Сөйлеуді дамыту. Жылдық жоспар Балабақша
Білім саласы: Коммуникация Ұйымдастырылған оқу қызметі : Сөйлеуді дамыту
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сабақтың мақсаты |
ҰОҚС |
Мерзі-мі |
1 |
Әдептілік — әдемілік. |
Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Балаларды «Амансың ба?», «Саумысың», «Сау болыңыз», «Өтінемін» т.б. сиқырлы сөздердің мағынасы жөнініде білімдерін бекіту; баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту; байланыстыра сөйлеуге үйрету; диолог құрай білу; сөйлеушіні тыңдай білу; тақпақты мәнерлеп айту. |
1 |
|
2 |
Менің жанұям |
Баланың жанұя туралы ой — өрісін дамыту. Жанұядағы адамдарды сыйлап, үлкенге құрмет, кішіге ізет бола білуге тәрбиелеу. Жанұядағы адамдардың аттарын дұрыс айту және олардың жұмыс орнын білуге үйрету. Сыпайы сөйлеу мәдениетін меңгерту. Туыстарын сыйлауға, бауырмалдық туралы түсініктер-ін қалыптастыру. |
1 |
|
3 |
Менің достарым |
Балалардың бір – біріне деген қарым – қатынасын, сыйластығын қалыптас-тыру. Достық туралы мақал –мәтелдерді үйрете отырып, баланы көмектесуге, сыйласа білуге тәрбиелеу. |
|
|
4 |
Күз мезгілі |
Балалардың күз мезгілі туралы түсін-іктерін кеңейту. Күз мезгілінің ерекше-ліктері жайында әңгіме жүргізу. Сурет-ке сөйлем құрау арқылы сөздік қорын мол-айту,өз ойын ашық, еркін айтуға дағдыландыру, табиғатты қорғауға, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу. Баланың ой-өрісін дамыту |
1 |
|
5 |
Күз сыйы |
Балаларға жемістер мен көкөністер ту-ралы түсініктер бере отырып, олардың пайдасы туралы айту. Ойын арқылы бақша мен бақта өсетін жеміс пен көкөністерді ажырата білуге және аттарын дұрыс атай білуге үйрету. |
|
|
6 |
Ертегі: Нан Қайдан шығады? (Көркем әдебиет. Хрестоматия) |
Балаларға ертегі желісін түсіндіре отырып, бидайдан нан шығатыны жайында, нан дастарханға жеткенше қаншама еңбек жасала-тынын түсіндіру. Үлкендердің еңбегін құрметтеп, нанды ысырап етпеуге, бағалай білуге тәрбиелеу. Суретке қарап өз ойын ашық айта білуге үйрету. Күзгі еңбек түрлерін атау. |
1 |
|
7 |
Құстар біздің досымыз |
Балалардың құстар туралы білімдерін толық-тыру. Күз мезгілінде құстардың неліктен жылы жаққа ұшып кететіні жайында айтып түсіндіру. Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Суретке сөйлем құрату арқылы сөз қорларын байыту. |
1 |
|
8 |
Киімдер |
Балалардың киімдер жайында түсініктерін дұрыс қалыптастыру. Киімдерді бір- бірінен ажырата білуін қадағалау. Әр жыл мезгіл-деріне арналған киім-дерді көрсете отырып түсіндіру. Дидактикалық ойын арқылы баланың ой-ын, тіл байлығын дамыту. Күз мезгі-ліне арналған киімдерді ажыратып, түсінік беру. |
1 |
|
9 |
Үй жануарлары |
Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Олар немен қорек-тенеді, адамға қандай пайдасы бар, адам оларға қандай қамқорлық жасай-тыны жайында түсіндіру. Суретке сөй-лем құрап, олардың төлдерін дұрыс ажыратып айту. Жануарларға қамқор-лық жасауға тәрбиелеу. |
1 |
|
10 |
Жабайы Жануарлардың күзгі тіршілігі |
Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныс-тыра отырып,аңдардың күзгі тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасай білуге,өзіндік жұмыс істеуге,ізденуге үйрету. Экология-лық тәрбие беру,адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып, балаларды қайырымдылыққа баулу. |
1 |
|
11 |
Үй құстары |
