Мен мектепке дейінгі ұйым әдіскерімін
ӘлемдікжаҺандану заманында,эврестикалық жүйедегі жаңғырулар мен ғылыми-техникалық өрлеу білім саласындағы терең ізденістер мен өзгерістерге ұшырауда.Тәжірибесіз әлсіз жобалар қашанда ұзамай тоқырауларға ұшыратады.Сондықтан білім саласында қате бағыттарды ұстану,ұрпақ болашағына балта шабумен тең.Әлемдегі озық мемлекеттер өзінің білім саласында реформа жүргізу арқылы ішкі,сыртқы саясатын тұрақтандырып,экономикалық қорын жоғарлатуда.Тәрбие мен білім ұштастыруда ғылыми әдістер қорының жаңа жүйесін тәрбиешілерге меңгерту мен сапалық деңгейін бағыттау,балабақшаның білім тәрбиедегі басымдылықтарын айқындаушы көшбасшы тұлға ол әдіскер маманболып табылады.
Әдіскер ең алдымен баланың функцианалдық дамуына жауапты тұлғаларға өкілеттілік етуші,әлеуметтік қатынасты жақсартушы маман.
Маман ретіндегі негізгі міндеттер:
— білім беруші ұйымның ғылыми базасын қорландырушы.
-Білім стандарттарындағы нормативтерді толық орындаушы.
-Ата -ана,бала тәрбиеші байланысын құрылымдаушы тұлға.
-Нақты танымдық бағыттардың бала дамуына,жас ерекшелігіне сай құрылымдауын қадағалаушы.
Балабақшамыздың ашылғаннан бастап мендегі ең алғашқы толғаныс көшбасшы ретінде педагог-тәрбиешілерге қандай бағыттарды ұстанып жұмыс істеуіміз қажет?
-деген сауал болды.Алғашқы тәрбиешілердің оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа әдістер жүйесін меңгертіп,шығармашылық тұлға болып қалыптасуын басымдылыққа алу қажеттігін түсіндім.Сондықтан әр аптаның бір күнін шығармашылық идеяларды талдап,ұсыну сағатына арнап отырдық.Нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеу бағытындағы түрлі іс-шараларда жасампаздық ойлармен туындаған тәсілдер мен әдіс қорын жинақтадық.Сонымен қатар жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып жұмыс жасау біздің басты мақсатымызға айналды.
«Ойыңды түзе,сөзіңе айналады,сөзіңді түзе мінезіңе айналады,мінезіңді түзе тағдырыңа айналады»,-деген ұлы даналарымыздың сөзі бекер айтылмаса керек.
Дәл осы ұстаным біздің ұжымда қалыптасқан.Бір-біріміз туралы ойымыз сөзіміз түзету,әдетіміз жаңашылдық,тағдырымыз ұлы педагогтар жолы болып қалыптасып кемелденетін ұжымбыз.Әр өзгеріске бейімделу,жаңа қырымнан танылу мен үшін үлкен мектептің баспалдағы болып табылады.Ұрпақтың ұлылығы қстазына тәуелді дүние.Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа технологиялар жүйесін өз балабақшамызға енгізу арқылы,ұжымдық реформамызды қалыптастырамыз.Әртамшы тамған сайын тасты да тесіп өтеді,демек тамшыдай үлесіміз мемлекетіміздің таудай өзгерісіне қосқан игі үлесіміз болып табылады.