Бауырсақтың қызықты оқиғалары
Рамазанова Динара
Оқу қызытінің мақсаты: Балалардың ертегі арқылы таным қабілеттерін, ой өрістерін, қызығушылықтарын арттыру және ойлау арқылы байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу. Геометриялық пішіндердің құрылысына мән беріп,айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату. Жабайы жануарларды ажырата білу, олардың дене мүшелерін атау. Дыбысқа байланысты сөз ойлап, буынға бөліп,сөйлем ойлату арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылық: математикалық ұғымдарды пайдалана отырып, өз ойларын толық жеткізе білу.
Тәрбиелік:үлестірмелі материалдарды пайдалана отырып өз еріктерімен жұмыс істей білу. Құрдастарының ойын аяғына дейін тыңдай білу.
Оқу қызыметінің көрнекіліктері:Балалардың санына байланысты көбелектер әріптермен, фасоль, түрлі-түсті қарындаштар, геометриялық пішіндер, 1-10 ға дейінгі сандар, алма ағашының суреті, гүлдердің суреті, ақ картондар.
Оқу қызыметінің барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір кейіпкердің қызықты оқиғалары жайында айтқым келіп тұр. Оны білу үшін мына жұмбақтың жауабын тапсақ, білетін боламыз.
Жұмбақ:
Пішіні допқа ұқсайды,
Бастапқы кезде ыстық болады.
Аяқ, қолы жоқ,
Бірақ өзі домалайды.
Әрине ол біздің сүйікті бауырсағымыз. Бауырсақ жақында 7 жасқа толады. Сондықтан әжесі мен атасы бауырсаққа әліппе мен оқу құралдарын сыйламақшы болды. Бауырсақ таңырқап: Мен әліппені қайтем? Қайтем дегені несі? Сен күзде 1 қыркүйекте мектепке барасың деді атасы мен әжесі.
Бауырсақ: Мен мектепке барғым келмейді. Мен жайда бәрін білемін деді бауырсақ терезеде отырып. Атасы мен әжесі осы кезде дүкенге кеткен еді. Бауырсақ ұйқыға шомды да, ғажайып түс көрді.
Негізгі бөлім:Түсінде ол есейген, оның машинасы бар. Бауырсақ машинасына мініп, жолға шығады. Бауырсақ орманға келді. Бауырсақ машинадан түсіп, орманның ішіне қарай домалай жөнелді. Домалап келе жатып нені кездестіреді? Оны біз мына фазылды жинаған кезде білетін боламыз. Бауырсақ қасқырды кездестіреді.
Аю: Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: жоқ мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.
Аю: Сенің өлеңіңді мен білемін, мен ертегі оқығам. Кірпі маған мынаны сыйлады.Бірақ онда не бар екенін мен білмеймін.Егер көмектеспесең мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жылап, мен ештеңе білмеймін, мен балабақшаға да, мектепке де барған емеспін.
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесейік. Кірпі аюға не сыйлады екен.
Балалар: Жақсы көмектесеміз.
Пішіндерді атау. Төртбұрыш , шаршы, дөңгелек, сопақша бір- бірінен қандай айырмашылығы бар?
Балалардың жауаптары:
Кірпі бізге қызықты суретте жіберіпті. Сендер балалар қолдарыңа сандарды алыңдар. Біз сендермен ойын ойнаймыз.
Пішіндердің қандай түрлері бар?Суретте неше шаршы орналасқан? Кіші ұшбұрыш нешеу? Кіші дөңгелек нешеу? Қызыл шаршы нешеу?
Біз қасқырға сыйлық беріп жібереміз.Геометриялық пішіндерден не жасауға болады? (Жерде жатып сурет салады)
Бұл суреттер аюға ұнайды деп ойлаймын. Балалар енді аю сендердің ойын ойнағандарыңды көргісі келеді.
Дидактикалық ойын: «Жұбыңды тап» (Сергіту сәті)
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар сендер тапсырманы бұлжытпай орындап шықтыңдар. Енді орнымызға отырайық.Ертегіні одан әрі жалғастырайық. Аю бауырсақпен қоштасып әрі қарай домалап кетті. Домалап келе жатып, оның алдынан не кездеседі? ….. Оны білу үшін, мына әріпті танисыңдар ма?
Балалар:Иә, Т әріпі.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Бауырсақ Т әрпінен басталатын қандай аңды кездестіреді деп ойлайсыңдар?
- Түлкі
Түлкі : Бауырсақ мен сені жеймін.
Тәрбиеші: Бауырсақ қалай жауап береді балалар.
Балалар: жоқ мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.
Тәрбиеші:Түлкі айтады мен сенің өлеңіңді білемін, бұл ертегіні үш рет оқығам. Мен орман мектебіне барамын. Маған үй жұмысын берді. Бірақ мен оны орындай алмай жатырмын.Көмектесесің бе? Көмектеспесең мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жылап тұрып мен ештеңе білмеймін. Мен атамды тыңдамадым. Тапсырма да орындай алмаймын.Түлкі ашуланды.
Тәрбиеші: Балалар не істесек екен бауырсаққа көмектесеміз бе?Көмектеспесек түлкі бауырсақты жеп қояды.
Балалар: көмектесеміз.
Дидактикалық ойын: «Алма жинау»
- Әріпті атайды, сөз ойлайды, сөйлем құрайды.
- Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажыратады, сөздерді буынға бөледі.
- Жұмбақ шешіп.Бұршақпен әріпті жазады.(картонға)
«Көбелек» ойыны. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, қызғылт сары гүлге дауысты дыбысы бар көбелектер,жасыл гүлге дауыссыз дыбысы бар көбелек қондырамыз. /музыкамен/
Түлкі : Рахмет балалар, сендер білімді, еңбекқор екенсіңдер. Ал бауырсақ сен мектепке барып оқитын бол.
Тәрбиеші: бауырсақ түлкімен қоштасып әрі қарай домалап кетті. Атасының қасына барып, күзде оқуға барғысы келіп кетті. Қараса алдында қоян отырады.
Қоян : Әй, бауырсақ мен сені жеймін дейді.
Бауырсақ:жоқ мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.
Қоян : мен сенің өлеңіңді білемін. Сен одан да маған айт. Мен мына суретті қарап отырып, бұл не қылған аңдар екенін түсінбей отырмын.
Бауырсақ: Ой қоянжан мен өмірімде бүндай аңдарды көрмеппін. Балалар маған көмектесіңдерші, мен міндетті түрде мектепке барамын.
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалар: Көмектесеміз.
Аңдарды балалар атап шығады.
Тәрбиеші: Балалар аңдар қандай дене мүшелерінен тұрады?
Балалардың жауаптары: /бас,мойын,дене, аяқ, сақал,тұяқ.\
Тәрбиеші: Енді қоян сендерге мынадай ойын ұсынғысы келіп отыр.
«Құйрығын тап»
Дидактикалық ойын: «Ерекше жануар»
Түлкі: Рахмет балалар, менде жаңа достар табылды. Жарайды мен сені жіберейін. Бірақ балаларға уәде бергеніңді ұмытпа.
Бауырсақ: мен міндетті түрде мектепке барамын, білім аламын, менде балалар сияқты болғым келеді, олар бәрін біледі. Бауырсақ ұйқыдан оянады.Ұйқыдан оянса атасы мен әжесі дүкеннен келіпті. Ол түсінде көргенін атасы мен әжесіне айтып береді. Оған балабақшаның ақылды ,білімді,еңбекқор балалары көмектескенін баяндап береді. Осымен бауырсақтың қызықты оқиғалары аяқталды.