Үй құстары туралы түсінік бере отыр-ып, сыртқы белгілерімен, әрекеттерін білдіретін сөздермен баланың сөздік қорын байыту. Үй құстарының тірші-лігі, пайдасы жайлы айту. Үй құстарының дала құстарынан айырмашы-лығын түсіндіру. Құстарды күтіп баптауға тәрбиелеу. |
1 |
|
12 |
Суретпен жұмыс |
Балаларды берілген суретке сөйлем құрай білуге дағдыландыру. Өз ойын ашық, айта білуге үйрету. Әдептілік жайында суреттіерді пайдалана отыр-ып, баланы сыпайы болуға тәрбиелеу. |
1 |
|
13 |
Мамандықтың бәрі жақсы |
Балаларды мамандық иелерімен та-ныстыру. Әр мамандықтың өзіне тән қасиеттерін атап айту. Суреттегі ма-мандық иелеріне сөйлем құрап, өз ойын толық жеткізуге көмек көрсетіп, баланың тіл байлығын дамыту. Мамандық иелерін құрметтеп, оларға еліктей білуге тәрбиелеу |
|
|
14 |
Төрт түлігім – ырысым. |
Балаларға төрт түлік туралы түсінік беру. Төрт түліктің пайдасы жайында айту. Табиғат, жан – жануарға деген қарым- қатынастың тәрбиелік жағына көңіл бөлу. Төрт түлік туралы өлең жыр, жаңылтпаш, мақал – мәтелдер арқылы баланың ойын дамыту. |
|
|
15 |
Менің Отаным Қазақстан |
Балаларға Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру, оларды құрмет-теуге , туған елге сүйіспеншілік патриоттық сезімге тәрбиелеу. |
|
|
16 |
Қыс келді. |
Балаларға қыс мезгілі, қыста болатын та-биғат құбылыстары туралы түсінік беру. Күз мезгілімен салыстыра отырып, өз ойын толық жеткізе білуге үйре-ту. Тақпақ үйрету, жұмбақтар шешу арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту. Схемамен жұмыс жүргізе отырып, баланың тіл байлығын жетілдіру. |
1 |
|
17 |
Қыс қызықтары.
|
Балаларды қысқы ойын түрлерімен таныстыра отырып, ойын кезінде ұқыпты, абай болуға және бір – біріне қамқор болуға тәрбиелеу. Суретке сөйлем құрауға, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. |
1 |
|
18 |
Көңілді қыс. Ш. Мұхамеджанов. Сенің өмірің – сиқырлы әлем кітабынан. |
Өлеңді мәнерлеп оқып, балаларға ма-ғынасын түсіндіру. Қойылған сұрақ-тарға толық жауап бере білуге дағды-лындыру. Қыс мезгіліндегі қызықты сәттерді баяндай білу. Өлеңді жатқа айтуға үйрету. |
1 |
|
19 |
Адам мен арыстан. Ертегі. |
Балаларға ертегіні мәнерлеп оқып, адам мен хайуанаттың арасындағы айырмашылықты жан – жақты түсіндіру. Ертегідегі кейіпкелер -дің іс — әрекетін баяндай отырып, ақылды болуға тәрбиелеу. Ертегіден түсінгенін өз ойымен айта білуге үйрету. |
1 |
|
20 |
Қысқы киімдер |
Балаларға қыс мезгіліндегі адамдар киетін киімдер туралы айтып түсіндіру. Тақырып бойыншадиалог,ауыз екі сөйлеуін дамыту. |
1 |
|
21 |
Үй жиһаздары. |
Балаларға үй жиһаздары туралы түсінік беру. Үй жиһаздарының аттарын дұрыс атау, олардың не үшін керек екенін түсіндіру, оларды күтіп ұстауға тәрбиелеу. |
1 |
|
22 |
Жеті лақ ертегісі |
Балаларды ертегіні тыңдауға, мағынасын түсініп айтып беруге үйрету. Сөйлеу дағдылар-ын жетілдіру.Ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер туралы түсініктер-ін қалыптастыру.Ертегіні сахналауға жетілдіру. |
1 |
|
23 |
Ақ боран. Ә.Табылдиев Көркем әдебиет хрестоматия. 8-бет. |
Балаларға өлең жолдарын мәнерлеп оқып, түсінік беру. Қыс мезгілінің аяқталып қалғаны жайында айта отырып, сұрақтар қойып, жауап алу. Трех схема арқылы қыс мезгіліне сиптаттама беру. Өлең жолдарын жатқа айтуға үйрету. |
1 |
|
24 |
Жыл мезгілдеріне саяхат |
Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік бере отырып, олардың ерекшеліктері және әр мезгілде болатын табиғат құбылыстары жайында түсіндіру. Балаларды ойларын толық жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету. |
1
|
|
25 |
«Айналайын ақ мамам» жаттау.
