  ораймыз.   Қалташа   ауаға  толы,  ол  көпшікке  ұқсайды.  Ауа  қалташаның  бүкіл  жерін  алып  тұр.  Енді  қалташаның  аузын  ашып  ішіндегі  ауаны  шығарамыз.  Қалташа   тағыда  жұқа  болып  қалды.  Не  үшін?

Балалар:Онда  ауа  жоқ.

Тәрбиеші:Көрдің  бе,  Маша!  Ауа  түссіз,  оны  көру  үшін ,  оны  ұстап  алу  керек.  Ал,  біз  оны  жасадық.  Біз  ауаны  ұстап  алып  қалташаны жауып  койдық,  сосын  жібере  салдық.

Маша:Маған  бұл  қалташа  бір  нәрсені  есіме  салып  тұр.  Жазда   көрген  едім,  адамдар  ауа  толтырылған  бір  нәрсені  өзенде  пайдаланған  болатын.  Менімше  ол үрленген  матрас болған!  Мен  тағы  балалардан  құтқарушы  шеңберлерді  көрдім.

Тәрбиеші:Әрине, Маша  себебі  ауа  судан  жеңілгой!  Егер  матрастын  ішіенде  ауа  болса  ол  су  бетінде  жүзеді.

Маша:Егер  бір  нәрсенің  ішінде  ауа  болса  демек  ол  жүзеді ма?  Балалар   көмектесіңдерші  не   нәрсе  жүзеді, ал  қай  зат  жүзбейді?

Дидактикалық  ойын:  «Ауа  қайда  жасырынды?»

(балалар  кезек  кезек  қорапшадан  суреттерді  алып  бөледі  екі  ыдысқа)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,  балалар!  Машаға  көмектестіңдер!  Маша  енді  сен  білесің  ішінде  ауа  бар  зат  су  бетінде  жүзетінін.  Бірақ  абай  бол,  егер  ішіне  су  кірсе  ондағы  ауа  шығып  суға  батып  кетуі  мүмкін.

Маша:Енді   мен  білемін,  егер  бір  нәрсенің  іші  бос  болса,  оның  ішіне  ауа  жасырынған.  Енді  маған  қызық  болып  тұрғаны  адамның  ішінде  ауа  барма  екен?

Тәрбиеші:Ал,  сендер  қалай  ойлайсыңдар  балалар.  Байқап   көремізбе?

Тәжірибе  2. Стакан  ішіндегі  суды  түтікшемен  үрлеу.

Тәрбиеші:Балалар  алдарындағы  стакан  ішіндегі  суды  түтікшемен  үрлеңдер.  Не  болды?

Балалар:Көпіршіктер  шықты.

Тәрбиеші:Міне көрдіңдер ма,  демек  біздің  ішіміздеде  ауа  бар  екен.  Біз  түтікшемен  үрлесек   ол  шығады.  Егер  тағы  үрлеу  үшін,  біз  алдымен  жаңа  дем  аламыз, ал  содан  соң  түтікше  арқылы  шығарамызжәне  көпіршік  пайда  болады.  Балалар,  тағы  қандай  көпіршік  шығаруға  болады?

Балалар:Сабын  көпіршік.

Тәрбиеші:Қанекей  олай  болса  сабын   көпіршік  шығарайық.

«Сабын  көпіршік»  (музыкамен).

Тәрбиеші:Маша,  сен  қалай  ойлайсың,  сабын  көпіршіктің  ішінде  не  бар?

Маша:Әрине,  сабын!

Тәрбиеші:  Балалар,  Маша  дұрыс  айтама? Не  үшін?  Әрине  әр  бір  көпіршік  ішінде  ауа  бар.  Бұл  сабын  көпіршікке  ауа  толады  және  ауаға  көтеріледі.  Жеңіл, ауа  толған  көпіршік  ауаға  көтерілген  соң  жарылады.

Маша:Түсінікті!  Сіздер  ауамен  демалсаңдар.  Демек,  ол  біздің  ішімізде  бар.  Бірақ  ол  қалай  кіреді?  Мұрын  арқылыма?

Тәрбиеші:Әрине!  Барлық  адамдар  мұрын  арқылы  дем  алады.  Балалар  келіңдер  Машаға  көрсетейік,  біздің  мұрнымыз  қалай  дем  алады.  Қай  кезде  біз  дем  алып  дем  шығарғанда,  біз  оны  көреміз бе?

Балалар:Жоқ

Тәжірибе  3.  Қағаз  майлықтармен.

Тәрбиеші:Ендеше,  балалар, сендердің  алдарыңда  қағаз  майлықтар бар.  Қәне үрлейікші. Қағаз  майлықтан  көрінедіме?

Балалар:Ия

Тәрбиеші:Сендер  байқадыңдар,  біз  дем  алып, дем шығарғанда  қағаз  майлықтар  қозғалады,  жазды  күнгі  ағаштардағы  жапырақтар  сияқты.  Біз  айтатын  едік  жапырақтарды  жел  шайқап  атыр  деп.  Ал  бұл  жерде  жел  қайдан  пайда  болды?

-Сендер  дем  алып, дем  шығарғанда  ауа  қозғалып  жел  пайда  болды.  Демек,  ауа  қозғалыста  болғанда  жел  пайда  болады  екен. Жел  балалар  ыстық  ауа  мен  суық  ауаның  соқтығысуынан  пайда  болады  екен. Жел  тұрғызғыларын  келеме?

