Қош келдің Наурыз
Аязбекова Махсад
Қош келдің Наурыз
1-Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Құры қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
2-Жүргізуші: Наурыз қайта оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз
Үй-дастархан, даламыз, сахынамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
1-Жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайындар,
Той көрген, думан көрген талайың бар.
Ұлыс күні халқымның мерекесі,
Қуанышпен халайық той тойлаңдар.
2-Жүргізуші:Ардақты әлеумет, бүгінгі той мұсылман жұртының дәстүріндегі ерекше мереке. Бұл күн ақ мол болып наурыз көже бұлақтай ағылып, ауылдас – туыс ағайын құшақ жайып бір-бірімен қауышады.
1-Жүргізуші: Ауыл сыртында жауқазындай жастық, шаттық әуені естіліп би билеп, өлең айтылып жастардың ойын-сауық кешіне жалғасады.
2-Жүргізуші: Ал қазір біз қыздарымыз бен аналарды ортаға шақырып, «Анаға қарап қыз өсер» атты сайысымызды бастайық.
( музыкамен сайыскерлер ортаға шығып, өз орындарына жайғасады.)
1-Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
2-Жүргізуші: 1-ші сайысымыз «Шаңырағым — шаттығым!» деп аталады. Бұл сайыста аналар мен қыздар отбасыларын өлең жолдарымен таныстырады.
1-Жүргізуші: Балаларда өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
“Матрешка” биін көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер.
«Матрешка» биі
2-Жүргізуші: Қазылар алқасы 1-ші сайыстың бағасын беріңіздер.
1-Жүргізуші: 2-ші сайыс — « Ойлы болсаң – озып көр!» .
(Бұл сайыста мақал-мәтел, тыйым сөздердің жалғасын табу және түсіндіру.)
2-Жүргізуші: Халқыңның әдет-салтына
Ойлана қарап түйін-түй,
Ұлыстың ұлы күнінде.
Жалғаса берсін ән мен күй!
«Испан» биі
1-Жүргізуші: Қазылар алқасы 2-ші сайыстың бағасын беріңіздер
2-Жүргізуші: 3-ші сайыс “Сұрақ-жауап сайысы”.(Ұлттық саз аспаптары, үй жиһаздары, салт-дәстүрлер, ұлттық киімер, ұлттық тағамдар, әшекей бұйымдар.)
1-Жүргізуші: Айгөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезінде,
“Балбөбек” тобының ұл-қыздары би билейді дөңгелеп.
«У меня у тебя» биі
2-Жүргізуші: Қазылар алқасы 3-ші сайыстың бағасын беріңіздер
1-Жүргізуші: 4-ші сайыс « Шебердің қолы ортақ» деп аталады. (Өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын көрсету.)
2-Жүргізуші: Ал халайық босқа қарап тұмайық,
Ұлыс күні әндетейік жырлайық.
Думандатып ортамызды ашайық,
Ақ тілекпен балабақша
Өнерпаздарын сахна төріне шақырайық.
«Футбол» биі.
1-Жүргізуші: Қазылар алқасы 4-ші сайыстың бағасын беріңіздер.
2-Жүргізуші: 5-ші сайыс «Ас адамның арқауы». (аналарымыз қазақтың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстырады.)
1-Жүргізуші: Құлпырған, гүл тұнған,
Бақшамыз ауламыз.
Ойлаймыз тойлаймыз,
Көңілді би сыйлаймыз.
«Қазақ» биі. ( әнші болғым келеді )
2-Жүргізуші: Қазылар алқасы 5-ші сайыстың бағасын беріңіздер.
1-Жүргізуші: Соңғы сайысымыз «Өнерлі – өрге жүзер!» Бұл сайыста аналарымыз өз өнерлерін көрсетеді.
2-Жүргізуші: Наурыз тойың,Наурыз тойың,
Құтты болсын халайық.
Қане достар, қане достар,
Шырқап әнге салайық.
Ән: «Әжем айтқан ертегі»
1-Жүргізуші: Қазылар алқасы 6-ші сайыстың бағасын беріңіздер.
2-Жүргізуші: Қазылар алқасы сайысты қорытындылап болғанша, тағы да бүлдіршіндер өнерін тамашалайық.
1-бала: Тақпақ айтам жыл басы,
Құлақ салып тыңдашы.
Бар бөбекке өзімдей,
Тыныш өмір сыйлашы.
2-бала: Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып ақ жүзің.
3-бала: Ата –бабам тойлаған,
Наурызым армысың.
Қызығына тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.
4-бала: Жарқыра жайна наурызым,
Қабағы жаудың түйілсің.
Дүние байлық дәм тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын.
5-бала: Ал, балалар келіңдер,
Той қызығын көріңдер.
Наурыз тойға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.
6-бала: Шуақ болып төгілер,
Жерге дән болып егілер.
Наурыз айын күтерде,
Бақшадағы бөбектер.
7-бала: Армысыздар халайық,
Әр кез аман болайық.
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
8-бала: Құтты болсын Наурыз той,
Құлпыртып тұр қыр мен ой!
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
9-бала: Жылқы жылы кел төрлет,
Ел достығын өрлет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
«Көкпар» биі
2-Жүргізуші: Ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.
төмендегі номинациялармен марапатталады.
- «Білгір ана»
- «Мейірбан ана»
- «Шебер ана»
- «Бұлбұл ана»
- «Балқаймақ ана»
1-Жүргізуші: Қош келдіңіз Наурызымыз ардақты.
Халқым саған бар үмітін арнапты,
Жылда осылай келе бергін жасарып.
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
2-Жүргізуші: Наурыз тойы, қасиетті халық тойы,
Сән құрған салтанатты сауық тойы.
Елімнің орындалған арман-ойы,
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын ағайын.
Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет! Біздің бала бақшамыздың Наурыз мерекесіне арнап жайған дастарханынан, наурыз көжеден дәм татыңыздар.
1-Жүргізуші: Ал ағайын бәріміз бірге дастархан басына барайық!