Математика әлеміне саяхат
Қалаубаева Жазира Сулейменовна
Мақсаты: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, салыстыру, заттарды сандармен сәйкестендіру жайлы білімдерін бекіту.
Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: Сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Достық үйін құрайық
Математикамен дос болып
Біз көңілді болайық
Қайырлы таң көздерім- сендер ояныңдар
Қайырлы таң құлақтарым – сендер ояныңдар
Қайырлы таң саусақтарым – сендер ояныңлар
Енді балалар бәріміз көзімізді жұмып математика әлеміне саяхатқа шығайық. Ой балалар қараңдаршы математика әлеміне келдік. Мұнда түрлі сандар, геометриялық пішіндер бар екен.
Слайд
- Тапсырма: «Сиқырлы сандар»
- Суреттермен сандық өрнек құрастырып жаз
- Сандар құрамы
Сергіту сәті. Санау
4-тапсырма:Заттарды қасиетіне қарай салыстыру
Балалар төртінші тапсырманы орындамас бұрын мына сұраққа жауап беріңдерші:
- Пішіндерге нелер жатады?
- Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер т.б;
Тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін сендерге сыйлыққа «Ғажайып қалтаны» беріп жіберіпті. Ойын ойнау арқылы осы қалтаның ішінде не бар екенін анықтайық.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қалта»
Қорытынды: сұрақ-жауап тәсілі арқылы қорытындылау.