Табиғат-біздің досымыз

Рустемова Айгерим Джолдасбековна

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру,Шығарамашылық.

Тақырыбы: «Табиғат — біздің досымыз» 

Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы  түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс –тәсілдер: ТРИЗ әдісі, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.

Көрнекі – құралдар:  АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

                                                Қайырлы таң бақшамыз

Тәрбиеші: Жақсы балалар  орынымызға отырайық.Балалар қазір жылдың қай мезгілі.

Балалар: Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар.

Балалар: 3 ай бар. (Наурыз, сәуір, мамыр)

Тәрбиеші: Балалар өткен сабақтарды еске түсіре отырып  мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.

Бір жерінде ыстық

Бір жерінде суық

Бір жерінде күн

Бір жерінде түн

Керемет алып неткен

Балалар: Жер шары

Тәрбиеші: -Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай?

Балалар:Дөңгелек

Тәрбиеші Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекедейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші  «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс.

Тәрбиеші :Жарайсыңдар балалар!  Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?

Балалар: Табиғат.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар біз бүгін өткен сабақтарды еске түсіре отырып сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.

Ғажайып сәт

(Пошташы хат алып келеді)

Тәрбиеші: Табиғат аясындағы алма  ағашы мен гүлдерден келіп тұр екен.

Хат

Сәлеметсізбе, құрметті балалар! Біз алма ағашы мен гүлдерміз.

Біз сендерге  жазда жандарыңа сая болатын,хош иіс беретін ағаш пен гүлдер  едік.  Кәзіргі кезде біздің  қалым нашарлап бара жатыр біздерге адамдар көңіл бөліп қарамайды. Біздің айналамыз қоқысқа толып кетті,сусыз қурап бара жатырмыз.  Біз  сендерден сұрайтынымыз бізге көмек беріңдерші. Сәлеммен Алма ағашы мен гүлдер.

(Балалар хатты мұқият тыңдайды).

Тәрбиеші: -Балалар сендер, мейрімді  де  ақылды, сүйкімді  балаларсындар ауламыздағы табиғатқа көмектесемізбе?

Ендеше Табиғат аясына шықпас бұрын. Табиғат ұғымымен тереңірек танысайық.Яғни өткен сабақтарды еске түсірейік.

Тыныштық  сәті:  Табиғат   құбылыстарының   дыбыстарын   тыңдау.

 Тәрбиеші: Балалар  не  естідіңдер?

 Ненің  дыбысы  деп  ойлайсыңдар?

Балалар:Желдің  үрлегенің, жаңбырдың  жауғанын, құстардың ,

жан-жануарлардың дыбыстарын  естідік.

 

Тәрбиеші:Осы  құбылыстардың  барлығы  табиғат   құбылыстарына  жатады. Табиғат   екіге  бөлінеді. Ол  тірі табиғат   және өлі   табиғат.

Тірі  табиғатқа:  ағаш,шөп,гүл,адамдар,аңдар,құстар жатады, олар  өседі, дем алады, көбейеді,денесінде жан бар.          

Өлі  табиғатқа: су,тас, құм,ауа  жатады, олар өспейді,дем  алмайды денесінде жаны жоқ.

Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

-Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен?

Балалар:«Су»

-Дұрыс бұл су.

-Ал судың қандай пайдасы бар?

Балалар:Ішеміз, жуынамыз.

Тәрбиеші:Су- балалар өлі табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп екен.Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

Балалар  мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.

Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ?

Балалар: Ауа

— Ауа не үшін керек?

Балалар:Демалу үшін.

— Ауаның түсі қандай?

Балалар: Түсі жоқ ,көрінбейді

Тәрбиеші:— Қолмен ұстауға болама?

Балалар: Жоқ қолмен ұстауға болмайды.

Тәрбиеші:Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де  ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен.

—  Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме?

Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Ендеше балалар қазір біз тәжірибе жасап көрейік.

1-тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі.Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткіеді

2-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай көрейік.

Тәрбиеші:— Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ал қазір бір ойын ойнайық (тірі және өлі табиғаттарды топтастыру).

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Табиғат жайлы біраз ұғымдарды біліп алдық.Енді табиғат аясына шығып алма ағашы мен гүлдерімізге көмек берейік.Бізді күтіп қалған болар.(Табиғат аясын   қоқыстардан тазартып, алма ағашына, гүлдерге су құйып көмектерін береді)

Тәрбиеші: Балалар сендердің көмектерің жақсы тиген сияқты.Қараңдаршы табиғатымыз тазарып ағаш, гүлдеріміз бастарын көтеріп қуанған сияқты. Табиғатымызды одан әрі көркейту үшін табиғат жайлы тақпақтар айтып берейік.

 Жантөре:

Бұтақтарды сындырмай

Тазалықты сақтаймыз

Гүл өсіріп су құйып

Табиғатты қорғаймыз

Айару:

Бақта гүлдер тереміз

Бірге ойнаймыз күлеміз

Міне біздер қандаймыз

Табиғатты қорғаймыз

Нұрдаулет:

От та, суда, ауа да

Жан-жануар барлығы

Орман теңіз тауларда

Табиғаттың байлығы

Аружан:

Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсын егіздер

Жер –Ана , көк теңіздер

Тәрбиеші:— Міне балалар біз табиғатымызға көмектестік.

Ендеше балалар  осы табиғат аясында бойымызды сергітіп бір тынығып алайық.

Сергіту сәті.

Ендеше саяхатымызды аяқтап балабақшаға оралайық.

(Балабақшаға оралу.)

— Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Балалар: Ия.

— Балалар бізге хат жолдаған нелер еді?

Балалар: Алма ағашы мен гүлдер.

— Балалар біз табиғат аясында нені білдік?

Балалар: Табиғаттың екіге бөлінетінін

— Тірі табиғатқа нелер жатады екен?

Балалар: Аңдар,құстар,жануарлар,ағаш,гүл

шөп жатады.

-Ал өлі табиғатқа ше?

Балалар:Тас, су, ауа, құм жатады.

 -Ендеше бүгінгі саяхаттан алған әсерімізді, табиғат көрінісін қағаз бетіне түсірейік.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Балалар, біз  табиғат  туралы  айттық.   Сендерге  ұнады  ма!   Барлығың  да  бүгінгі оқу қызметіне  жақсы қатыстыңдар.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *