1-10 ға дейінгі сандарды санау және кері санау
Камиева Айман Береновна
Мақсаты: 1-10 ға дейінгі сандарды үш тілде санау және кері санау,пішіндерді ажырата білу,жыл мезгілдерін,логикалық есептер және жұмбақтар айтуға үйрету.
Дамытушылығы:Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,есте сақтау қабілеттерін арттыру,шапшаңдыққа, математика сабағына деген қызығушылықтарын таныту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,сергіту сәті,санау,ойындар.
Көрнекіліктер: Суреттер,1-10 ға дейін жазылған сандар.
Сөздік жұмыс: 1-10 ға дейін сандар -цифры-numbers.
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бізге көп апайлар қонаққа келіпті,қане амандасып алайық.Балалар үш тілде амандасады.
Шаттық шеңбер:Көңілденіп күлетін,
Бақытты боп жүретін.
Бәрін біліп алатын,
Мен ақылды баламын.
-Бүгін біздің ашық оқу- қызметіміз қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Балалар: Қыс мезгілі ? Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?Балалар: 3 ай. желтоқсан, қаңтар, ақпан.Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар?Балалар:Жеті күн.Тәрбиеші: Апта күндерін ата?Балалар:Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.
Тәрбиеші: Мен танертең балабақшаға келе жатып,хат тасушыны көрдім.Бұл хатты бізге алыстан Саяхатшы Дара беріп жіберіпті.Дара сіздермен дос болғысы келеді екен.
-Дос боламызба?
Балалар: Иа
Тәрбиеші:Саяхатшы Дарамен дос болу үшін,алдымен хатты ашып көрейік. Дара бізге көп тапсырмалар беріп жіберіпті.Бірге орындаймызба?
Балалар:Иа
1-тапсырма. 1-10 ға дейінгі сандарды үш тілде сана.
2-тапсырма. Сандарды тура және кері сана.
3-тапсырма: Сандардың көршісін тап.
Жұмбақтар: Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар. Сағат.
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. Бор.
Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Жоғары-төмен қараймыз,
Орнымызды табамыз.
Логикалық есеп:1 Ұяда 5 балапан бар еді,оның екеуін мысық жеп кетті.Ұяда барлығы неше балапан қалды.2. Қоянның неше құлағы бар?
Үлестірмелі құралмен жұмыс:Заттарды сана:Мақсаты:Балаларға көкөністердің суретін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкөністер түрлері болуға тиіс.Балаларға қойылатын талап,көкөністер санын анықтау.
Дидактикалық ойын:«Сиқырлы қапшық»Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша салыстыруға,топтастыруға үйрету. Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, пішіні,өлшемі бойынша әр түрлі ойышықтар. Балалар « Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп,пішінін анықтайды,ойыншықты алған соң атын атап,түсін айтады.Қорытынды:
Мадақтау:Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнадыма?Бүгінгі сабақта не үйрендік? 1-10 ға дейінгі сандарды санап уйрендік. Жыл мезгілдерін,апта күндерін білеміз. Саяхатшы Дара тапсырмаларды жақсы орындағандарыңыз үшін қатты қуанып,сіздермен дос болғысы келетінін айтты.
-Жарайсыңдар, балалар! Бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Сау болыңдар.