Ойын:  «Қайықтар»

Тәрбиеші:Жел,  көкірегімізден  шыққан  ауадан  ағыс  пайда  болды,  желкенді  үрлесек  кемелер  жүзеді.  Кемедегі  желкендер  ауадын  ұстап, ауа  заттарды  қозғалысқа  келтіреді.

Маша:Сіз  үрлейсіз,  ауа  қозғалтады.  Ал  егер  үрлемесек,  тағы  қалай  жел  тұрғызуға  болады?

 

Тәжірибе  4.   Желдеткіштермен.

Тәрбиеші:Балалар,  келіңдер  желдеткіш  арқылы  жел  тұрғызайық. Желдеткіштермен  алдымен  өздеріңе  желпіңдер, содан  соң  бір-бірлеріңе.  Не  сездіңдер?

Балалар:Бетімізге  жел  келді.

Тәрбиеші:  -Қараңдаршы,  менің  желдеткішімнен  тіпті  кемелерде  жүзеді.  Жел тек желкенді  қайықтардығ  жүзуі  үшін  қомектесіп қоймайды. Батбырауықтыда  айналдырады. Қараңдар:  ауа  қозғалмайды  және  батбырауықта  айналмайды. Мен  желдеткішпен  желпимін,  ауаны  қозғалтамын,  жел  пайда  болады  және  батбырауық  айналады.

Маша:Мына  батбырауық  айналмалы  диірменге  ұқсайды  екен!  Біздің  ауылда  осындай  болған.  Диірменде  бидай  тартып  үн  шығаратын.  Сосын  сол  үннан  тәтті  бәліштер  жасайтын.  Мен  татті  бәліштің  иісін  жақсы  көремін!

Тәрбиеші:  Балалар, сендер  қалай  ойлайсыңдар  ауада  иіс  болама?  Иіскендерші. Қалай  иіс  білінема? Егер  тәтті  бәліш  пісірсе  біз  иісін  сеземіз я?   Ауа  қозғалысқа  түсіп  тәтті, қышқыл  иісті  мұрнымызға  алып  келеді  екен,  шын  мәнінде  ауада  иіс  болмайды.

Тәжірибе  5.  Апельсин  және  сарымсақ.

Маша:  Ой-ой-ой!  Сарымсақтың  иісін  айй!  Иіскегім  келмейді!  Дұрысы  мұрынымды  жауайында  дем алмаймын.

Тәрбиеші:  Бұның  не  Маша!  Ауасыз  сен  тұншығасынгой.  Жер  жүзіндегі  бүкіл  тіршілік  иесіне  ауа  қажет:  адамдарға, өсімдіктер мен  жануарларға!  Ауасыз  олар  өмір  сүре  алмайды.

Тәжірибе  6.  «Дем алмаймын»

Тәрбиеші:  Балалар  кәзір  біз  мұрнымызбен  ауызымызды  жауып  демалмай  көрейікші! Қалай  балалар  солай  істесек дұрыс па?

Балалар:  Жоқ  олай  істеуге  болмайды  тұншығамыз.

Тәрбиеші: Маша,  егер  саған  сарымсақ  иісі  ұнамаса, біз  саған  көмектесеміз. Терезені  ашамыз, сосын  осында  таза  ауа  ұшып  келеді. Ал,  таза  ауада  дем алу  жеңіл.

Маша:

-Рахмет!  Мен  бүгін  ауа  жайлы  көп  нәрсе  білдім, үйрендім!

-Ауа  түссіз екенін, сол үшінде  біз  оны  көрмейтінімізді.

-Егер ауаны  көру  керек  болса,  оны  үстау  керек екенін. (Слайд 1)

-Ауа, судан  жеңіл екенін. (Слайд 2)

-Ауа  бос  заттардын  ішінде  бар  екенін.

-Тіпті  адамның  ішінде де  бар  екенін. (Слайд 3)

-Ауасыз,  еш қандай  тіршілік  өмір  сүрмейді.

-Мен  тағы  ауа  иіссіз  болатынын  және  иісті  алып  келетінін. (Слайд 4,5)

-Ең  бастысы  мен  жел  не  екенін  білдім!  Жел-бұл  ауаның  қозғалысы  екен. (слайд 6)

Тәрбиеші:  Балалар, келесі  сабақта  мен  сендерге  кейбір әуе  шарлары  жерде  қалатынын, ал, кейбірі  алыс алыс  аспанға  ұшып  кететіні  жайлы  айтатын  боламын. (слайд 7);

Жәнеде  әуе  шарлары  қалай  ауада  саяхат  жасайтынын айтатын  боламыз. (слайд 8);

Маша, сен  қайда  кетіп  қалдың? Сен  ол  жерде  не  істеп  жатсырсын?

Маша:  Мен  мұнда! (үрлейді).  Мен  әуе  шарларын  үрлеп  атырмын.  Мен  бұл  шарларды  балаларға  сыйлағым  келеді,  себебі, маған  ауанын  не  екенін  түсінуге  көмек  бергені  үшін. Рахмет, балалар! Кеттім  барып  достарыма  айтайын,  бүгін  не білгенімді.  Сау  болыңдар!

Тәрбиеші:  Бізгеде  балалар,  зертханадан  балабақшаға  қайтуымыз  керек. Тездетіп  киінеміз де  сыртқа  серуенге  шығайық-таза  ауамен  тыныстайық!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *