Табиғат біздің ортақ үйіміз
Арынова Венера
Мақсаты:Балаларды туған елінің табиғатымен таныстыру.Табиғатқа деген қамқорлық,сүйіспеншілік сезімдерін өз ортақ үйіне деген жылы лебізін білдіру.
Көрнекі құралдар: жасыл, ақ гүлдер көл ,ағаш, су, жер.Өрмекші ұясы.
Күндей жадырап,
Айдай арйлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Қане балалар орнымыздан тұрып жылы лебіздеріңді тілектеріңді айтайық. Мен жылы лебізімді сендерге лентамен беремін, ал сендер өз жылы лебіздеріңді бір- біріңе, және табиғатымызға арнаңдар.
Армысың,мейірімді жеріміз,
Армысың табиғат –анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз!
Сүейік, табиғатты аялайық.
Біз де одан жақсылықты аямайық
Тыныштық сәт:Саз әлемімен екі минут.
Балалар бастарыңды жоғары көтеріп ,ыңғайланып отырыңдар.Күн нұры сіздің төбеңізден өтіпкеудеңізге қарай бойлап барады.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Енді көзді ашайық.
Балалар көңіл күйлерің қалай.
Балалар жақсы.
Осы жақсы көңіл күймен бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу -қызметімізді бастайық.
-Балалар сендер қай елде тұрасыңдар?
-Қазақстанда
-Қазақстан елінің табиғаты өте бай және ерекше.Бізде кең байтақ жеріміз де, орман өзен көлдеріміз де, биік тауларымыз да бар.
Слайд: балалар теледидарға көңіл бөліңдер.
Табиғат дегеніміз-бізді қоршаған әлем.
Табиғат екіге бөлінеді.
1.Өлі табиғат
2.Тірі табиғат
Қанеки балалар тақтаға қарайықшы.
Өлі табиғатқа не жатады, тірі табиғатқа не жатады.
Өлі табиғат:
Бексұлтан:(Тас, құм су)
Диярбек:қар, мұз, тау
Алтын: жер, топырақ, жаңбыр.
Тірі табиғат:
Сабина:адамдар,жануарлар,құстар,аңаштар, жәндіктер.
Әділет:гүлдер, балықтар.
Балалар олай болса орманға таза ауаға саяхат жасаймыз ба.
Балалар жарайды.
Мына ормандағы іздерге қараңдаршы?
Балалар: Ненің ізі?
Аңдардың.
Оны табу үшін бізге жұмбақ жасыру керек?
Қанеки кім жұмбақ жасырады?
(Жерде жануарлар ізі жатады)
Мадина:
Өзінше ноян, қорқақ кім? ( Қоян)
Ерқанат:
Балпаң-балпаң басады
Қыр жотауын асады
Паналайды үңгірді Іздемейді тасаны
Ол не? (аю)
Сабина: Төрт аяқты шалғы,
Шауып кетер малды (қасқыр)
Ал енді балалар біз орманды аралаймыз. Орман өзінің көптеген ағаштарымен жерінің құнарлығымен бай.
Құс дауысы:
Балалар ненің даусы?
Балалар құстың.
Құстар қайда тұрады?
Балалар :ағаштарда.
(Орманда жолдар салынады)
Балалар: орманда не істеуге болмайды?
Әділет: от жағуға,шулауға,қалдықтарды тастауға
Рамазан:ағаштарды кесуге болмайды.
Ал,балалар өз орнымызға жайғасайық.
Балалар саяхат ұнады ма?
Балалар ал енді өздерің білетін мақал- мәтелдеріңді айтып беріңдерші.
Сайда:Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Дания: Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
Алияр: Жақсы ай мен күндей
Әлемге бәрдей
Нұрасыл: Сулы жер құрақсыз болмас
Таулы жер бұлақсыз болмас.
Сергіту сәт: Қызыл өрік
Қане балалар сергіп аламыз ба?
Балалар: иә
Қимылмен, саз әлемімен теледидарға қарап.
Табиғатқа арналған тақпақтар:
Айша: Табиғат ол-анамыз
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойлаймыз
Шаттық әнге саламыз
Асылай: Таулар-таулар шөккен бір
Нар түйенің өзіндей.
Бұлақ-бұлақ мөп-мөлдір,
Ботақанның көзіндей.
Рамазан: Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Көрініс:
«Табиғат ананың балаларына берген сыйы».
Шығармашылық:
- Лепбук технологиясы бойынша
- Гратаж технологиясы бойынша
- Қол моторикасымен жұмыс жасау
Ойын: « Не болар еді»?
Шарты:
Балалал бір-біріне сұрақтар қояды табиғатымызға арналған.
Балалар біз табиғатсыз тіршілік ете алмас едік.
Табиғат, бізге күн сияқты мейірімді, су сияқты мөлдір болуды үйретеді.
Қанеки,балалар табиғатқа ризашылығымызды сөзбен жеткізейік.
Асылай: Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет.
Нұрасыл: Таза ауа саған рахмет.
Алтын:Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет.
Диярбек:Ағаш көлеңкең үшін рахмет.
Алияр: Жер саған жомарттығын үшін рахмет.
Ерқанат:Табиғат сұлулығын үшін рахмет.
Дәйек сөздер табиғатымыздан не үйрендік.
Алтын: мен күннен мейірілімдікті үйрендім
Асылай:Мен көбелектен әдемілікті үйрендім
Рамазан:Мен судан тазалықты үйрендім.
Ал енді тыйым сөздерге келетін болсақ қандай тыйым сөздер білесіңдер.
Бексұлтан: Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Сайда:Ағашты кесуге болмайды,ол бізге таза ауа береді
Дания: Суды ластауға болмайды.
Ерқанат:Күнімізді Бұлт баспасын.
Бекболат: Көбелекті өлтірмеңдер,ол-әдемілік белгісі.
Әділет:Құсты атуға болмайды, құс адамның досы.
Айша:Жасыл шөпті жұлуға болмайды,ол біздің жерімізге көрік береді.
Қорытындылау:
Балалар біз қайда бардық?
-Орманға
Орманда жүргенде не істеуге болмайды?
Қандай ойын ойнадық?
Періштелеріміз не істеді?
Жүректен-жүрекке
Адамның екі анасы бар:бірі туған анасы,екіншісі табиғат
Табиғат-адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені.
Адам мейірімділікті ,сүйіспеншілікті қайырымдылықты,әдемілікті табиғаттан үйренеді екен. Табиғатымызды таза ұстайық,аялайық.