Білім теңізіне саяхат
Кіріктіретін оқу қызметі: Коммуникация, Денсаулық, Шығармашылық,
Әлеуметтік орта,Таным.
Мақсаты: балалардың күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту; балалардың шығармашылығын,мақал-мәтел, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту;ұқыптылыққа, өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,мадақтау, түсіндіру, көрсету.
Билингвальды компонент: көктем-весна, кеме-корабль.
Көрнекілігі: сандық, кілт, кеме, торғайлар,кеменің макеті.
Шаттық шеңбері
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнекей, бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Сәлеметсіздер ме балалар! Балаларды отырғызып, бүгінгі оқу қызметімен таныстыру.
-Қазір жылдың қай мезгіл?
-көктем — весна — spring
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-үш ай бар.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, көктем мезгілінде үш ай бар көктемде күн жылынып табиғат анамыз жандана бастайды , жылы жақа ұшып кеткен құстар кайтып келеді ағаштар бүршік жарады.
Балалар сендер саяхатқа шықыларың келема?
- Ия.
- Олай болса «Білім еліне» саяхатқа шығамыз.
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер сол жұмбақтың жауабын табасыңдар.
- Жұмбақ:
Сылқ – сылқ күледі.
Аяғы жоқ жүреді. ( Су)
Өзен, көлде батпайды,
Жүзгені жақсы болса да
Адамсыз түк істей алмайды. ( Қайық )
Өте жақсы балалар сендер жұмбақтың жауабын таптыңдар.
Сол сәтте кенеттен есік соғылады.
Бұл кім екен балалар?
Ғажайып сәт:
Капитан сиқырлы кілтпен кіреді.
Капитан: Сәлеметсіздер ме балалар!
Сендердің саяхатқа шыққалы жатқандарыңды естіп, алыс сапардан сиқырлы кілт алып келдім.
Ендеше бұл кілтті құрастыру үшін, менімен бірге «Білім» еліне сапарға аттанайық!
Тәрбиеші:
Сапарға шығу үшін не керек?
Көлік керек.
Ал қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Әуе, жол ,су, жерасты көліктері.
Өте жақсы олай болса бүгін алдымыздағы ақ қағазда нүктелер қойылған, сол нүктелерді бір-біріне жалғасақ қандай көлік түрі шығады. Сол көлікпен «Білім»атты кемемен сапарға аттанайық.
Сөздік жұмыс: кеме-коробль -shick
Ал енді,балалар біз кемеге мінуіміз үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
-Табиғат деген не?
Қоршаған орта, аспан,жер,өзен,теңіз әлемі.
— Денсаулық деген не?
— Денсаулық дегеніміз деніміздің саулығы.
Балалар кемеміз сумен жүзіп келе жатыр.
— Су қандай? -Су мөлдір таза.
-Су қайда болады? Өзенде, көлде,мұхитта болады.
-Суда нелер тіршілік етеді? Балықтар,өсімдіктер.
-Су астында не бар? Балықтар,жер бар.
-Бұл-«Білім елі». Менің тапсырмам осы елде.
Тапсырма: 1
1-ден 5-ке дейін санау.
Балалар 1-ден 5-ке санайды.
Логикалық есеп:
Ағашта үш торғай отыр. Біреуі ұшып кетсе нешеуі қалады?
- Бес алманың біреуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолында қалады?
Ойын: «Сандар шатасты»
Мақсаты: ретімен қою.
Балалар қызыға ойнайды.
-Балалар жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындап болдыңдар. Сиқырлы сандықтың кілтінің бірінші бөлігін сендерге табыстаймын.
-Балалар, енді кілттің қалған бөліктерін табуымыз үшін сапарымызды жалғастырамыз.
Тапсырма :2
-Балалар, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1.Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
2.Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
3.Білім-шырақ, Өнер-бұлақ.
-Өте жақсы балалар,білім туралы өлең білесіңдерме?
Кел балалар,оқылық
Оқығаның көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей ақ табылар.
-Балалар, біздер «Білім еліне» қандай көлік түрімен келдік?
Кемемен жүзіп келдік.
—Капитан: Балалар сендер мақал мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер кілттің екінші бөлігін тапсырайын.
Тапсырма: 3
-Балалар, қандай ертегілерді білесіңдер?
Шұбар тауық ,Бауырсақ, Алдар көсе мен бай, Жетті лақ, Шалқан ертегілері.Олай болса балалар жетті леқ ертегісін әңгімелеп берейік.
Ертегіні балалар әңгімелеп береді.
—Капитан: балалар сендер ертегіні өте жақсы әңгімеледіңдер.
Мен сендерге кілттің ең соңғы бөлігін табыстаймын сендер өте жақсы тапқыр білімді балалар екенсіңдер.
Сергіту сәті:
Балалар қимыл –қозғалыспен көрсетеді.
Бойды сергек тік ұста
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да
Өз қолыңды алға соз.
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қолда бос тұрмасын
Шеңбер жасап зырласын.
Капитан:
-Балалар сендер өте ақылды тапқыр екенсіңдер. Маған көп көмектестіңдер. Кілтті тауып беруге және құрастыруға. Ендеше менің кететінін уақытым болды. Сау болыңдар.
Балалар енді біз құрастырған кілттіміздің қандай пішіндерге ұқсайтынын атап айтып береиік Сопакша,төртбұрыш, үшбұрыш.
-Балалар, саяхатымыз ұнады ма?
-Бүгін қайда саяхатқа шықтық?
-Саяхатқа қандай көлік түрімен бардық?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Жарайсыңдар, балалар. Осымен бүгінгі оқу іс-қызметіміз аяқталды.
Қортынды: Дидактикалық ойын.
Карткожакова Айгул