: «Үй жануарлары жылқы және есек»
Байбатырова Анар
Күні:05.11.2019ж
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Үй жануарлары жылқы және есек»
Мақсат- міндеттері:
ü Меңгерген үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, жылқы және есекпен таныстыру.
ü Жылқы мен есектің ұқсастықтарымен айырмашылығы туралы түсініп айтып беруге үйрету.
ü Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, жұмбақтар, ойындар.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:үй жануарлары туралы әңгімелесу.
Көрнекіліктер: ойынға арналған екі бірдей жануар бейнеленген суреттер, үй жануарларының қиынды суреттері, ватман.
Билингвалдық компонент:жылқы- лошадь, жылқы- horse
есек- осел, есек- dunkey.
Оқу қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті. |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Балалар , мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын. Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн, бүгін, Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, ұимылдар жасай отырып өлең жолдарын айтады. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады. Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Ол қай жануар?
Басында таяғы бар, Сегізтұяғы бар, Иегінде сақалы бар.
Мүйізі айдай иілген, Мұрынын көкке шүйірген.
Мінсең –желдей жүйткиді, Көңілің таудай өседі. Алып ұшар алысқа, «Ер қанаты» деседі.
Балалар, сендерге қандай жануарлар туралы жұмбақ жасырдым? Балаларға жылқы мен есектің суреттері көрсетіледі. Сергітусәті: Құлыншағым – құндызым, құлдырайды шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады.
Балалар, бұл жануарлар малдың ішіндегі ірі жануарларға жатады. -Екеуінің айырмашылығы бар ма? Екеуі бір-біріне түрлері жағынан ұсайды, айырмашылығы жылқының бойы ұзын, жылдам жүгіреді, етін, терісін, жүнін керекке жаратады. Ал есектің бойы аласа, жәй жүреді, оның етін, терісін керегімізге жаратуға болмайды. Екеуінде көлік ретінде қолданады. Олар көбңнесе ауылдық жерлерде көп болады. Жылқының төлін қалай атайды? Есектің төлін қалай айтады? Логикалық ойын: «Төлін тап» Ойын шарты: Үй жануарлардың төлін тауып қораптарға орналастыру. Билингвалдық компонент: жылқы- лошадь, жылқы- horse. есек- осел, есек- dunkey. -Балалар осы жануарлардың аттарын үш тілде айтып үйренейікші.
Жұмбақ жасыру 1.Кішкене ғана бойы бар Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы. 2.Кезекті бір жануар 4.Екі айнасы бар 5.Екеуі елеңдеп келеді |
Түйе
Ешкі
Сиыр
Ат
Үй жануарлары.
Балалар суреттеріне қарап отырып танысады.
Қимыл-қозғалыс арқылы орындайды
Балалар тәрбиешімен бірге орындайды.
Балалар суретке қарап жануарлардың суретін тауып орналастырады. Бірінші орталықтағы балалар түсі мен көлеміне т.б. қарай жануарлардың дене бөліктерін құрастырады.
Құлыншақ Қодық
Балалар үш тілде айтады. жылқы- лошадь, жылқы- horse. есек- осел, есек- dunkey.
-Қой
-Қой — мә — мә маңырайды
Түйе — бө — бө боздайды
-Ешкі Ешкі — бе — бе бақырады
Сиы р — мө — мө мөңірейді
— Жылқы — е — е — е кісінейді |
Рефлексивті-коррекциялаушы |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. -Осы жануарларды үш тілде қалай айтамыз? Есек қандай болады? Жылқы қандай болады? Қандай айырмашылықтарын ажырата алдық? |
Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін айтады. жылқы- лошадь, жылқы- horse. есек- осел, есек- dunkey.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Үй жануарларының тірішілік әрекеті туралы, сипаттап беруді білді;
Қандай түсініктерді игерді: Жылқы мен есекті танып, ұқсастықтарымен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтуды, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретінпайдасы туралы түсініктерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жылқы мен есектің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды меңгерді.
Күні: 04.11.16ж
1.Дене шынықтыру (Пән мұғалімінің жоспары бойынша)
2. Музыка(Пән мұғалімінің жоспары бойынша)