Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану
Алтаева Сәуле Рамазанқызы
Елбасымыз «Ғасыр мақсаты – саяси-экономикалық, рухани дағдарысты жеңіп шығатып ізгіленген ХХІ ғасырдың құрушы іскері, жан-жақты қалыптастырушы ол ұстаз» деген тұжырым жасады. Ол үшін әрбір ұстазға педагогикалық шеберлік өте қажет. Жақсы ұстаз кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашыл әулеті мол тұлға. Оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін дайындау, қоғамның ең озық бөлігінің бірі болып саналады. Қазіргі кезде ұстаздың ең басты міндеті ХХІ ғасырға еркін ене алатын, дүние жүзінің барлық мәдениетін танитын, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, рухани дүниесі бай, заман талабына сай білімді және белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко пікірінше: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі– бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық — тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы — мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты, жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» — деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру — ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттеріміздің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру – ұстаз үшін және үлкен бақыт деп білемін.