Қыс қызығы
Мейрбекова Латифа
Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Бір — біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу. Әдісі: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау ән айту. Көрнекілік: Қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері. Пәнаралық қатынас: Сауат ашу, математика, музыка. Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің барысы: — Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып апайларға амандасып алайық. Шаттық шеңбері Арайлап атқан таңға сәлем! Жылуын шашқан күнге сәлем! Жайнап өскен бізге сәлем! Білім беріп тәрбиелеген, Апайларым сіздерге сәлем! І. Кіріспе бөлім Жұмбақ шешу: Көзіңе көрінбейді, Тоңдырып қызартады. Күні — түні ерінбейді, Өзенге мұз артады. (Аяз)
— Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады? — Қыс мезгілінде болады. — Қыс мезгілі қандай болады? — Салқын болады, беті — қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады. — Ендеше, боран сокканын қимылмен қалай көрсетеміз? — (Қолдарын көтеріп, гуілдейді). — Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз? — (Алақай деп қолдарын көтереді) — Жарайсыңдар осындай тамаша көңіл күймен орманға барғыларың келе ме? — Иә, барғымыз келеді. — Қане, бәріміз көзімізді жұмайық. (Балалар көздерін жұмады, ашқан кезде орман көрінісі көрінеді.) — Міне, балалар, біз орманға келдік. Орманнан нелерді көріп тұрмыз? -Қар басқан шыршалар, ағаштар, аққала, үйілген қарлар. -Қар туралы сендер не білесіңдер? — Аппақ, аппақ, қар аппақ Айналаның бәрі аппақ -Шыршаның түсі қандай? Бойлары бірдей ме? -Түсі жасыл. Бойлары биік және аласа. — Орманда тағы нелер бар екен? — Аңдар бар. — Аңдар туралы не білесіңдер? Әмина: Түлкі қызғылт сары түсті, жыртқыш аң. Ол орманда өмір сүреді. Айзере: Қасқыр сұрғылт түсті жыртқыш аң. Ол ұсақ жануарлармен қоректенеді. — Ой, қандай тамаша! Бізде сіздермен барсақ бола ма? — Иә — Мынау ақ болып тұрған не? — Ақ қарлар — Балалар, мына жерде біреу бар сияқты, кім болды екен? — Аю ғой. — Балалар, аю қыста ұйықтап жатады, шуласақ оянып кетеді. мынау қорапшаны біреу жоғалтып алған сияқты, өзімізбен бірге ала кетейік, сұраса берерміз. Ал, мынау не нәрсе? — Бұл аққала. — Иә, біздің алдымызда да балалар келіп, аққала жасап кеткен сияқты. Аққала неше бөліктен тұрады? — Аққала үш бөліктен тұрады.
— Пішіндері қандай? — Пішіні дөңгелек. — Ал түсі қандай? — Түсі ақ. — Аққаланы неден жасайды? — Ақ қардан жасайды. — Балалар, біз тоңып қалдық. Балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Қанеки, көзімізді жұмайық. — Міне, балалар, балабақшамызға да келдік. Қысқы орманнан нені көрдік? — Аңдарды, аққаланы, шыршаларды көрдік. — Балалар, орманнан тауып алған қорапшаны ашып көрейік. Міне, қызық. Қорапшаның ішінде тапсырмалар бар екен. Тапсырмаларды орындаймыз ба? 1- тапсырма: Қыс мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме? Малика: Сырғанаққа мығымбыз Шыныққанбыз, шымырмыз Таудан төмен сырғанап Біз тебеміз сырғанақ. Тимур: Аулаға қар үйгізді, Бетті аязға сүйгізді. Тоңбасын деп теректер Қырау ішік кигізді. Айнұр: Біз батыр баламыз, Жылы үй — қорамыз. Ақ ұлпа қарыңнан Аққала саламыз. Жансая: Келді — дағы қыс Дала аппақ түс Қос аяқта шаңғымыз Дөңге шықтық бәріміз. Санжар: Ағаштардың жапырағын Ашулы жел тонайды. Ақ жамылған атырабым
Қар борайды, борайды. 2- тапсырма: Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?» Ойын шарты: Балалар артық затты тауып алады. 2- тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастыр 3- тапсырма: Санамақ айта аласың ба? Санамақ айту. Н.Саяжан: «1» дегенім — бөрік, Кисең бойға көрік. Расул: «2» дегенім — етік, Киер сәнді етіп. Аружан: «3» дегенім — ішік, Теріден тігер пішіп. Еркебұлан: «4» дегенім — тымақ, Қыста кисең жылы — ақ. Мирас: «5» дегенім — байпақ, Іші жылы тайпақ. Нұргүл: Буынғаным -Бір белдік, Мұны, қане,Бір делік. Екі қолғап,Бір шалбар және үстімде бір тон бар. Барлық бала кимей ме: Екі шұлық,Бір жейде. Оған енді тосылмай, Екі етікті қосыңдар. Он болды ма барлығы, Еске сақтап қал мұны! 4- тапсырма: Шығармашылық жұмыс «Аққала жасау» — Ой, қандай керемет! Енді бәріміз «Көңілді қыс» әнін орындайық. Күтілетін нәтиже: Білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып, атай біледі Меңгеруі: Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды, сұраққа толық жауап
беруді үйренеді. Жасай алуы: Бейнелі суреттерді құрастырып, қардың бейнесін саусақпен салады.