«Өскенде мен кім болам?!»

Қаргаева С. Ж.

Білім бөлімі:Драма

Ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбы: «Өскенде мен кім болам?!»

Мақсаты:

а) білімділік: Әртүрлі  мамандық түрлері, олардың атқаратын қызметі туралы білімдерін жетілдіру. Балаларды жаңа заманауи мамандықтармен таныстыру, танымын кеңейту.

ә) дамытушылық: Әңгіме, сұрақ- жауап, ойын, диалог арқылы сөздік қорын дамыту.Логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Рөлдерге бөлініп мамандықтарды ойнату арқылы балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру,сөйлеу тілдерін,мәдениетті сөйлеуін қалыптастыру.

б) тәрбиелік: Еңбекқор болуға, мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: ТРИЗ, тәй- тәй, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: тауар, қолөнер, зергер, жарнама агенттігі.

Билингвалды компонент: еңбек-work, мамандық-profession,

қолөнер-handmade, агент-agent.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, белгілер, интерактивті тақта,

зергерлік бұйымдардың суреттері, түрлі әшекейлер, моншақтар,

үлпілдек сымдар,   түрлі  түсті қағаздар,  мақталы диск.

 

Оқу қызметінің жүргізілу барысы.

1.Шаттық  шеңбері:

Балаларды шеңбер бойына жинайды.

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз!

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

-Сәлеметсіздер ме, апайлар.

-Доброе утро всем вам, доброе утро всем гостям!

Good morning,  good morning,

Good morning to you

Good morning good morning

I am glad, to see you

  1. Ертегі тыңдау

Ертеде бір хан ел аралап жүріп, ғажайып, табиғаты көркем, жап-жасыл жер көріпті. Ол жердің табиғатының сұлулығы сонша, хан өзінің жалғыз ұлын сол тамаша жерді одан әрі көркейтуге үлес қоссын деп хан сайлапты. Ханның ұлы өзінің уәзірлерін, кеңесшілерін шақырып алып, ол жерді қалай көркейтуге болатынын ақылдасыпты. Сәулетшілер әсем ғимараттар сызыпты,  құрылысшылар оны тұрғызыпты. Ғалымдар ғылым мен білімнің дамуына үлес қосыпты. Әлгі табиғаты тамаша жер мамандарының  қолымен одан әрі көркейе түсіпті.

3.Сұрақ-жауап

4.Сөз жұмбақ.

1)Бізге  білім беретін кім? (Мұғалім)

2) Балабақшада бізге дәмді тамақ пісіретін кім? (Аспаз)

3)Қыздардың  мойнына тағатын әшекей(Моншақ)

4) Біздің бас қаламыз (Астана)

5) Ас атасы (Нан)

6) Өзі жеңіл, өзі жұмсақ дене шынықтыру сабағында  қолданылатын құрал (доп)

7) Асхана құралы. (ыдыс)

8) Жазу құралы (қалам)

 

 

5.Ойын:    «Сен көрсет-біз біліп аламыз».

Шарты: Сендер  мамандықтыммен көрсетесіңдер, басқаларың қай мамандық екенін айтасыңдар.

6.Балаларды орталықтарға  бөліп отырғызу.

1 -«Қолөнер орталығы»

Шығармашылық жұмыс:Сыйлықтық қорапшаларды безендіру,аппликация жасау,гүл құмырасын ермексаз арқылы сәндеу,қатты картоннан жасалған сандықшаны безеу.

2-«Зергерлер орталығы»

Шығармашылық жұмыс:Моншақтан, жапсырмалардан,үлпілдек сымдардан  әшекейлер жасау

3-«Жарнама агенттігі орталығы»

Шығармашылық жұмыс: Сүлгіден,сымнан ойыншықтар жасау

Сергіту сәті

Әкем менің дәрігер,

Шешем менің аспазшы,

Дәмді тамақ пісіреді.

Ағам менің  етікші,

Әдемі етік тігеді.

Жеңгем менің суретші,

Қылқаламы жүйткиді.

Атам менің ол-ұста,

Бәрі-бәрі жұмыста!

Қорытынды:

Балаларды мақтап,мадақтау,алғыс айту.Смайликтер арқылы балаларды бағалау.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *