Желкенді қайық
Мұстафаева Алмагул
Мақсаты: Балаларға түрлі геометриялық пішіндерден кеңістікті бағдарлай отырып, қайық бейнесін жабыстыра білуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Ойындар арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Барысы: Үш тілде сәлемдесу!
Шаттық шеңбері: Амансыңба, Алтын күн!
Амансыңба , Жарқын күн!
Маған жылу, жарық бер
Қуаныш пен шаттық бер!
Мезгілге тоқталу:
Балалара слайд көрсету: көлік түрлері. Тақырыпқа тоқталу. Балалардан көліктер туралы тақпақтарын сұрау.
Ғажайып сәт:
Саяхатшы Дара телефон соғып, өзіне көмек қажет екенін хабарлайды. Балалардан көмек көрсетуін өтіну
Билингвальды компонент: қайық – лодка, кеме – корабль , теңіз – море
Балалар үш орталыққа бөлініп кеме бөліктерін жапсырады.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі!
Көмек керек болған балаларға көмектесу. Балалардың жұмыстарын тақтаға іліп, мадақтау. Балалардың қалай, кімнің жасаған жұмыстары ұнағанын сұрау
Дидактикалық ойын: «Көліктер қайда жүреді?»
Мақсаты: Көләк түрлерін ажырата бәлуге және кеңістікті бағдарлауға үйрету.
- Әуеде жүретін көліктерді ілу
- Жерде жүретін көліктерді ілу
- Суда жүретін көліктерді ілу
Дидактикалық ойын: «Суретке қарап әңгіме құрастыр»
Мақсаты: Суреттер арқылы балаларға әңгіме құрастыруға үйрету, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Дидактикалық ойын: «Сурет құрастыр»
Мақсаты: Қиынды бөліктерден қайықты құрастыру. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Қорытынды: Балалар бүгінгі оқу қызметінде не туралы әңгімеледік? Нені жабыстырдық? Кімге көмектестік? Бүгінгі оқу қызметі ұнадыма?
Балаларды белсенділігіне қарай бағалау.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: суда жүзетін қайықты
Түсінеді: қайық, кеме , су көлік түрлерімен танысады, ажырата алады
Қолдана алады: түрлі қию, жабыстыру тәсілдерін