|
Көктем айының алғашқы мерекесі ана-лар мейрамы екенін балаларға айтып түсіндіру. Аналарды, сыйлау, оларды құрметтеп жүруге тәрбиелеу. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріп, жаттау. |
1 |
|
26 |
Көктем келді далама. |
Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін дамыту. Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, көктем мезгілінде болатын табиғат құбылыстары жайында түсінік беру.
|
1 |
|
27 |
Наурыз келді жеріме.
|
Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз көже туралы айту, жасалу жолдарын түсіндіру. Наурыз мерекесін тойлаудағы ерекшеліктер туралы түсінік беру. Суретке сөйлем құрай білуге үйрете отырып, тіл байлығын дамыту.
|
1 |
|
28 |
Ойыншықтар |
Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. |
1 |
|
29 |
Ыдыс — аяқ. |
Балалардың ыдыстар туралы түсінік-терін кеңейту. Ыдыстардың әртүрлі заттардан жасалатыны, олардың өзін-дік қасиеттері туралы көрсете отырып, түсіндіру. Ыдыстар туралы жұмбақтар шешуге үйрете отырып, баланың ойлау қабілетін дамыту. |
1 |
|
30 |
Ғарыш. Тұңғыш қазақ ғарышкері. |
Балаларға ғарыш туралы түсініктер бере отырып,қазақ елінің тұңғын ғарышкерлері Т.Әубәкіров,Т.Мұсабевтардың ғарыш әлеміндегі ерлігі туралы түсінік беру. Қазақстан ғарышкерлері жайында мақтаныш сезімдерін ояту, оларды құрметтеуге, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. |
1 |
|
31 |
Көліктермен таныстыру. |
Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктердің аттарын, олардың қызметін түсіндіру. Көліктер жайында айта отырып, қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру. Баланың жан – жақты ойлау қабілетін дамыту. |
1 |
|
32 |
«Құстарды мен қорғаймын».
|
Туған табиғатқа деген балалардың түс-інігін кеңейту. Табиғат байлығы, оның алуан түрлілігі туралы айтып, балалар-дың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Қайтып келген құстарға қамқорлық жасауды , табиғаттың сұлулығына қызықтыру сезімін ұялату. |
1 |
|
33 |
Табиғатты аялайық. |
Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге үйрету. Табиғат-Ана, оның байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты аяулауға, қорғауға тәрбиелеу. |
1 |
|
34 |
Бал арасы С.Тойлыбаев |
Балаларға көктем мезгілі туралы түсінік бере отырып, көктем мезгілінде жан – жануар, шыбын – шіркейлердің оянып, құстар жылы жаққа ұшып келетіні жайында түсіндіру. Олардың бізге тигізетін пайдасын айта отырып, араның бал жинайтыны, ол балдың адам өміріне пайдасы зор екенін түсіндіру. |
1
|
|
35 |
Дала Н. Әлімқұлов
|
Балаларға өлең жолдарын оқи отырып, түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Кең байтақ даламыздың тамаша табиғатына қызыға қарап, оны қорғай білуге тәрбиелеу. |
1 |
|
36 |
Ағайынбыз бәріміз Ә.Дүйсенбиев |
Балаларға достық, туыстық туралы түсінік беру. Бір –біріне жақсы қарым – қатынас жасай білуді үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен де сыйласа білуге , кішпейіл, кешірімшіл болуға тәрбиелеу. |
1 |
|
Сәлеметсізбе !Маған кажетті хабарламалар алганыма рхмет