Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін сюжеттік ролдік ойын арқылы дамыту

Жоспар:

1.Сюжеттік ролдік ойында туралы ақпарат беру, мазмұнын ашу

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуына сюжеттік ролдік ойынның ықпалы.

Тақырыптық баяндама

1.Ойын- мектепке  дейінгі  кезеңдегі  іс-әрекеттің  негізгі  түрі. Балалардың  ойын  іс әрекетінің  бір  түрі  сюжеттік-рөлдік ойындар. Олар мектеп жасына дейінгі  балаларға тән ойындардың  негізгі  қорын құрайды. Психолог Д.Б.Эльконин сюжеттік-ойындарға  мынадай  анықтама  берді: «Рөлдік  немесе  мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық  ойыны дамыған  түрде балалар өздеріне үлкендердің рөлін алатын және жалпы түрде арнайы жасалған ойын жағдайында үлкендердің әрекетін  және олардың  арасындағы қарым-қатынасты қайталау әрекеті» деп көрсетті.Сюжеттік  рөлдік ойындардың көзі-балаларды  қоршаған әлемдегі  заттар ,адамдар,табиғат,өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері. Ол мектеп жасына дейінгі  бала үшін ең  қызық  ойын, ойында бала іштей  еркіндіктің  сезімін, өзіне  бағынышты  заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді. Бала үлкендердің  кез келген ісін табысты  істей  алады, кез-келген ситуацияға кіре  де алады, қалаған  оқиғасын бастан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық әлемін кеңейтеді, дамуына  жағымды  эмоциналды  рең  береді. Сюжетті- рөлді  ойындардың  құрылымы:  сюжет, мазмұн,  рөлдер,ойын амалдары. Ойын сюжеттері  әр түрл Тұрмыстық ойындар, балабақша, жанұя,т.б.Сюжеттік  рөлдік  ойындардың негізгі мазмұны үлкендердің әр түрлі жағдайда көрініс беретін қоғамдық  өмірі. Рөл-Сюжеттік-рөлдік ойынның  негізгі діңгегі болып  табылады. Ойында рөлдің болуы бала санасында өзін қандай да бір адаммен теңетіреді де, ойында  соның артынан әрекет етеді   соған сәйкес қажетті заттарды  пайдаланып,басқа ойыншылармен түрлі қарым-қатынасқа түседі. Сюжетті орындаудың  негізгі  құралдарының  бірі  ойын амалдары. Ойын амалдары дегеніміз –ойынның  түпкі  ойы,және ережелер. Ойынның  түпкі ойы-Бұл балалар нені және қалай  ойнайтындығын анықтау. Ойын процесіндегі  ережелерді  балалар өздері  қояды,ал кейбір ойындарда үлкендер,олар ойнаушылардың  тәртібі мен қарым қатынасын анықтайды және реттейді. Сюжеттік-рөлдік ойындардың  құрылымын қорытындыласақ: ойынның түпкі ойы, сюжеті, мазмұны, ойын амалдары,ережелері балалар өмірінде маңызды орын алатын ойында кездеседі.

II-1. Балабақшада  сюжетті –рөлдік ойындарды қолданудың  тиімділігі. Қазіргі заманның психологиялық –педогогикалық зерттеулерде сюжетті ойын-адамның кез келген іс-әрекеті сияқты-балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген. Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің  ең  қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы  мүмкін, күрделі түрінде-әр түрлі оқиғалардың  бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін. Көптеген  зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі,заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асырылуы тиіс,құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті.Есейе келе,бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс,оларды өзінің  және 2-3 құрдас серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыруы тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс. Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі  бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп,еркін өрістетуге үйрету керек. Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі-ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде ойын-өнер мен көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіріледі. Ойында шындықтың  көрінісі ,оның  образды сәулесі  қылаң береді.Ойын балаларға  ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық  тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар  ойын барысында:

  1. Өзін еркін  сезінеді.
  2. Ізденімпаздық тапқырлық  әрекет байқатады.
  3. Сезіну,қабылдау,ойлау,қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
  4. Баланың сөйлеу қабілете арта түседі, сөздік қоры моаяды.

Педогогика  бала  ойынына ерекше мән беріледі.Өйткені  балалық  шақтың түйсігі  мен әсері  адамның  көңіліне өшпестей  із қалдырады.Бала ойын арқылы өзін толытқан бүгінгі  қуанышын,ренішін, асқақ арманын ,мұрат-мудесін бейнелесе, күні  ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға  мүмкіндік  алады.Ойын баланың  көңілін өсіріп,бойын сергітіп қана қоймай,оның өмір құбылыстары жайлы түсінігіне әсер етеді.Балалар ойын арқылы тез тіл табысып,жақсы қарым-қатынас барысында:

  • 1) Адамдар «с-әрекеттерінің жақсы жақтарын аңғарады,жағымды ойлауды үйренеді.
  • 2) Жанындағы адамдарды ұнатып,жақсы көре біледі,оларды қуантуға асығады.
  • 3) Бір-біріне  көмектесе біледі,жанашырлық сезімі  оянады,қамқорлық жасай біледі.
  • 4) Кешірімді  болуға,өзгені  ренжітпеуге тырысады.
  1. Педагогтар тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап беру.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *