Құрастыру. Тақырыбы: Жүк машинасы.

естияр  тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің    

                               технологиялық картасы.

 

Өтілетін күні:  20. 12.  2012ж.                       Тәрбиеші: 

Білім беру саласы:   Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:  Құрастыру.

Тақырыбы:  Жүк  машинасы.

Мақсаты:  Балаларға  көліктер  туралы түсініктер  бере отырып,  жүк машинасын  құрастыруды үйрету.  Құрастыру  жұмыстарын  жасау  қабілеттерін  арттыру.  Ойлау ,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту. Бастаған  жұмысты аяқтай білуге  тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері

  Тәрбиешінің іс-әрекеті

       Балалардың іс-әрекеті

        Енгізу

Дәлелді ояту

I. Шаттық шеңбері.

«Дос болайық бәріміз»

Х.Талғаров.

 

II. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ жасыру.

Машина.

Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.

 

 

 

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

    Жұмбақ.

Әкемнің тор тайы,

Май жалап су ішсе болғаны зырылдап жүре жөнелер. (машина)

Ұйымдастыру — іздену

1.Машина  және жүк машинасы туралы    түсінік  беру.

-Машина не үшін  керек?

-Онда қандай пішіндер  қолданылған?

-Қандай бөліктері бар?

 

 

2. Пішіндермен құрас-тыру  жұмысын  жасаудың әдістерін  түсіндіру.

 

Сөздік жұмыс  жүргізу.

 

3. Өз  беттерінше  жұмыс  жасау.

Қадағалау.

 

 

Қойылған  сұрақтарға өз ойларымен толық жауап бере білу.

Пішіндер жайлы өз ойларын айта білу.

 

 

Айгүлге көмектесуге қызығушылық таныту.

 

 

Құрастыру  жұмыстарына

белсенді қатысу.

 

 

Өз беттерінше жұмыс жасай білу.

 

 

 

 

         Сөздік:

Дөңгелегі, есігі,  жүргізуші, жылдам, рулі, көлік.

Рефлекстік түзету

Дид  ойын: «Қандай  үй?»

Айгүлді  үйіне кіргізу.

Балаларды  мадақтау.

Өз  ойларын  ашық  айта  білу.

Достарын  бағалау.

 

                                         Күтілетін нәтиже:

Білу:    Машина және жүк машинаның  түрлері жайында түсіне  білу керек.

Игеру:  Машинада   қодлданылатын  пішіндерді дұрыс білу арқылы құрастыру жұмыстарын игереді.

 

Меңгеру:  Машинаның   не үшін керек екенін  меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *