«Бауырсақ» ертегісі
Тәрбиеші: Кисменова Асия Маратқызы
Мақсаты: Әлеуметте қарым қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік дағдыларды дамыту. Интелектуалдық қабілетттерін, логикалық ойлауын және қоршаған ортанын біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру. Дәстүрден тыс сурет салуға үйретуді жалғастыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал жабдықтар: мультимедиа, әр түрлі материалдардан жасалған заттар, су бояқ, картоп, аудио жазба.
Билингвальды компонент Көктем- Весна, Наурыз- Март- March Апрель –Сәуір- April, Мамыр- Май- May, Қоян -Заяц -Rabbit, Қасқыр Волк-Wolf,Аю- Медведь- Bear, Түлкі –Лиса- Fox .
Жүру барысы:
Шаттық шеңбер:
Бір болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Арайлап атсын таңымыз
Тәрбиеші жыл мезгілін , онын айларын , ерекшеліктерін сұрайды. Балалардан қандай ертегілер білетіндерін сұрайды. Кенеттен топқа ата мен әже көмек сұрап кіріп келеді. Олар бауырсақты таба алмай жүргендерін айтып, тауып беруге көмек берулерін сұрайды. Орманға балалар бауырсақты іздеуге шығады. (Орманға көздерін жұмып елестету арқылы барады)
Тәрбиеші: Мінеки балалар біздер орманғада келдік. Біздер орманда абайлап жүруіміз қажет, себебі орман үлкен адасып қалуымыз мүмкін, жәнеде мұнда жабайы жануарлар көп жүреді.(Балалар бір бірінің қолдарын ұстап жүреді (по цепочке)
Алдарынан қоян кездеседі:
«Сендер кімсіңдер? қайдан жүрсіңдер?»- деп сұрақ қояды.
Балалар бірге жауап береді: «Біздер бауырсақты таба алмай іздеп жүрміз, сіз көрмедіңіз бе?»
Қоян: «Көрдім бірақ менің бір тапсырмамды орындасаңдар ғана айтамын».
Тапсырма: Қоян қандай жануар?(Үй жануары ма? Жабайы жануарма?) Қоянға тақпақ айтып беру.
Балалардың жауабы: Жабайы жануарсың, себебі сен орманда өмір сүріп жатырсың.
Диляра
Ақ қоян ау, ақ қоян
Ұзын құлақ сақ қоян
Қаша берсең орманға
«Қорқағым» деп ат қоям
Қоян балаларға жол сілтеп көрсетіп жібереді.
Алдарынан қасқыр шығады. Қасқыр: «Сендер кімсіңдер, қайдан жүрсіңдер?»
Балалар: «Біздер бауырсақты таба алмай, іздеп жүрміз» Сен қасқыр көрмедіңбе?
Қасқыр: «Көрдім ол ана көлдің ар жағына асып кеткен.
Балалар : «Рахмет»
Раяна:
Қасқыр жортар түнменен
Күндес болып күнменен
Қасқыр жортар сайменен
Араз болып айменен
Қасқыр жортар ойменен
«Жолықсам ;» деп қойменен.
Балалар көлдің қасына келгенде бір ұзын бір қысқа тақтайшаларды көреді.
Тәрбиеші:Балалар біз тек мына тақтайшалардың көмегі арқылы өте аламыз екен бұл көлден.
Балалар мына тақтайшалардың айырмашылығы неде? (Айырмашылығын табу «ұзын, қысқа» түстерін атау «сары, жасыл»)
Алдарынан аю шығады: Сендер кімсіңдер кайдан жүрсіңдер?
Балалар: «Біздер бауырсақты іздеп таба алмай жүрміз, сен көрмедіңбе?»
Аю: Білемін. Менің шашылып қалған құлпынайларымды жинап берсеңдер айтамын.
Балалар аюдың тапсырмасын орындайды. Үлкен себетке үлкен құлпынайларды , кіші себетке кішкентай құлпынайларды жинайды.
Айару:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп ,теріп алайық
Калтамызға салайық
Алдарынан түлкіні көреді. Түлкі бауырсақты жейін деп жатады.
Тәрбиеші. «Тоқта! түлкі сен бауырсақты жеме біз саған оданда көп бауырсақтар жасап береміз. Солай емеспе балалар?
Балалар :«Ия» Сен бір ғана бауырсаққа тоймайсын, біздер саған көп бауырсақ жасап береміз.
Дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып бауырсақтың бейнесін салу.
Тәрбиеші: Міне көрдіңбе түлкі ,балалар саған көп бауырсақ жасап берді, енді сен біздің бауырсақты жібереғой.
Ислам
Түлкі деген қу ғой
Жүрген жері шу ғой
Жатып алып жағада
Іздегені ду ғой
Түлкі бауырсақты жібереді, бауырсақ балаларға рахметін айтып ата әжесімен үйіне қарай кетеді.
( Бауырсақ( персонаж) болып топтың баласы шығады) Балалар орманнан балабақшаға оралады.
Қорытынды: Балалардан қайда барғандары жөнінде сұрап өту, қандай жануарлармен кездескендері жөнінде, оларды үш тілде қалай аталатындарын сұрау. Ата мен әжеге көмектескендері үшін балаларды мадақтау.