Балалардың тілін дамытудағы ата-аналардың рөлі.

Балалардың тілін дамытудағы ата-аналардың рөлі.

Балалардың ата-аналарымен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай – 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру.

1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету. Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл не?», «Не істеді?» сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу. Балалардың ынталық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру. Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту. Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, ары жылжы), кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу және т.б.) дұрыс атай білуді қалыптастыру. Балаларды кейбір есім сөздерді (мен, біз, сен, маған), үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) және қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. Зат есімнің көпше түрін, септікті, етістіктің бұйрық райын, етістіктің өткен шағын осы және келер шақтармен бірге қолдануды қалыптастыру.

Жыл аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді. Заттарды ерекше белгілеріне қарай жалпылап қана қоймай, оларды атай білуді (қуыршақтар, доптар, машиналар және т.б.) үйрету. Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету. 1 жас 6 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру. 1 жас 10 айдан бастап сын есімдер мен үстеулерді қолданып 3-4 сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге үйрету. Тілді қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас жағдаяттарын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуға, көрген-білгені жайлы бірнеше сөзбен айта білуін қалыптастыру.

Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау. Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету («Бұл не?» – «Бұл қуыршақ»; «Арбада не бар?» – «Қуыршақ»; «Көрпе неге керек?» – «Қуыршаққа»; «Әнуар енді не істейді?» – «Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды)»). Өз өтінішін сөзбен және қысқа сөйлеммен білдіруге, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізе білуге (шақыру, көмегін ұсыну, тәрбиешіге беру үшін баланың күтушіден керек затты сұрауы және т.б.) үйрету. Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік туғызу. Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру. Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар: — бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде), кейбір жануарлар мен олардың қимылдарын,ойыншықтарды; — заттардың белгілері, күйі, орналасқан орнын; — айналадағы адамдардың жасы мен жынысына сәйкес дене жай-күйі, мезгілдік және сандық қарым-қатынастарды атауды; — ересектерді мұқият тыңдау, топта өзін-өзі ұстау немесе басқа балалармен қарым-қатынасы туралы нұсқауларын орындауды; — екі-үш қимылдан тұратын жеңіл тапсырмаларды орындауды; — сюжетті суреттер бойынша үлкендердің шағын әңгімелерін түсінуді; — ересектердің сөздеріне еліктеп, кейбір еңбек әрекеттерін дұрыс атап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты ретке келтіріп және тілектерін білдіруге байланысты сөздерді қолдануды; — кейбір есімдіктер (мен, біз, сен, маған) мен үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) қолдануды; — 300-ге дейін сөзді; -заттарды айрықша белгілеріне қарай жалпылап, атауды; — ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды; — таныс заттар туралы сұрақтарға бір сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап беруді; — өз өтінішін сөзбен немесе сөз тіркестерімен білдіруді, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізуді; — дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуі тиіс.

3-4 жасар балалар үшін 1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту. 2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану. 3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру. 4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру. 5. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың қызығушылығын халық ауыз әдебиетіне баулу. 6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту. Байланыстырып сөйлеу Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау. Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру. — барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды; — сөздерді көпше және жекеше түрге қоюды; септік жалғауын қолданып сөз бен сөздің арасын байланыстыруды; — біріңғай мүшелі сөйлемдерді қолдануды; — сұрақтарға жауап беруді; — тәрбиешінің ойыншық жайлы және сурет бойынша құрастырған нұсқасына сәйкес әңгімені қайталауды; — өздеріне таныс әдеби шығармалардан және ертегілерден үзінділерді драмалауға қатыса білуі тиіс. Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.

 

Белгісіз автор

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *